Сот қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тартқан
Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2017 жылғы 23 маусымдағы үкімімен Ү. бұрын сотталмаған, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК-нің) 287-бабының 4-бөлігімен 3 жылға бас бостандығынан айырылған. ҚК-нің 63-бабы негізінде жаза шартты деп есептеліп, оған 1 жыл пробациялық бақылау тағайындалған. Осы үкіммен О., С. ҚК-нің 287-бабының 4-бөлігі, 293-бабы 2-бөлігінің 1) тармағымен және Ш., Д. ҚК-нің 287-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, барлығына пробациялық бақылау белгіленген. Оларға қатысты сот актілері дауланбайды. Қылмыстық іс апелляциялық сатыда қаралмаған. Сот үкімімен О., С., Ү., Ш. 2016 жылғы 13 желтоқсанда адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, атыс қаруын, оның оқ-дәрілерін заңсыз иемденіп, С. көпшілік орында қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзып, жәбірленуші М.-ға қарсы күш қолдану қатерін төндірумен ұштасқан бұзақылық іс әрекетін жасағаны, сондай-ақ Д. басқа тұлғамен алдын ала сөз байласып, атыс қаруын заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп танылған. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры өзінің наразылығында Ү.-нің қылмыс жасаған кезде 15 жаста болғанын, алайда бірінші сатыдағы сот ҚК-нің 287-бабының 4-бөлігімен кінәлі адам қылмыстық жауаптылыққа 16 жастан тартылатынын ескерместен Ү.-ні кінәлі деп танып, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындағанын, сондықтан сот үкімін өзгертіп, Ү.-ні ҚК-нің 287-бабының 4-бөлігімен кінәсіз деп танып, оған қатысты қылмыстық істі тоқтатуды сұраған.
Сот қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тартқан
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 485-бабы 1-бөлігінің 1) тармағына сәйкес кінәсізді соттау заңды күшіне енген сот үкімін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негіз болып табылады. «Кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстары және оларды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту жөніндегі істер бойынша сот практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 11 сәуірдегі № 6 нормативтік қаулысының 2) тармағының талабына сай қылмыстық істі жүргізуші органдар кәмелетке толмағандардың істері бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамның жасын (туған жылын, айын, күнін) дәл анықтау жөнінде шара қолдануға міндетті. ҚК-нің 15-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасаған уақытта он алты жасқа толған есi дұрыс жеке тұлға қылмыстық жауаптылыққа жатады. Қылмыстық істегі құжаттарға сәйкес Ү. 2000 жылдың 16 желтоқсанында дүниеге келген. Қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасы орын алған күні, яғни 2016 жылдың 13 желтоқсанында ол 15 жаста болған. Сондықтан Ү. ҚК-нің 287-бабының 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін қылмыс субъектісі болып табылмайды. Алайда бірінші сатыдағы сот Ү.-нің туған жылын, айын, күнін үкімде дұрыс көрсете отырып, заң талаптарын өрескел бұзып, оны заңсыз қылмыстық жауаптылыққа тартқан. ҚПК-нің 35-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 2) тармағының талабына сай іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмаса онда қылмыстық іс тоқтатылады. Ү.-нің іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмағандықтан, сот үкімінің күші жойылып, оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылуға жатады. ҚПК-нің 37-бабы 1-бөлігінің талабына сай сот бойынша ақталған адам, сол сияқты өздеріне қатысты қылмыстық iстi осы Кодекстiң 35-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақтарында көзделген негiздер бойынша тоқтату туралы соттың, қылмыстық қудалау органының қаулысы шығарылған күдікті, айыпталушы, сотталушы ақталуға, яғни олардың құқықтары қалпына келтірілуге тиіс және оның Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк берілген құқықтары мен бостандықтарын қандай да бiр шектеуге болмайды. Қылмыстық-процестік кодекстің 39-бабының 1-бөлігінің талабына сай қылмыстық процестi жүргiзетін орган адамды толық немесе iшiнара ақтау туралы шешiм қабылдай отырып, оның зиянды өтеткізу құқығын тануға тиiс. Ү.-нің әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан, қылмыстық іс тоқтатылуға жататындықтан оның зиянды өтеткізу құқығы бар деп тану қажет. Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған Ү.-ге қатысты бірінші сатыдағы сот үкімін өзгертті, яғни Ү.-ге қатысты сот үкімінің күші жойылып, қылмыстық іс Ү.-нің іс-әрекетінде қылмыс құрамы болмағандықтан тоқтатылды. Үкімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылып, Ү.-нің қылмыстық процесті жүргізген органдардың заңсыз әрекеттерінің салдарынан келтірілген зиянды өтеткізу құқығы бар деп танылды. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы қанағаттандырылды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Сот қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тартқан
329 рет жүктеп алынды -
ZakonPravo_CasesСот қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тартқан
203 рет жүктеп алынды