Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 39-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде реквизициялау негіздері Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

39-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде реквизициялау негіздері Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

39-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде реквизициялау негіздері Мемлекеттік мүлік туралы Заңы 

     1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде реквизициялау жергілікті атқарушы органдар бекітетін жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жоюдың іс-қимылдар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында төтенше жағдай режимін енгізу кезінде қажетті құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін төтенше жағдай режимін енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы негізінде және соған сәйкес реквизициялауға жол беріледі. 

      3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде реквизициялауға төтенше жағдайларды жою басшысының шешімі негізінде қажетті құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде де жол беріледі. 

 

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Заңы. 

      Осы Заң мемлекеттік мүліктің құқықтық режимін, мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті және заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі акциялар мен қатысу үлестерін басқарудың құқықтық негіздерін, мемлекеттік мүлікке құқықтарға ие болудың және оларды тоқтатудың құқықтық негіздерін айқындайды және мемлекеттің мемлекеттік мүлікке меншік иесінің құқықтарын және өзге де құқықтарды иеленушінің тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз етуге бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы