486-бап. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі
1. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету мұндай қамтамасыз ету кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімдеріне енгізудің шарты болып табылатын жағдайларда беріледі.
2. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету осы Кодекске сәйкес мұндай тұлғаның кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу міндеті туындаған не оның кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, төлеушімен кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша ортақ міндеті болған жағдайларда, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның мұндай кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу міндетінің орындалуын қамтамасыз етеді.
3. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлға кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тиісті тізілімін жүргізуге уәкілеттік берілген, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізіліміне енгізу туралы өтініш берілген кеден органына не осы Кодекске сәйкес айқындалатын өзге де кеден органына береді.
4. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндетінің орындалуы кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етудің осы Кодекстің 97-бабының 1-тармағында көрсетілген тәсілдерімен қамтамасыз етіледі.
5. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін мұндай тұлға осы Кодекстің 97-бабының 1-тармағында көрсетілген тәсілдердің кез келгенін таңдауға құқылы.
6. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуы осы баптың 5-тармағы ескеріле отырып, осындай қамтамасыз етуді беретін заңды тұлғаның таңдауы бойынша бірнеше тәсілмен қамтамасыз етілуі мүмкін.
7. Егер кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етудің ауыстырылатынына осы Кодекстің 12-тарауына, 142 және 353-баптарына сәйкес өндіріп алу қолданылмаса және (немесе) кеден органы осы тарауға сәйкес кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың тиесілі сомаларын төлеу туралы талап жібермесе және (немесе) кепіл нысанасына Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өндіріп алу қолданылмаса, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді берген заңды тұлға осы баптың 5-тармағын ескере отырып, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етудің бір тәсілін басқа тәсілге ауыстыруды жүзеге асыруға құқылы.
8. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуы – осы Кодексте көзделген жағдайларда кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыру кезеңі ішінде үздіксіз, ал кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша, оның ішінде ортақ міндеттің орындалуы кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндет тоқтатылғанға дейін қамтамасыз етілуге тиіс.
9. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану тәртібін, қамтамасыз етудің бір тәсілін басқаға ауыстыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
10. Егер кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді беру үшін мұндай қамтамасыз ету мөлшері белгіленген шетел валютасын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеуді жүргізу талап етілсе, мұндай қайта есептеу кепілгерлік шарты немесе мүлік кепілі туралы шарт немесе сақтандыру шарты жасалған күнге (мұндай шарттарға өзгерістер енгізілген кезде – кепілгерлік шартына немесе мүлік кепілі туралы шартқа немесе сақтандыру шартына өзгерістер енгізу туралы шарт жасалған күнге) қолданыста болатын валюта бағамы бойынша, ал кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету берілген кезде өзге тәсілдермен:
1) тиісті тізілімге енгізу мақсатында кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету берілген кезде – кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаға жіберілетін, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізіліміне енгізудің өзге де шарттарын сақтау туралы хабарлама кеден органында тіркелген күнге;
2) заңды тұлғаны кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізіліміне енгізу шартын сақтау мақсатында кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның қамтамасыз етудің бір тәсілін басқасына ауыстыру туралы өтінішін кеден органы тіркеген күнге не кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етудің басқасы берілген кезде жүргізіледі.
11. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді қайтару мұндай тұлғаның кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндеті болмаған кезде мынадай:
1) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізіліміне енгізуден бас тартылған;
2) осы баптың 7-тармағына сәйкес қамтамасыз етудің бір тәсілін басқасына ауыстырылғану;
3) заңды тұлға кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімінен алып тасталған жағдайларда жүзеге асырылады.
12. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде пайдаланылған ақшаны есепке жатқызуды (қайтаруды) мұндай қамтамасыз ету берілген кеден органы осы Кодекстің 113 және 114-баптарына сәйкес жүзеге асырады.
13. Заңды тұлға бір мезгілде кеден өкілі, кедендік тасымалдаушы және (немесе) электрондық сауда операторы ретінде қызметті жүзеге асырған (қызметті жүзеге асыруға үміткер болған), сондай-ақ бір мезгілде уәкілетті экономикалық оператор болған (уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізуге үміткер болған) жағдайларда, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету және (немесе) уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету заңды тұлға:
1) кеден өкілдерінің тізілімі мен кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне;
"1-1) кеден өкілдерінің тізіліміне және электрондық сауда операторларының тізіліміне;
1-2) кедендік тасымалдаушылар тізіліміне және электрондық сауда операторларының тізіліміне;
1-3) кеден өкілдерінің тізіліміне, кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне және электрондық сауда операторларының тізіліміне;
2) кеден өкілдерінің тізілімі мен уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне;
3) кедендік тасымалдаушылардың тізілімі мен уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне;
3-1) электрондық сауда операторларының тізіліміне және уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне;
4) тармақшадағы "тізіліміне енгізілген кезде осы Кодекстің 489-бабының 2) тармақшасына, 496-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 535-бабының 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 19-тармақтарына сәйкес айқындалған қамтамасыз етулердің бірінің ең жоғары сомасы мөлшерінде беріледі." деген сөздер "тізіліміне;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
"5) кеден өкілдерінің тізіліміне, электрондық сауда операторларының тізіліміне және уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне;
6) кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне, электрондық сауда операторларының тізіліміне және уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне;
7) кеден өкілдерінің тізіліміне, кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне, электрондық сауда операторларының тізіліміне және уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген кезде осы Кодекстің 489-бабының 2) тармақшасына, 496-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 528-2-бабының 2-тармағына және 535-бабының 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 19-тармақтарына сәйкес айқындалған қамтамасыз етулердің бірінің ең жоғары сомасы мөлшерінде беріледі.
14. Осы баптың 13-тармағына сәйкес берілген, кеден өкілі , кедендік тасымалдаушы және (немесе) электрондық сауда операторы ретінде қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету осы баптың 2-тармағына және осы Кодекстің 535-бабының 2-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етеді.
15. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті орындамаған жағдайда, кеден органы екінші деңгейдегі банкке және (немесе) кепілгерге және (немесе) сақтандыру ұйымына кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың тиесілі сомаларын төлеу туралы талапты банк кепілдігінде және (немесе) кепілгерлік шартында және (немесе) сақтандыру шартында көзделген, кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпинге қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті орындау мерзімдері аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жібереді. Бұл ретте кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті орындау мерзімдері аяқталған күннен кейінгі күннен бастап өсімпұл есепке жазылады.
Кеден органының кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың тиесілі сомаларын төлеу жөніндегі талабын:
мұндай талапты алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде – екінші деңгейдегі банктің;
мұндай талапты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде – кепілгердің;
мұндай талапты алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде сақтандыру ұйымының бұлжытпай және міндетті орындауына жатады.
Екінші деңгейдегі банк, сақтандыру ұйымы көрсетілген талапты орындамаған немесе орындау мерзімдерін бұзған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Кепілгер кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдырғаны немесе бөліп төлегені үшін мұндай пайыздар есепке жазылған жағдайда, өсімпұлдар, пайыздар төлеуді қоса алғанда, төлеуші сияқты көлемде кеден органы алдында жауапты болады.
Кепіл нысанасына өндіріп алуды қолдану Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 2 шiлдедегi № 333-VIII ҚРЗ
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау