Несие беру жөніндегі жалған құжаттар дайындап ірі мөлшерде заңсыз несиелер бергені үшін сотталған банк қызметкерлерінің банк басшысының рұқсатынсыз несиелер беру мүмкіндігі бар-жоғын сот тексермей банк филиалының директорын қылмыстық жауапкершіліктен негізсіз босатқан.
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының 27 желтоқсан 2012 жылғы үкімімен П., бұрын сотталмаған, ҚК-нің 177-бабының 3-бөлігінің «б» тармағымен, 220-бабының 1-бөлігімен кінәлі емес деп танылып, іс әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталған. С., бұрын сотталмаған, ҚК-нің 177-бабының 3-бөлігінің «б» тармағымен кінәлі деп танылып, 3 жыл бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 63-бабын қолдану арқылы 3 жыл сынақ мерзімі белгіленіп, шартты түрде сотталған; Жәбірленуші «Казкоммерцбанк» АҚ-ның сотталған С.-ға қатысты азаматтық талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылған. Алдын-ала тергеу органы П.-ны «Казкоммерцбанк» АҚ-ның Шымкент филиалының директоры болып қызмет істеп жүріп, қызмет бабын пайдаланып, адамдар тобы болып жалған құжаттарды пайдалану арқылы бірнеше рет алаяқтық жасап, заңсыз несиелер беруге ықпал еткен деп айыпталған. Сот үкімімен Ш., И., Ж., Н., Т., А. «Казкоммерцбанк» АҚ Шымкент филиалына 2007 жылы қаржылық жағдай туралы жалған мәліметтер дайындап, кұжаттарға сәйкес келмейтін жылжымайтын мүліктерін кепілдікке қойып, банктен заңсыз несие алып, бөтеннің ірі мөлшердегі мүліктерін сенімге қиянат жасау арқылы ұрлап, алаяқтық жасағандары үшін кінәлі деп танылған. Банк филиалының директоры П. іс әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталған. Оңтүстік Қазақстан облыстық соты апелляциялық сот алқасының қаулысымен С. мен П.-ға қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылған. Кассациялық сот алқасы С. мен П.-ға қатысты үкім және апелляциялық сот алқасының қаулысын өзгеріссіз қалдырған.
Жәбірленуші «Казкоммерцбанк» АҚ өкілі А. өтінішінде сот актілерімен келіспей, П.-ны ақтау туралы үкімді бұзып, С.-ға қатысты талап арызды толығымен қанағаттандыруды сұраған. Прокурор наразылығында П. жөніндегі сот актілерін бұзып, қылмыстық істі Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сот алқасына басқа құрамда қайта қарау үшін жолдауды сұраған. «Казкоммерцбанк» АҚ өкілінің, прокурордың өтініш пен наразылықты қолдаған пікірлерін, қорғаушылардың сот актілерін өзгеріссіз қалдыру туралы уәждерін тыңдап, қылмыстық іс құжаттарын зерттеп, қадағалау сот алқасы апелляциялық және кассациялық сот қаулылары төмендегі негіздер бойынша бұзылуға жатады деп есептейді.Тергеу органы П.-ның Банктің Шымкент филиалының директоры, яғни коммерциялық ұйымның басқару қызметтерін атқарушы адам бола тұра, коммерциялық ұйымның басқару қызметтерін атқарушы және жұмысты ұйымдастыруға, берілген несиелердің мақсатты әрі тиімді пайдалануын және мерзімінде қайтарылуын қадағалап, қамтамасыз етуге міндетті лауазымды қызметкер бола тұра, Банк қызметкерлерінің қылмыс жасау әдісі мен тәсілін белгілеп, осы белгіленген қылмыс жасау жүйесі арқылы қайтарусыз несиені заңсыз беріп, банкке жалпы 840.921.658 теңге мөлшерінде залал келтірген деп айыпталған. Атап айтқанда, Банктін қаражатын ірі мөлшерде алаяқтықпен ұрлау фактісі бойынша банк қызметкерлері К., Н., Б. және алдын-ала сөз байласып, алаяқтық жолмен Банктен заңсыз несие алған 26 жеке тұлғаға қатысты заңды күшіне енген сот үкімдері бұл ірі мөлшердегі залалдың П. осы Банктің директоры және несие беру комитетінің төрағасы болып тұрғанда, яғни екі жыл ішінде жүйелі түрде алаяқтық жолмен келтірілгенін дәлелдейді.
Несие беру жөніндегі жалған құжаттар дайындап ірі мөлшерде заңсыз несиелер бергені үшін сотталған банк қызметкерлерінің банк басшысының рұқсатынсыз несиелер беру мүмкіндігі бар-жоғын сот тексермей банк филиалының директорын қылмыстық жауапкершіліктен негізсіз босатқан.
Сотталған Банк қызметкерлері коммерциямен айналыспайтын адамдарға ірі мөлшерде несие алу туралы арыздары болмағанына қарамастан олар жеке кәсіпкерлікпен айналысады, тұрақты табыстары және несиені қайтаруға толық мүмкіндіктері бар, алған несиені жылжымайтын мүлік алып, бизнестерін дамытуға жұмсайды, несиелері тиісті кепілмен қамтамасыз етілген деген жалған құжаттар жасап, П.-ның төрағалық етуіндегі несиелік комитеттің келісімін алып, бірнеше мәрте ірі көлемде заңсыз несиелер берген. Атап айтқанда, несие алушылардың құжаттарына жалған мәліметтер енгізу арқылы төмендегі азаматтарға да заңсыз несиелер берілген: - А. - 21 395 584 теңге; - Б. - 26 400 000 теңге; - М.- 41 273 120 теңге; - Ш. - 19 846 180 теңге; - Г.- 36 343 000 теңге. Аталған тұлғалардың несие беру туралы арыздары тек оларға заңсыз несиелер беріліп қойғаннан кейін ғана жазылған. Жоғарыда аталған азаматтарға заңсыз несие беруде жалған құжаттардың жасалғаны, олардың ірі мөлшерде несие беру туралы алдын-ала жазылған өтінішітерінің жоқтығына қарамастан құжаттар несие комитетіне ұсынылып, несие комитетінің келісіміне орай несие алушылар мен банктің арасында келісім шарттар жасалып, несие алушылардың еш қиындықсыз ірі мөлшерде ақша алғандары алдын-ала және сот тергеуінде толық анықталған. Куә ретінде сұралған банк қызметкерлері сотталғандардың құжатқа заңсыз жалған мәлімет енгізу арқылы кепілге қойылған жылжымайтын мүліктердің бағасын асыра көтеріп бағалағандарын немесе мүлдем жоқ үйлерді бар деп көрсету арқылы қайтарылмайтын несиелер берілуіне ықпал еткендіктерін көрсеткен. Сотқа куә ретінде жауап берген У. өзінің банктен алған несиелерінің 10 пайызын менеджер Б.-ның сұрауы бойынша оған беріп отырғанын, өйткені ол несие беру мәселесін банк басшыларымен бірігіп шешетінін және барлық несиелер бойынша кепілге қойылған мүліктердің құжаттары өзгертілгенін мәлімдеген. Алдын-ала тергеу қорытындысы және сот талқылауы нәтижесінде барлық эпизод бойынша кепілдікке қойылған жылжымайтын мүліктердің бағалары жалған құжаттар жасау арқылы қолдан көбейтілгені, сонымен қатар бір де бір кепіл қоюшы кәсіпкерлікпен айналыспағаны, яғни несиені жабу үшін жағдайлары болмағаны анықталған. Шынайы құжаттардың орнына жалған құжаттар дайындап, несие алуға рұқсат бергені үшін сотталған банк қызметкерлерінің П.-ның көмегенсіз көп сомадағы несиелерді заңсыз жолмен беру мүмкіндігі бар-жоғын бірінші сатыдағы сот тексермей шешім қабылдаған. Сонымен қатар, үкімге Әл-Фараби аудандық прокуроры наразалық келтіріп, П.-ны ақтау үкімін бұзып, оны ҚК-нің 232-бабы бойынша кінәлі деп танып, ҚК-нің 69-бабы 1-бөлігінің «а» тармағына сай, қылмысының ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуды сұраған. Апелляциялық сот алқасы бұл наразылықты негізсіз деп тауып, қанағаттандырусыз қалдырған. Апелляциялық сот алқасы өзінің мұндай шешімін заң бойынша негіздеп, нақтылы тұжырым жасамаған. «Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 20.06.2005 жылғы №1 нормативтік қаулысының 27-бөліміне сәйкес, бірнеше сотталушыға қойылған азаматтық талапты қанағаттандыру кезінде нақты қандай соманың кімнен, бірлесіп немесе үлестік тәртіппен өтелетіні үкімнің қарар бөлімінде көрсетілуі тиіс. Егер залал бірнеше адамның бірлесіп жасаған қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде келтірілсе, онда сотталып отырғандардың кәмелетке толғандары да кәмелетке толмағандары да өздерінде мүлік немесе өзге табыс көздері болған жағдайда материалдық жауапкершілікті АК-нің 932-бабына сәйкес ортақтасып көтереді. Сот жәбірленушінің арызы бойынша және оның мүддесі үшін зиянды бірлесіп жүктеуі мүмкін. Бірінші сатыдағы сот бұл қағидаларға мән бермей, сотталған С.-ға қатысты азаматтық талап арызды қанағаттандырусыз қалдырған. Мұндай жағдайда талап арызды қараусыз қалдыру жағдайын шешу мүмкіндігін қарастыру керек, өйткені талапкерді сот ісін жүргізу тәртібімен талап қою құқығынан айыруға болмайды. Сонымен қатар, талапкер «Казкоммерцбанк» АҚ-ның алынбай қалған табыстарды (айырылып қалған пайда) өндіру туралы талап арызы қаншалықты заңға сәйкес келетіндігін тексеру қажет. Қылмыстық іс бойынша жинақталған дәлелдемелер бірінші сатыдағы сотта зерттелмей, асығыс шешім қабылданған. Бірінші сатыдағы сот тарапынан жіберген кемшіліктер апелляциялық және кассациялық сот сатыларының назарынан тыс қалған. Қылмыстық істі қайта қарау барысында барлық жинақталған мән-жайларға тиісті құқықтық тұрғыда баға беріп, заңды шешім қабылдау қажет.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Несие беру жөніндегі жалған құжаттар дайындап ірі мөлшерде заңсыз несиелер бергені үшін сотталған банк қызметкерлерінің банк басшысының рұқсатынсыз несиелер беру мүмкіндігі бар-жоғын сот тексермей банк филиалының директорын қылмыстық жауапкершіліктен негізсіз босатқан.
224 рет жүктеп алынды -
Несие беру жөніндегі жалған құжаттар дайындап ірі мөлшерде заңсыз несиелер бергені үшін сотталған банк қызметкерлерінің банк басшысының рұқсатынсыз несиелер беру мүмкіндігі бар-жоғын сот тексермей банк филиалының директорын қылмыстық жауапкершіліктен негізсіз босатқан.
233 рет жүктеп алынды