36-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін лауазымға сайлаудың, оның өкілеттіктерін тоқтатудың тәртібі Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңы
1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес лауазымға сайланады.
2. Сол бір адам сол бір аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі болып қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды.
3. Алып тасталды – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3-1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты әкімнің орнынан түсуін қабылдаған;
3-2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты әкімге атқаратын лауазымына сай емес деп тану түрінде тәртіптік жаза қолдануға байланысты әкімнің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдаған;
4. Сайланған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктері "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес оны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталады.
5. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктері:
1) әкім қайтыс болған, әкімді әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі, хабарсыз кеткен деп тану туралы сот шешімі не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
2) өзін ұсынған саяси партияны қайта ұйымдастыру және тарату жағдайларын қоспағанда, саяси партияға мүшелігі тоқтатылған;
3) жоғары тұрған әкім аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты депутаттарының әкімге қатысты білдірген сенімсіздік вотумын қабылдаған;
4) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;
5) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық сайлау комиссиясы жаңадан сайланған әкімді тіркеген жағдайларда;
6) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
Сайланған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өз өкілеттігі кезеңінде зейнеткерлік жасқа толуы оның өкілеттігін тоқтатуға негіз болып табылмайды.
6. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктері осы баптың 5-тармағында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған кезде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық сайлау комиссиясы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктерін тоқтатуға алып келетін негіздердің басталу фактісі көрсетілетін шешім қабылдайды және тиісті аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімді өкілеттігінен айыру фактісін назарға алатын осы баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 3-2) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) әкіміне аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыну енгізу туралы шешім қабылдайды.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы негізінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің тиісті әкімінің өкілеттігін тоқтатады.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құзыретiн, қызметiнiң ұйымдастырылуын, тәртiбiн, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы