Мемлекет мұқтажы үшін алынатын жер телімінің нарықтық бағасы жауапкер хабарлама алған сәтке анықталуға жататындығы назардан тыс қалған
Жауапкер О. мемлекеттік мұқтаж үшін алынатын жер телімінің бағалау құнымен келіспей, сатып алу-сату шарт жобасына қол қоюдан бас тартқанына орай, Шымкент қаласының әкімі мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер телімін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы сотқа талап арыз берген. Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 16.11.2012 ж. шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылып, жеке кәсіпкер О.-дан алаңы 0,0184 гектар жер телімі мемлекеттік мұқтажы үшін 1 545 092 теңгеге сатып алынып, мәжбүрлеп иеліктен шығарылған. Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 22.01.2013 ж. қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған. Кассациялық шағымында жауапкер О. соттардың істің мән-жайларына дұрыс баға бермегенін, жер телімінің бағасы дұрыс анықталмағанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, талапты қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім шығаруды сұраған. Талапкердің өкілі кассациялық шағымында және облыс прокуроры кассациялық наразылығында соттар мемлекет мұқтажы үшін алынуға жататын жер телімінің құнын анықтағанда сараптама жүргізілген кездегі нарықтық құн негізсіз алынғанын көрсетіп, сот актілерін өзгертуді сұраған. Кассациялық сот алқасы төмендегі негіздерге байланысты сот актілері өзгертілуге жатады деп санады. «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67- бабының 3-тармағына сәйкес, жер телімін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты иеліктен шығарылатын жер телімінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын меншік иесі немесе жер пайдаланушы жер телімін мемлекет мұқтажы үшін алуға байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарламаны алған сәтке орай осы Заңның 208-бабына сәйкес тәуелсіз бағалаушы айқындайды.
Мемлекет мұқтажы үшін алынатын жер телімінің нарықтық бағасы жауапкер хабарлама алған сәтке анықталуға жататындығы назардан тыс қалған
Іс құжаттарына қарағанда, Шымкент қаласы әкімінің 18.05.2011ж. №528 санды қаулысына сәйкес, жауапкер О.-ның Шымкент қаласы А. көшесіндегі, н/з алаңы 0,0184 га жер телімі мемлекет мұқтажы үшін алынуға тиіс болған. 20.05.2011 ж. №3927 санды хабарламамен /ескертумен/ О. оның жер телімі мемлекеттік мұқтаж үшін алынуға жататындығы жөнінде хабарландырылған. Аталған қаулының негізінде Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі «E.S» ЖШС-мен жер телімін бағалау жөнінде шарт түзілген.«E.S.» ЖШС-нің 29.09.2011ж. №668/1 санды бағалау есебіне сәйкес, жер телімінің құны 1 478 539 теңгеге бағаланған. Жауапкердің жер телімінің бағалау құнымен келіспей, жер телімін сатып алу туралы шарт жобасына қол қоюдан бас тартуына байланысты Шымкент қаласының әкімі сотқа талап арыз берген. Бірінші сатыдағы сот дауды шешу барысында жер телімінің нарықтық құнын анықтау мақсатында сот құрылыс-тауартану сараптамасын тағайындаған, соңғының 14.11.2012 ж. №4129 санды қорытындысына сәйкес зерттеу өткізілген кезеңге жер телімінің нарықтық құны 1 545 092 теңге құраған. Мемлекеттік мұқтаж үшін алынатын жер телімі үшін жауапкерге 1 545 092 теңге өндірілуге жататындығын белгілеген кезде бірінші сатыдағы сот «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңның 67-бабының талаптарын ескермеген, яғни алынатын жер телімінің нарықтық бағасы жауапкер хабарлама алған сәтке анықталуға жататындығы назардан тыс қалған. Ал құрылыс-тауартану сараптамасы жер телімінің нарықтық құнын сараптама өткізілген күнге анықтаған. Мұндай жағдайда, кассациялық сот алқасы талапкер өкілінің кассациялық шағымы мен прокурордың кассациялық наразылығының уәждерін негізді деп есептейді. Жауапкердің кассациялық шағымындағы сатып алынатын жер теліміне сатып алу-сату шартындағы 4 992 000 теңге төленуге жататындығы туралы уәжіне бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар баға берген және олардың бұл жөніндегі тұжырымы негізді. Шағымның Шымкент қаласы әкімінің 18.05.2011ж. №528 санды қаулысында жер телімдерінің меншік иелеріне басқа жер телімі берілу мүмкіндігі қарастырылғандығы туралы уәжін алқа сот актілерін бұзуға негіз болмайды деп тапты, себебі, бұл мәселені тараптар сотқа дейін шешуге тиіс болатын, екі жақ өзара келісімге келмегендіктен Шымкент қаласының әкімі сотқа аталған талап арызын берген. Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар іс үшін маңызы бар мән-жайлар шеңберін дұрыс анықтаған және дұрыс айқындаған, алайда, материалдық құқық нормаларын қолдану кезінде қателікке жол берген. Сондықтан іс бойынша шығарылған сот актілері жоғарыда көрсетілген негіздерге байланысты өзгертілуге жатады. Оңтүстік Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 16.11.2012ж. шешімі мен Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 22.01.2013ж. қаулысы өзгертілді. Мемлекет мұқтажы үшін алынатын жер телімінің құны 1 545 092 теңгеден 1 478 539 теңгеге төмендетілді. Шешім мен қаулының басқа бөліктері өзгеріссіз қалдырылды. Талапкер өкілінің кассациялық шағымы мен прокурордың кассациялық наразылығы қанағаттандырылды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Мемлекет мұқтажы үшін алынатын жер телімінің нарықтық бағасы жауапкер хабарлама алған сәтке анықталуға жататындығы назардан тыс қалған
174 рет жүктеп алынды -
Мемлекет мұқтажы үшін алынатын жер телімінің нарықтық бағасы жауапкер хабарлама алған сәтке анықталуға жататындығы назардан тыс қалған
203 рет жүктеп алынды