40-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде реквизициялау тәртібі Мемлекеттік мүлік туралы Заңы
1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде жалпы басшылықты және реквизициялауды қамтамасыз етуді азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын төтенше жағдайлардың түрі (объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық) мен сыныпталуына байланысты төтенше жағдайларды жою басшысы жүзеге асырады.
2. Реквизициялау облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының шешімдері негізінде жүзеге асырылады.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында төтенше жағдай режимін енгізу кезінде мүлікті реквизициялау осы Заңның 42 және 43-баптарында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылуы мүмкін.
3. Жергілікті атқарушы органның реквизициялау туралы шешімі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою басшысының шешімі негізінде шығарылады.
4. Шешімде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету үшін қажетті мүлік туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
5. Реквизициялау туралы шешім:
1) реквизициялауға жататын мүліктің тізбесін, мүліктің меншік иесі және оның орналасқан жері, реквизицияланатын мүлікті жинайтын орын туралы мәліметтерді, сондай-ақ реквизицияланатын мүлік туралы өзге де қажетті мәліметтерді;
2) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай аймағында реквизициялауды бақылауға және қамтамасыз етуге жауапты лауазымды тұлғалардың дербес құрамын;
3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай аймағында мүлікті алып қоюды жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды тұлғалардың дербес құрамын;
4) кемінде бір бағалаушы енгізілуге тиісті бағалау комиссиясының саны мен дербес құрамын;
5) реквизициялауды жүргізу мерзімін;
6) өтем төлеу мерзімдерін;
7) реквизициялауды жүргізуге қажетті өзге де мәліметтерді қамтуға тиіс.
6. Қажет болған жағдайда, оның ішінде реквизициялануға жататын мүліктің тізбесі, лауазымды тұлғалардың немесе бағалау комиссиясының дербес құрамы өзгерген кезде реквизициялау туралы шешімге тиісті өзгерістер енгізіледі.
7. Реквизициялау туралы шешім және оған кейіннен жасалатын барлық өзгерістер мен толықтырулар қабылданған кезден бастап екі күн мерзімнен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға, сондай-ақ онымен еркін танысу үшін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағындағы қолжетімді жерлерде орналастырылуға жатады.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Заңы.
Осы Заң мемлекеттік мүліктің құқықтық режимін, мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті және заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі акциялар мен қатысу үлестерін басқарудың құқықтық негіздерін, мемлекеттік мүлікке құқықтарға ие болудың және оларды тоқтатудың құқықтық негіздерін айқындайды және мемлекеттің мемлекеттік мүлікке меншік иесінің құқықтарын және өзге де құқықтарды иеленушінің тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы