889-бап. Әкiмшiлiк жазаны орындаудан босату Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы ресімдеген орган:
1) әкiмшiлiк жауаптылықты белгiлейтiн заңның немесе оның жекелеген ережелерiнiң күшi жойылған;
2) осы Кодекстің 8-бабының екінші бөлігінде көзделген;
3) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адам қайтыс болған немесе заңда белгiленген тәртiппен ол қайтыс болған деп жарияланған;
4) осы Кодекстің 890-бабында белгіленген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы орындаудың ескіру мерзімі өткен;
5) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде көзделген жағдайларда қаулының, нұсқаманың орындалуын тоқтатады және әкiмшiлiк жазадан босатады.
Ескерту. 889-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы