150-бап. Жұбайды екінші жұбайды күтіп-бағу жөніндегі міндеттен босату немесе бұл міндеттің мерзімін шектеу Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі
1. Сот жұбайдың көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз екінші жұбайды күтіп-бағу міндетінен босатуы немесе некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңде де, неке бұзылғаннан кейін де бұл міндетті белгілі бір мерзімге:
1) егер көмекке мұқтаж жұбайының еңбекке қабілетсіздігі құмар ойындарға, бәс тігуге, спирттік ішімдіктерге, есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге салынуы салдарынан немесе оның қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасауы салдарынан басталған;
2) ерлі-зайыптылар некеде (ерлі-зайыптылықта) ұзақ тұрмаған (бес жылға дейін);
3) алимент төлеуді талап ететін жұбай отбасында лайықсыз мінез-құлық көрсеткен жағдайларда шектеуі мүмкін.
2. Бұрынғы жұбайын күтіп-бағу жөніндегі міндет мынадай жағдайларда:
1) күтіп-бағуға құқығы бар жұбай жаңа некеге отырса (ерлі-зайыпты болса);
2) осы Кодекстің 148-бабында көзделген мән-жайлар жойылса, сот шешімімен тоқтатылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы