Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 115-бап. Сараптама қорытындыларын кері қайтарып алу және сараптама жұмыстарын тоқтату Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

115-бап. Сараптама қорытындыларын кері қайтарып алу және сараптама жұмыстарын тоқтату Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

115-бап. Сараптама қорытындыларын кері қайтарып алу және сараптама жұмыстарын тоқтату Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 

      1. Мемлекеттік сараптама ұйымы немесе сараптама ұйымдары бұрын берілген сараптама қорытындысын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мынадай жағдайларда: 

      1) тапсырыс беруші кері қайтарып алынған сараптама қорытындысының тұжырымдарында көрсетілген шарттарды (талаптарды) орындамаған; 

      2) сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың актілерін, сондай-ақ мыналарды: 

      құрылыс жобасын, қала құрылысы жобасын әзірлеу немесе жобаның сараптамасын жүргізу кезеңінде жобалау құжаттамасын немесе мемлекеттік органның бастапқы материалдарды беруге негіз болған актісін әзірлеу үшін негіз болып табылған бастапқы материалдардың өзгергенін немесе күші жойылғанын; 

      құрылыс жобасын немесе қала құрылысы жобасын әзірлеу үшін негіз болып табылған бастапқы материалдардың анық еместігін (бұрмаланғанын, жалған екенін, қолдан жасалғанын және басқаларды) растайтын заңды күшіне енген сот актілерін алған; 

      3) жоба сараптамасының сапасыз жүргізілу фактілері анықталған жағдайларда кері қайтарып алады. 

      2. Жобалардың сараптамасы барысында сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген заңды күшіне енген сот актілері алынған жағдайда сараптама жұмыстары тоқтатылады және құрылыс жобасы мен қала құрылысы жобасы одан әрі қаралмай тапсырыс берушіге қайтарылуға жатады. 

      3. Сараптама қорытындысындағы техникалық қателер (арифметикалық, грамматикалық қателер, жаңсақ жазылулар, қате жазулар) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен оған толықтыру түрінде түзетіліп жазылуы мүмкін.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі. 

 Осы Кодекс Қазақстан  Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы