95-бап. Бейрезидент-заңды тұлғаны тіркеу есебіне қою және тіркеу мәліметтерін өзгерту ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компанияларды қоспағанда, бейрезидент-заңды тұлғаны тіркеу есебін салық органы бейрезидент-заңды тұлғаның салықтық өтініші, уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың немесе резидент-банктердің мәліметтері негізінде жүргізеді.
2. Салықтық өтініш негізінде тіркеу есебіне қою жөніндегі міндет мынадай бейрезидент-заңды тұлғаларда:
1) қызметін құрылымдық бөлімше ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғада – Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыруды бастаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде;
2) тиімді басқару орны (нақты басқару органының тұрған жері) Қазақстан Республикасында орналасқан бейрезидент-заңды тұлғада – Қазақстан Республикасын тиімді басқару орны (нақты басқару органының тұрған жері) деп тану туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде;
3) төлем көзінен табыс салығын бюджетке есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндет пен жауаптылық жүктелетін, салық агенті болып табылатын және Қазақстан Республикасында мүлік сатып алатын (өткізетін) бейрезидент-заңды тұлғада – мүлік сатып алынғанға (өткізілгенге) дейін;
4) бейрезидент осындай мақсаттар үшін жалдаған жұмыскерлер немесе басқа персонал арқылы жүзеге асырылатын қызметті қоспағанда, бір жоба немесе байланысты жобалар шеңберінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап кез келген қатарынан он екі айлық кезең шегінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күннен астам кезеңде қызметі осы Кодекске сәйкес бейрезиденттің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын сақтандыру ұйымында (сақтандыру брокерінде) немесе тәуелді агентте – осы Кодекстің 231-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалған қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде;
5) қызметі тұрақты мекеме құруға алып келетін резидентпен жасалған бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы бейрезидент-заңды тұлғада – осы Кодекстің 231-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалған қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде;
6) резидент-банктерде ағымдағы шот ашатын бейрезидент-заңды тұлғада – резидент-банктерде ағымдағы шот ашылғанға дейін;
7) төлем көзінен табыс салығын бюджетке есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік жүктелген кірісті төлейтін немесе салық агенті болып табылмайтын тұлғадан осы баптың 1-тармағында көрсетілген құн өсімі түрінде кіріс алатын және осы Кодекстің 687-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерін сатып алатын салық агенті болып табылатын бейрезидент-заңды тұлғада – осы Кодекстің 687-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акциялар, қатысу үлестері сатып алынғанға дейін;
8) осы Кодекстің 681-бабының 9) тармақшасында белгіленген шарттар орындалмаған жағдайда – бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алатын бейрезидент-заңды тұлғада;
9) дипломатиялық өкілдікте туындайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көзделген жағдайда, тіркеу есебі Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзыреті шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың осы Кодекстің 687-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерін бейрезидент-заңды тұлғаның сатып алғаны туралы мәліметтері негізінде жүргізіледі.
Резидент-банкте ағымдағы шот ашу мақсатындағы тіркеу есебін қоспағанда, бейрезидент-заңды тұлғаның тіркеу есебі кезінде салық органы тіркеу куәлігін береді.
3. Өзгерістер және (немесе) толықтырулар бейрезидент-заңды тұлғаның:
1) мыналардың:
нөмірлер тізілімі мәліметтерінің;
тиімді басқару орны (нақты басқару органының тұрған жері) Қазақстан Республикасында орналасқан, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініштің негізінде – бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің;
2) осындай заңды тұлғаны тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініштің негізінде – Қазақстан Республикасында құрылымдық бөлімше ашпай тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның тіркеу мәліметтеріне енгізіледі;
3) мыналардың:
осындай заңды тұлғаны тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініштің;
Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бейрезидент-заңды тұлғаның осы Кодекстің 687-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерін сатып алғаны туралы мәліметтерінің негізінде – осы Кодекстің 687-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие тұлғаның орналасқан жері өзгерген кезде төлем көзінен табыс салығын есептеу, ұстап қалу және бюджетке аудару жөніндегі міндет пен жауаптылық жүктелетін салық агенті болып табылатын бейрезидент-заңды тұлғаның;
4) осындай резидент туралы нөмірлер тізілімінің мәліметтері негізінде – бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алатын бейрезидент-заңды тұлғаның;
5) осындай тұлғалардың салықтық өтініші негізінде – дипломатиялық өкілдіктің;
6) қызметін тәуелді агент арқылы жүзеге асыратын осындай бейрезидент-заңды тұлғаның немесе тәуелді агенттің салықтық өтінішінің негізінде – қызметін осы Кодекстің 226-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекемесі ретінде қаралатын тәуелді агент арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның;
7) резидент-банктің хабарламасының негізінде – резидент-банкте ағымдағы шоты бар бейрезидент-заңды тұлғаның тіркеу мәліметтеріне енгізіледі.
4. Бейрезидент-заңды тұлға тіркеу есебіне қою немесе осындай есептен шығару мақсатында салық органына салықтық өтініш ұсынған кезде салықтық тіркеуді жүзеге асыру тәртібінде көзделген құжаттарды бір мезгілде ұсынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мақсаттарда ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін нотариат куәландырған болуға тиіс.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
95-бап. Камералдық бақылауды жүргізу тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Камералдық бақылау салық органдарында бар мынадай деректерді:
1) салықтық есептілікті;
2) өзге де мемлекеттік органдардың салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерін;
3) салық төлеушінің қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді;
4) осы Кодексте белгіленген өзге де есептілікті салыстыру арқылы жүргізіледі.
2. Камералдық бақылау шот-фактуралар электрондық нысанда жазып берілгеннен кейін және (немесе) осы Кодексте белгіленген осындай кезең үшін салықтық есептілікті ұсыну мерзімі өткеннен кейін тиісті салықтық кезең үшін жүргізіледі.
3. Камералдық бақылау осы Кодекстің 48-бабында белгіленген ережелер ескеріле отырып, талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 95-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы