96-бап. Бейрезидент-заңды тұлғаны тіркеу есебінен шығару ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Салық органдары бейрезидент-заңды тұлғаны тіркеу есебінен салықтық өтініші бойынша мынадай:
1) бейрезидент тұрақты мекеме арқылы қызметін тоқтатқан;
2) егер мұндай бейрезиденттің Қазақстан Республикасында өзге салық салу объектісі болмаған жағдайда бейрезиденттің мүлкіне, акцияларына және (немесе) қатысу үлесіне құқықтары тоқтатылған;
3) бейрезиденттің қызметі осындай бейрезиденттің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын Қазақстан Республикасындағы тәуелді агенті арқылы тоқтатылған;
4) дипломатиялық өкілдіктің қызметі тоқтатылған;
5) бейрезиденттің резидент-банктерде ағымдағы шоты болмау шартымен резидент-банкте ағымдағы шот ашу мақсатында салық төлеуші ретінде тіркелген осындай бейрезидент-заңды тұлғаның шоты жабылған, сондай-ақ резидент-банктің хабарламасын алған күннен бастап алты ай ішінде ағымдағы шот ашылғаны туралы мәліметтер болмаған жағдайларда шығарады.
2. Салық органы мыналарды:
1) сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның осындай тұлғалардың қызметін тоқтату туралы мәліметтерінің негізінде – дипломатиялық өкілдікті;
2) тәуелді агенттің салықтық өтінішінің негізінде – осы Кодекстің 226-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қызметін бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекемесі ретінде қаралатын тәуелді агент арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаны;
3) резидент-банктің бейрезиденттің ағымдағы шотын жабу туралы жіберген хабарламасының негізінде – резидент-банкте ағымдағы шоты бар бейрезидент-заңды тұлғаны қоспағанда, салықтық өтінішінің негізінде бейрезидент-заңды тұлғаны тіркеу есебінен шығарады.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
96-бап. Камералдық бақылау нәтижелерi Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда:
тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы және олардың тәуекел дәрежесі қоса беріле отырып, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама ресімделеді.
Бұл ретте тауарларды өткізу, жұмыстар мен қызметтер көрсету бойынша нақты айналым жасауды белгілеу мақсатында электрондық нысанда шот-фактуралар жазып берілгеннен кейін жүргізілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар болып табылады;
тәуекел дәрежесі орташа бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы және олардың тәуекел дәрежесі қоса беріле отырып, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама;
тәуекел дәрежесі төмен бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы және олардың тәуекел дәрежесі қоса беріле отырып, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабархат ресімделеді.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабархат салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық есептілікте бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мәлімет үшін жіберіледі.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабархаттың нысанын уәкілетті орган белгілейді.
2. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды салық төлеуші (салық агенті) ол тапсырылған (алынған) күннен кейiнгi күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Мыналар:
1) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда – салық төлеушінің (салық агентінің) анықталған бұзушылықтарды:
салық органдарында тіркеу есебіне қою;
анықталған бұзушылықтар жататын салықтық кезең үшін хабарлама бойынша салықтық есептілікті ұсыну;
салық төлеушінің қосылған құн салығын қайтару туралы талабы бойынша бұрын бюджеттен қайтарылған қосылған құн салығының сомасын бюджетке төлеу, сондай-ақ салық төлеушіге осындай сомалар аударылған күннен бастап әрбір күн үшін осы Кодекстің 104-бабының 4-тармағында көрсетілген мөлшерде өсімпұл төлеу;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық нысанда жазып берілген шот-фактураларды кері қайтарып алу, түзету немесе толықтыру арқылы жоюы;
2) хабарламада көрсетілген тәуекел дәрежесі орташа бұзушылықтармен келіспеген жағдайда – салық төлеушінің (салық агентінің) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органына бұзушылықтардың жоқтығы туралы түсінікті қағаз немесе электрондық жеткізгіште ұсынуы;
3) хабарламада көрсетілген тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтармен келіспеген жағдайда – салық төлеушінің (салық агентінің) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органына хабарламада көрсетілген операцияларды (мәмілелерді) жүзеге асыру жөніндегі құжаттармен расталған мән-жайларды көрсете отырып, түсінікті қағаз немесе электрондық жеткізгіште ұсынуы салық төлеушінің (салық агентінің) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауы болып танылады.
2-1. Осы баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген түсініктерде:
салық төлеушінің (салық агентінің) түсінікке қол қойған күні;
түсінікті ұсынған тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (тұрған жері);
салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі;
камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органының атауы;
түсінік ұсынылатын хабарламаның нөмірі мен күні;
осы баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген түсінікті ұсынған кезде адамның келіспеу мән-жайлары бұзушылықтарда көрсетілген операцияларды (мәмілелерді) жүзеге асыру фактісін растайтын құжаттардың көшірмелерін міндетті түрде қоса бере отырып көрсетілуге тиіс.
Осы баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген түсінікті ұсынған кезде салық төлеуші (салық агенті) салық және (немесе) бухгалтерлік есепке алулар (есепке алу) тіркелімдерінен үзінді көшірмелерді және (немесе) растайтын құжаттарды ұсынуға және (немесе) келіспеу мән-жайларын көрсетуге құқылы.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау шеңберінде хабарламада сипатталған бұзушылықтарға жатпайтын құжаттарды талап етіп алдыруға жол берілмейді.
3. Салық төлеуші осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген түсінікті камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған мынадай:
1) мыналар:
жазып берілуі бойынша әрекетті (әрекеттерді) заңды күшіне енген сот актісімен немесе қылмыстық қудалау органының сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ақталмайтын негіздер бойынша тоқтату туралы қаулысымен жеке кәсіпкерлік субъектісі іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасаған (жасалған) деп танылған шот-фактураның және (немесе) өзге құжаттың негізінде;
заңды күшіне енген сот шешімің негізінде жарамсыз деп танылған мәмілелер бойынша сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шығыстарды шегерімге жатқызу және қосылған құн салығын есепке жатқызу кезіндегі;
2) заңды күшіне енген сот шешімінде белгіленген, басшысының және (немесе) құрылтайшысының (қатысушысының) мұндай заңды тұлғаны тіркеуге (қайта тіркеуге) және (немесе) оның қаржылық-шаруашылық қызметін жүзеге асыруға қатысы жоқ салық төлеушімен іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасалған операциялар бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шығыстарды шегерімге жатқызу кезіндегі;
3) мыналар:
заңды күшіне енген сот шешімі негізінде тіркелуі жарамсыз деп танылған заңды тұлғалармен және (немесе) дара кәсіпкерлермен жасалған мәмілелер (операциялар) бойынша;
заңды күшіне енген сот шешімі негізінде қайта тіркелуі жарамсыз деп танылған заңды тұлғалармен жасалған мәмілелер (операциялар) бойынша сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызу кезіндегі бұзушылықтар бойынша ұсынуға құқылы емес.
4. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама, егер салық төлеуші (салық агенті) оны осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындамаса, орындалмады деп танылады.
Бұл ретте салық органы мұндай жағдайлар бойынша шешім шығармайды.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны салық органы мынадай:
осы баптың 2-1-тармағының талаптары бұзылған;
түсінікте көрсетілген мән-жайлармен келіспеген жағдайларда, осы баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген түсінік ұсынылғанда орындалмады деп таниды.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмады деп танылған кезде камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешім шығарылады.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешім салық төлеушіге (салық агентіне) мынадай тәсілдердің бірімен:
1) хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы – салық төлеуші (салық агенті) пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасында белгі қойған күннен бастап жіберіледі. Бұл ретте мұндай шешімді пошта немесе өзге байланыс ұйымы пошта немесе өзге байланыс ұйымының қабылдағаны туралы белгі қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жеткізуге тиіс;
2) электрондық тәсілмен:
салық органы шешімді веб-қосымшаға жеткізген күннен бастап жіберіледі.
Бұл әдіс Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес салық органдарымен электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасайтын салық төлеушіге қолданылады;
шешім пайдаланушының "электрондық үкімет" веб-порталындағы жеке кабинетіне жеткізілген күннен бастап жіберіледі.
Бұл әдіс "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген салық төлеушіге қолданылады;
3) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы – оны өзі келу тәртібімен алған күннен бастап жіберіледі.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешім шығару нысаны мен мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді.
4-1. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген шешім табыс етілген (алынған) күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушінің (салық агентінің) оған жоғары тұрған салық органына және (немесе) уәкілетті органға немесе сотқа шағым жасауы жүргізіледі.
Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) шағымның көшірмесін осы баптың 4-тармағында көрсетілген шешімді жіберген салық органына жіберуге тиіс.
4-2. Осы баптың 4-1-тармағында белгіленген мерзім дәлелді себеппен өткізіп алынған жағдайда, шағымды қарайтын салық органы және (немесе) уәкілетті орган бұл мерзімді шағым беретін салық төлеушінің (салық агентінің) өтінішхаты бойынша қалпына келтіреді.
Шағымды қарайтын салық органы шағым берудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіру мақсатында осы баптың 4-тармағында көрсетілген шешім жіберілген жеке тұлғаның, сондай-ақ салық төлеуші (салық агенті) басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған кезде) еңбекке уақытша қабілетсіздігін дәлелді себеп ретінде таниды.
Осы тармақтың ережелері осы баптың 4-тармағында көрсетілген шешім жіберілген жеке тұлғаларға, сондай-ақ ұйымдық құрылымы жоғарыда көрсетілген адамдар болмаған уақытта оларды алмастыратын адамдардың болуын көздемейтін салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қолданылады.
Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) шағым берудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхатқа осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген адамдардың еңбекке уақытша қабілетсіздігін растайтын құжатты және осындай салық төлеушінің (салық агентінің) ұйымдық құрылымын белгілейтін құжатты қоса беруге тиіс.
Салық төлеуші (салық агенті) шағым мен өтінішхатты осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген адамдардың еңбекке уақытша қабілетсіздік кезеңі аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берген жағдайда, шағымды қарайтын салық органы және (немесе) уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағым берудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхатын қанағаттандырады.
4-3. Алып тасталды – ҚР 12.12.2023 № 45-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға жоғары тұрған салық органына және (немесе) уәкілетті органға немесе сотқа шағым берілген кезде камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімінің өтуі:
1) жоғары тұрған салық органы және (немесе) уәкілетті орган шағымды қабылдаған күннен бастап – жоғары тұрған салық органының және (немесе) уәкілетті органның жазбаша шешімі шығарылғанға дейін;
2) сот шағымды (өтінішті) іс жүргізуге қабылдаған күннен бастап – сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.
Бұл ретте, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған, осы баптың 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберу бойынша салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) сотқа шағым берілген жағдайларда, салық төлеуші заңды күшіне енген сот шешімі негізінде тіркелуі (қайта тіркелуі) жарамсыз деп танылған заңды тұлғадан және (немесе) дара кәсіпкерден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді іс жүзінде алғанын дәлелдеуге құқылы.
6. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде орындалмауы осы Кодекстің 118-бабына сәйкес салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға алып келеді.
6-1. Тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау және (немесе) орындалмады деп тану осы Кодекстің 120-1-бабына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін шектеуге алып келеді.
7. Осы Кодекстің 59-бабының 6-тармағына және 66-бабының 7-тармағына сәйкес жүргізілетін камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қорытынды жасайды.
Бұл ретте осы тармақта көрсетілген қорытындыны жасау күні камералдық бақылаудың аяқталған күні болып табылады.
Қазақстан Республикасының Кодексі 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ.
Осы Кодекс салық салудың негіз құраушы қағидаттарын белгілейді, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу, өзгерту, олардың күшін жою, есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ салықтық міндеттемені орындауға байланысты қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы