844-бап. Қаулымен қолданылған әкiмшiлiк жазаның жасалған құқық бұзушылық сипатына, кiнәлiнiң жеке басына немесе заңды тұлғаның мүлiктiк қаржы жағдайына сәйкес келмеуi Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Қаулымен қолданылған әкiмшiлiк жазаның тым қатаңдығы салдарынан оны әдiл емес, жасалған құқық бұзушылық сипатына, кiнәлi адамның жеке басына немесе заңды тұлғаның мүлiктiк жағдайына сәйкес келмейдi деп танып, судья әкiмшiлiк жаза қолданудың жалпы қағидаларын басшылыққа ала отырып, жазаны жеңілдетеді.
2. Судья кiнәлi тұлғаға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда айқындалғаннан неғұрлым қатаң жаза қолдануы мүмкiн, бiрақ оны шағым берілген немесе прокурордың апелляциялық өтінішхаты келтірілген жағдайда ғана қолданады.
Ескерту. 844-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы