Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің мемлекеттік қызметті тоқтатуы үшін негіздер
Әдеп кодексінің 5-тармағының 2) тармақшасында белгіленген әдеп нормаларын бұзу мемлекеттік әкімшілік қызметшіні жұмыстан босату үшін дербес негіз болып табылмайды.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің мемлекеттік қызметті тоқтатуы үшін негіздер тізбесі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 61-бабында кӛзделген. Кӛрсетілген тізімде жиырма бір негіз бар, бірақ толық емес.Заңның 61-бабы 1-тармағының 22) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде кӛзделген ӛзге де негіздер бойынша жұмыстан шығарылуы мүмкін.
Осы норманың мазмұнынан оның бланкет болып табылатындығы, яғни басқа нормативтік құқықтық актілерге (құқықтың нақты нормасын кӛрсетпей) сілтеме жасайтындығы шығады, сондықтан мемлекеттік қызметшіні «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 61-бабы 1-тармағының 22) тармақшасына сілтеме жасай отырып ғана жұмыстан шығару мүмкін емес, ӛзге заңға сілтеме жасау қажет.
Жоғарғы Соттың азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2022 жылғы 05 мамырдағы қаулысымен М-тың жұмыстан босату туралы бұйрықты заңсыз деп тану және күшін жою, жұмысқа қайта алу туралы Құрылысбасқармасына қойған талабына қатысты іс бойынша Атырау облысының сот актілерінің күші жойылды. Іс бойынша талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарылды.
Іс бойынша Әдеп жӛніндегі кеңестің шешімінде М-ты Әдеп кодексінің 5-тармағының 2) тармақшасын бұзғаны үшін ғана тәртіптік жауаптылыққа тартуға негіздердің болуы және оған мемлекеттік әкімшілік қызметшіні атқарып отырған лауазымынан босату түрінде жаза қолдану мүмкіндігі туралы кӛрсетілгені анықталды.
Әдеп жӛніндегі кеңестің шешімі негізінде Құрылыс басқармасының 2020 жылғы 04 желтоқсандағы бұйрығымен М. «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 61-бабы 1-тармағының 22) тармақшасына және мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқында моральдық-әдептік нормаларын сақтамауына байланысты Әдеп кодексінің 5-тармағының 2) тармақшасына сілтеме жасай отырып, атқаратын қызметінен босатылды.Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар талап қоюды қанағаттандырудан бас тартуларын М-тың Әдеп кодексінің нормаларын бұзу фактісі анықталғанымен және оны жоққа шығармағанымен уәждейді.
Сот актілерінің күшін жоя отырып және талап қоюды қанағаттандыра отырып, кассациялық саты мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің мемлекеттік қызметті тоқтатуының негіздері «Мемлекеттік қызмет туралы»Заңның 61-бабында келтірілгенін, бұл ретте әдеп нормаларын, атап айтқанда Әдеп кодексінің 5-тармағының 2) тармақшасында белгіленген нормалардыбұзу әкімшілік мемлекеттік қызметшіні жұмыстан босатудың дербес негізі ретінде кӛзделмегенін негізге алды.
«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 61-бабы 1-тармағының 22) тармақшасына сілтеме Құрылыс басқармасының бұйрығын заңды деп тануға мүмкіндік бермейді, ӛйткені аталған норманың ӛзі мемлекеттік қызметті тоқтатудың нақты негіздерін кӛздемейді. М. жұмыстан шығаруға негіз болған «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның немесе Еңбек кодексінің тағы бір нормасы бұйрықта келтірілмеген
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық кеңесті, құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
34FC~1
39 рет жүктеп алынды