78-бап. Бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін ашпай тұрақты мекеменің Қазақстан Республикасында тиімді басқару орнының (нақты басқару органының тұрған жерінің) болуына байланысты құқықтар мен міндеттерді беруі кезінде салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Осы баптың мақсаттары үшін:
бейрезиденттің тұрақты мекемесі деп бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін ашпай құрылған тұрақты мекеме түсініледі;
бейрезидент-заңды тұлға деп қызметін құрылымдық бөлімше ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға түсініледі;
шетелдік резидент-заңды тұлға деп шет мемлекеттің заңнамасы бойынша құрылған, тиімді басқару орны (нақты басқару органының тұрған жері) Қазақстан Республикасында орналасқан және бейрезидент тұрақты мекеменің құқықтары мен міндеттері ауысатын заңды тұлға түсініледі.
2. Бейрезидент-заңды тұлға тиімді басқару орнын (нақты басқару органының тұрған жерін) шет мемлекеттен Қазақстан Республикасына ауыстыру туралы шешім қабылдаған жағдайда, мұндай тұлғаның тұрақты мекемесі өзінің құқықтары мен міндеттерін беру актісіне сәйкес көрсетілген бейрезидент-заңды тұлғаға беруге міндетті.
Бұл ретте бейрезидент-заңды тұлға осындай тұлға тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш берген күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде бейрезиденттің тұрақты мекемесі тұрған жеріндегі салық органына осындай тұрақты мекеменің шетелдік резидент-заңды тұлғаға құқықтары мен міндеттерін бергені туралы хабарлауға міндетті.
3. Бейрезидент-заңды тұлға салық төлеуші шетелдік резидент-заңды тұлға ретінде тіркеу есебіне қойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде бейрезидент тұрақты мекеме салық органына:
1) тұрақты мекеме арқылы қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішті;
2) таратудың салық есептілігін;
3) беру актісін ұсынуға міндетті.
4. Құқықтары мен міндеттерін шетелдік резидент-заңды тұлғаға беретін бейрезидент-тұрақты мекеменің салықтық міндеттемесін орындау шетелдік резидент заңды тұлғаға жүктеледі.
5. Бейрезиденттің тұрақты мекемесінің құқықтары мен міндеттерін шетелдік резидент-заңды тұлғаға беруі құқық мирасқорының салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша салықтық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуге негіз болып табылмайды.
6. Бейрезиденттің тұрақты мекемесінің салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және өсімпұлдардың, айыппұлдардың артық (қате) төлеген сомалары, сондай-ақ кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтар мен өсімпұлдардың артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомалары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттар ескеріле отырып, осындай тұрақты мекеменің берешегін өтеу есебіне есепке жатқызуға, ал қалған бөлігі шетелдік резидент-заңды тұлғаға қайтарылуға жатады.
7. Мұндай тұрақты мекемені бейрезиденттің тіркеу есебінен шығару тұрақты мекеме арқылы құрылымдық бөлімше ашпай қызметін тоқтату деп танылады.
Салық органы осы баптың 3-тармағында көрсетілген бейрезиденттің тұрақты мекемесінің құжаттарын алғаннан кейін жеке шоты бойынша сальдоны шетелдік резидент-заңды тұлғаның тұрған жеріндегі салық органына береді.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
78-бап. Салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан алып тастау Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Салық органдары салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтері негізінде немесе салықтық өтініш бойынша мынадай себептермен:
1) жеке тұлғаның қайтыс болуы немесе қайтыс болды деп жариялануы;
2) орындалмаған салықтық міндеттемелер не Қазақстан Республикасының аумағында салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер болмаған жағдайда, жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуі және азаматтығын тоқтатуы;
3) алып тасталды – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
4) заңды тұлғалардың, олардың құрылымдық бөлімшелерінің Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталуы немесе заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің есептік тіркеуден шығарылуы;
5) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тиімді басқару орнының (нақты басқару органының орналасқан жерінің) өзгеруі;
6) бейрезиденттің тұрақты мекеме арқылы қызметін тоқтатуы;
7) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында қызметін тоқтатуы;
8) егер осы Кодекстің 75-бабы 2-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында аталған бейрезиденттің Қазақстан Республикасында өзге салық салу объектісі болмаған жағдайда, мұндай бейрезиденттің мүлікке, акцияларға және (немесе) қатысу үлестеріне құқықтарының тоқтатылуы;
9) Қазақстан Республикасында аккредиттелген, шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiгі, шет мемлекеттің консулдық мекемесі қызметінің тоқтатылуы;
10) осы Кодекстің 220-бабының 3-тармағына сәйкес бейрезиденттiң тұрақты мекемесi ретінде қаралатын Қазақстан Республикасындағы тәуелді агент арқылы осы бейрезидент қызметінің тоқтатылуы;
11) резидент-банкте ағымдағы шотты ашу мақсатында салық төлеуші ретінде тіркелген бейрезидент-заңды тұлғаға, банк хабарламасы алынған күннен бастап алты ай ішінде осындай бейрезиденттің резидент-банктерде ағымдағы шоттары болмаған, сондай-ақ ағымдағы шоттарды ашуы туралы мәліметтер болмаған жағдайда, жабылуы бойынша алып тастайды.
2. Салық органы осы Кодекстің 75-бабы 2-тармағының 3) – 11) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларды салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан алып тастау мақсатында тіркеуші органға:
1) Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаны – тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш негізінде;
2) осы Кодекстің 650-бабына сәйкес мүлікті, акцияларды, бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алатын (өткізетін), табыс салығын есептейтін салық агенті болып табылатын бейрезидент-заңды тұлғаны – тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш негізінде;
3) алып тасталды – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
4) Қазақстан Республикасында аккредиттелген, шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiгін, шет мемлекеттің консулдық мекемесін – сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның Қазақстан Республикасында аккредиттелген, шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігінің, шет мемлекеттің консулдық мекемесінің қызметін тоқтатуы туралы мәліметтері негізінде;
5) осы Кодекстің 75-бабы 2-тармағының 8) тармақшасында аталған бейрезидент-заңды тұлғаны – тәуелді агенттің тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініші негізінде;
6) резидент-банкте ағымдағы шоты бар бейрезидент-заңды тұлғаны – бейрезиденттің ағымдағы шотының жабылуы туралы банк хабарламасы негізінде тіркеу есебінен шығару туралы электрондық хабарлама жібереді.
3. Салық органдары осы баптың 2-тармағында көрсетілген бейрезиденттер туралы мәліметтер көрсетілген электрондық хабарламаны тіркеуші органға тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш, банк хабарламасы алынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынады.
4. Салық органы салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан алып тастауды салық төлеушінің орындалмаған салықтық міндеттемелері болмаған жағдайда сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәліметтерінің негізінде жүргізеді.
Ескерту. 78-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы