Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Нормативтік қаулы / Соттардың мұрагерлік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 29 маусымдағы N 5 Нормативтік қаулысы.

Соттардың мұрагерлік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 29 маусымдағы N 5 Нормативтік қаулысы.

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді
  • Соттардың мұрагерлік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы

  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 29 маусымдағы N 5 Нормативтік қаулысы.

  •       Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "АІЖК-нің" деген сөз "АПК-нің" деген сөзбен ауыстырылды – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

  •        Мұрагерлік туралы заңнаманы біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

  •        қаулы етеді:

  •        Мұрагерлік жөніндегі қатынастарды реттеудің бұрынғы тәртібіне қандай да бір өзгерістер мен толықтырулар енгізетін жаңа заң, ол қолданысқа енгізілгеннен кейін туындаған құқықтар мен міндеттерге қолданылады.

  •        АК-нің 16-бабына сәйкес азамат тұрақты немесе көбiнесе тұратын елдi мекен оның тұрғылықты жерi деп танылады. "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV Заңының (бұдан әрі – "Халықтың көші-қоны туралы" Заң) 51-бабының 2-тармағына сәйкес азаматтарды тіркеу тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша жүзеге асырылады. "Халықтың көші-қоны туралы" Заңның 1-бабының 17-1) тармақшасына сәйкес уақытша болатын (тұратын) жер – тұрғылықты жер болып табылмайтын және адам уақытша болатын (тұратын), мекенжайы бар ғимарат, үй-жай не тұрғынжай болып табылады. Әдетте, мұра қалдырушының соңғы тұрған жері тұрақты тұрған жеріне сәйкес келеді.

  •        Егер Қазақстан Республикасының аумағында мүлкі болған мұра қалдырушының соңғы тұрған жері белгісіз болса немесе оның аумағынан тыс жерде болса, Қазақстан Республикасында мұраның ашылу орны деп осындай мұрагерлік мүліктің орналасқан орны (жылжымайтын мүлік орналасқан жер, жылжымалы мүлік тіркелген жер, мұра қалдырушының шоты ашылған банк орналасқан жер және т.б.) танылады. Егер көрсетілген мұра әртүрлі жерлерде орналасқан болса, оның құрамына енетін жылжымайтын мүліктің орналасқан жері, ал жылжымайтын мүлік болмаған кезде - жылжымалы мүліктің немесе оның неғұрлым құнды бөлігінің орналасқан жері мұраның ашылу орны болып табылады. Мүліктің құндылығы оның нарықтық құнының негізінде айқындалады.

  •       Мұра қалдырушының тұрған жері мұрагерлерге белгілі болып, бірақ олар оны қандай да бір себептер бойынша құжаттармен дәлелдей алмаған жағдайларда, сот мұрагердің арызы бойынша Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) "305, 306, 307, 308, 309 баптарының тәртібімен мұраның ашылу орнының заңдық фактісін белгілеуі мүмкін.

  •        Азамат тұрақты тұрған жерінен тыс жерде (мысалы, міндетті әскери қызметті өткеруіне, оқуына, жұмыс жағдайына және сипатына, іссапарға, емдеу мекемесіне орналасуына, бас бостандығынан айыру орындарында болуына және т.б. байланысты) қайтыс болған жағдайда осындай адамдардың соңғы тұрақты тұрған жері деп олар қайтыс болғанға дейін (әскери қызметке шақырылғанға дейін, оқуға түскенге дейін, іс-сапарға шыққанға дейін, сотталғанға дейін және тағы басқа) тұрақты тұрған жері танылады.

  •       Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

  •        Жылжымайтын мүлікті мұраға қалдыру туралы істер бойынша істі аумағында мүлік орналасқан Уағдаласушы Тараптың уәкілетті мекемелері жүргізуге құзыретті.

  •        Осындай ереже 1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы Минск Конвенциясының 48-бабында және 1997 жылғы 28 наурыздағы осы Конвенцияға хаттамада да бекітілген. Бұл Конвенция Кишинев конвенциясына қатысушы мемлекет пен оның қатысушысы болып табылатын, бірақ ол үшін Кишинев Конвенциясы күшіне енбеген мемлекет арасындағы қатынастарға қолданылады.

  •        АК-нің (Ерекше бөлім) қолданысқа енгізілгенге дейін (1999 жылғы 1 шілдеге дейін) және 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен АК-ге (Ерекше бөлім) енгізілген өзгерістер қолданысқа енгізілгеннен кейін (2007 жылғы 3 ақпаннан бастап) ашылған мұраны мұрагер мұраның ашылу орны бойынша нотариусқа немесе заңға сәйкес мұра алу құқығы туралы куәлікті беруге уәкілетті лауазымды тұлғаға мұраны қабылдау туралы немесе мұра алу құқығы туралы куәлікті беру туралы арыз беру арқылы не оны іс жүзінде қабылдау арқылы қабылдауы тиіс.

  •        Мұраны іс жүзінде қабылдау деп мұрагердің мұра қалдырушы қайтыс болғаннан кейін соңғының мүлкін иеленуін және пайдалануын кәуландыратын әрекеттері, оның мүлкін ұстау мен сақтау жөніндегі әрекеттерді жүзеге асыруы, мұрагерлік мүлікке байланысты оның қарыздары мен салықтарын төлеуі не мұрагерлік массаға енгізілуге жататын мүліктік сипаттағы мұра қалдырушыға тиесілі төлемдерді, құндылықтарды алуы түсіндіріледі.

  •        Мұрагерлер көрсетілген әрекеттерді мұра ашылған кезден бастап алты ай ішінде жасауы тиіс.

  •        Мұрагердің мұрадан бас тартуы, басқа мұрагердің мұраны қабылдамауы немесе АК-нің 1045-бабында белгіленген негіздер бойынша мұрагерді мұраны қабылдаудан шеттету салдарынан мұрагерлік туындайтын басқа тұлғалар, олардың мұрагерлікке құқықтары туындаған күннен бастап алты ай ішінде мұраны қабылдауға құқылы.

  •        1999 жылғы 1 шілдеден бастап 2007 жылғы 3 ақпан аралығындағы кезеңде ашылған мұра бойынша мұрагерлікке шақырылғаны туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап алты ай ішінде мұрадан бас тартпаған, АК-нің 1045-бабында көзделген негіздер бойынша мұрагер құқығынан айырылмаған мұрагер өзіне тиесілі мұраға немесе оның бөлігіне (үлесіне) құқықты мұра ашылған уақыттан бастап иеленеді және заңда белгіленген тәртіппен оны мұрагер деп тағайындау туралы өсиеттік өкімді жарамсыз деп тану салдарынан мұрагерлік құқықты жоғалтпайды.

  •       Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

  •        Мұрагер мұраны іс жүзінде қабылдаған, бірақ мұра алу құқығы туралы куәлікті алу үшін нотариусқа қажетті даусыз дәлелдемелерді келтіре алмаған және оларды өзге де жолмен алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда мұрагер мұраны қабылдаудың заңдық фактісін белгілеу туралы арызбен сотқа жүгінуге құқылы, арыз ерекше іс жүргізу тәртібімен қаралады. Егер, бұл ретте құқық туралы дау туындаса, онда мұндай фактіні белгілеу талап қою тәртібімен жүргізіледі.

  •        АК-нің 167-бабына сәйкес ресімделген сенімхатта мұрадан бас тартуға өкілеттік көрсетілген жағдайда ғана мұрагердің өкіліне сенімхат бойынша осындай арыз беруіне жол беріледі.

  •        Жасы он төртке келмеген кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері (олардың ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары), сондай-ақ белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың қорғаншылары сенімхатсыз әрекет етеді. Алайда, мұрадан бас тарту үшін олар қорғаншылық және қамқоршылық органынан рұқсат алуы қажет.

  •        Он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар, соттың шешімімен әрекет қабілеті шектеулі деп танылған адамдар өздерінің ата-аналарының, асырап алушыларының, қамқоршыларының келісімімен мұрадан бас тартуға құқылы. Соңғылар қорғаншылық және қамқоршылық органының рұқсатымен ғана келісім бере алады.

  •        АК-нің 1074-бабының 1-тармағына сәйкес, мұрагер мұраны қабылдау үшін берілген мерзім (алты ай) өткеннен кейін, сондай-ақ мұраны іс жүзінде қабылдаған кезде мұрадан бас тарту құқығын жоғалтады. Мұрадан бас тарту үшін мерзім мұрагер өзінің мұрагерлікке шақырылғаны туралы білген немесе білуге тиіс болған кезден басталады. Сот дәлелді себептер болған жағдайда мұраны қабылдаудан бас тарту мерзімін ұзартуы мүмкін, алайда бұл мерзім екі айдан аспауға тиіс.

  •        Сот мұрагерлердің мұрагерлік мүлік туралы дауларын қараған жағдайда мұрагер сотта мұрадан бас тарту туралы өтінішін білдіре алмайды және сот оны қабылдамайды.

  •        Егер мұрагер өсиет бойынша және заң бойынша мұрагерлікке шақырылса, онда ол осы негіздемелердің біреуі бойынша немесе екі негіздеме бойынша өзіне тиесілі мұрадан бас тартуға құқылы.

  •        АК-нің 1074-бабының 8-тармағына сәйкес ескерту жасап немесе шарт қойып мұрадан бас тартуға жол берілмейді. Егер мұрагер мұраның бір бөлігінен бас тартса, онда ол барлық мұрадан бас тартты деп есептеледі. Алайда, бұл ереже АК-нің 1079-бабына сәйкес мұрагерге үстелу құқығы бойынша тиесілі мұрадан бас тартқан жағдайға қолданылмайды.

  •        Егер мұрадағы міндетті үлеске құқығы бар мұрагер заңда белгіленген мерзімде өзінің міндетті үлесін алу құқығынан бас тартса, онда мүліктегі оның үлесі өсиет бойынша мұрагерлерге ауысады. Міндетті үлеске құқық мұрагердің жеке басына байланысты болады, сондықтан міндетті үлестегі мұрадан басқа адамдардың пайдасына бас тартуға жол берілмейді.

  •        Мұра қалдырушы барлық мүлікті өзі тағайындаған мұрагерлерге өсиет етсе, онда мұрадан қандай мұрагерлердің пайдасына бас тартқанын көрсетпеген, мұрадан бас тартқан немесе шығын қалған мұрагерге тиесілі мұра бөлігі өсиет бойынша қалған мұрагерлерге ауысады және өсиетте өзгеше көзделмегендіктен, олардың үлестеріне бара-бар бөлінеді. Шығын қалған мұрагер деп мұрадан бас тартқан не АК-нің 1072-2-бабында белгіленген мерзімде мұраны қабылдамаған, сондай-ақ мұраны іс жүзінде қабылдамаған және мұра қалдырушыдан бұрын қайтыс болған мұрагерді түсіну керек.

  •        мұраны іс жүзінде қабылдаған дәлелдері болмаса;

  •        мерзім дәлелді себептермен (мұрагердің науқастануы, сондай-ақ мұраны қабылдау туралы арызды беруге кедергі жасайтын мән-жайлар) өткізіп алса;

  •        мұрагер осы мерзімді өткізіп алуының себебі жойылғаннан кейін алты ай ішінде сотқа жүгінсе мұрагерді мұраны қабылдаған деп тани алады.

  •        Бұл ретте, мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы арызбен сотқа жүгінудің алты ай мерзімі АПК-нің 126-бабының тәртібімен қалпына келтірілмейтіні ескерілуі тиіс. Осы мерзімнің өтуінің басталуын анықтау мұраны қабылдау мерзімін өткізіп алу себептерінің аяқталуына байланысты болғандықтан мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру және мұрагерді мұраны қабылдаған деп тану туралы арыз АК-нің 1072-3-бабында көрсетілген алты айлық мерзімнің өтуіне қарамастан соттың өндірісіне қабылданады.

  •        Мұраны қабылдау үшін мерзімді өткізіп алу себептерінің дәлелділігін және мұрагерді мұраны қабылдаған деп тануды сот әрбір істің нақты мән-жайларына байланысты анықтайды.

  •       Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

  •        Арыз қанағаттандырылған жағдайда сот шешімнің қарар бөлігінде мерзімнің қалпына келтірілгендігі және мұрагердің мұраны қабылдағаны танылғандығы көрсетіледі, сондай-ақ нотариус берген мұра алу құқығы туралы куәлік бар болған кезде барлық мұрагерлердің үлесін белгілейді тіркеу органдарына мұра қалдырушының мүлкіне мұрагердің құқығын тіркеуді міндеттеп, мұра алу құқығы туралы куәлікті жарамсыз деп таниды. Қажет болған жағдайда сот АПК-нің 156 және 245-баптарына сәйкес жаңа мұрагердің мұраның оған тиесілі үлесін алу құқығын қорғау жөнінде шаралар қолдануға тиіс.

  •        Егер мұраны бөлу туралы талап қойылса, сот АПК-нің 225-бабының екінші бөлігінің ережелерін негізге алып, қойылған талаптың мәні бойынша шешім шығаруға міндетті.

  •        Нотариус мұра алу құқығы туралы куәлікті бермеген жағдайда арыз қанағаттандырылған кезде сот шешімнің қарар бөлігінде мерзімнің қалпына келтірілгендігі және мұрагердің мұраны қабылдағаны танылғандығы көрсетіледі. Соттың шешімі нотариустың мұра алу құқығы туралы куәлікті беруі үшін негіз болып табылады.

  •       Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

  •        Осы мерзім өткенге дейін заң бойынша және өсиет бойынша мұра алу құқығы туралы куәлік нотариустың немесе лауазымды тұлғаның мұраға қалдырылған мүлікке қатысты басқа мұрагерлердің жоқ екендігі туралы құжаттармен расталған дәйекті мәліметтері болған жағдайда ғана берілуі мүмкін.

  •        Табыс етілген мәліметтер күмән тудырған кезде нотариус мұра алу құқығы туралы куәлікті мерзімнен бұрын беруден бас тартуға құқылы. Бұл әрекеттер мұра ашылған күннен бастап алты ай өткеннен кейін мұра алу құқығы туралы куәлікті беруге кедергі болып табылмайды.

  •        Мұра ашылғанға дейін құрылған және мұраның ашылу уақытында болған заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет өсиет бойынша мұрагер болуы мүмкін.

  •        Заң бойынша мұрагерлер АК-нің 1061, 1062, 1063, 1064-баптарында көзделген кезектілік тәртібімен мұрагерлікке шақырылады. Заң бойынша мұрагерлердің әрбір келесі кезегі мұрагерлердің алдыңғы кезегі болмаған жағдайда мұра алу құқығын иеленеді.

  •       Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

  •        АК-нің 1062, 1063, 1064-баптарында көрсетілген заң бойынша мұрагерлерге жататын еңбекке жарамсыз адамдар мұра қалдырушымен бірге тұрғандығына немесе тұрмағандығына қарамастан, мұрагерлікке шақырылған кезектегі мұрагерлермен бірге және тең мұра алады. АК-нің 1062, 1063, 1064-баптарында көрсетілген мұрагерлер тобына кірмейтін, заң бойынша мұрагерлерге жататын еңбекке жарамсыз адамдар, егер олар мұра қалдырушымен бірге тұрған болса, мұрагерлікке шақырылған кезектегі мұрагерлермен бірге және тең мұра алады.

  •        АК-нің 1068 және 1069-баптарына қатысты еңбекке жарамсыз адамдарға: он сегіз жасқа толмаған адамдарды; Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарды; 1, 2, 3-топтағы мүгедектерді; оқуы аяқталғанға дейін күндізгі оқу нысаны бойынша оқу орнында оқитын он сегіз жасқа толған және одан асқан, бірақ жиырма үш жастан аспаған адамдарды жатқызған жөн.

  •        Мұра қалдырушының толық асырауында болған немесе мұра қалдырушынан өмір сүрудің негізгі және тұрақты қаражат көзі болып табылатын көмекті алған еңбекке жарамсыз адамдарды мұра қалдырушының асырауында болған адамдар деп есептеу керек.

  •        Мұра қалдырушының мұрагерге көрсеткен материалдық көмегінің жекелеген жағдайлары асырауында болған деген фактінің дәлелі болмайды.

  •       Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

  •        Қайтыс болған мұрагердің үлесі заң бойынша ұсынылған мұрагермен бірдей туыстық дәрежеде тұрған ұрпақтар арасында тең бөлінеді.

  •        Ашылған мұрадағы заң бойынша мұрагердің үлесіне өсиет бойынша немесе заң бойынша тиісті кезектегі мұрагерлер, сондай-ақ ұсыну құқығы бойынша мұрагерлер болмаған кезде мұрагерлікке келесі кезектегі мұрагерлер шақырылады.

  •        Осындай мұрагердің ашылған мұрадағы үлесі заң бойынша және өсиет бойынша оның мұрагерлеріне мұраны қабылдау үшін алты ай мерзімінің қалған бөлігі ішінде жалпы негіздер бойынша ауысуы мүмкін. Егер мерзімнің қалған бөлігі үш айдан аз болса, онда нотариус немесе мұра алу құқығы туралы куәлікті беруге өкілетті тұлға мерзімді үш айға дейін ұзартады.

  •        Мұра қалдырушының 1999 жылғы 1 шілдеден бастап 2007 жылғы 3 ақпан аралығындағы кезеңде ашылған мұраға қатысты мүлкі оның мұрагерлеріне мұрагерлік трансмиссия тәртібімен ауыспайды.

  •        АК-нің 1046 , 1050 -баптарының мағынасы бойынша өсиет қалдыру құқығы әрекетке қабілеттілігі бар азаматтарға ғана тиесілі болады. Әрекетке қабілеттілікті тексеруді өсиетті куәландыратын адам жүзеге асырады, сондықтан нотариус немесе өсиетті куәландыруға өкілетті адам осы нотариаттық іс-әрекетті жасау кезінде өсиет жасауға ниет білдірген адаммен әңгімелесіп, өсиет қалдырушының мүлікке билік етуге шынайы еркін, сондай-ақ қалыптасқан жағдайды дұрыс қабылдауын және өзінің іс-әрекетін түсінуін анықтайды.

  •        Өсиет жарамсыз деп танылған кезде мұрагерлік заң бойынша ашылады. Осы өсиеттің күшінің жойылуына байланысты мұра алуға құқығынан айырылған өсиет бойынша мұрагер АК-нің 1060-бабына сәйкес заң бойынша мұрагерлікке шақырылуы мүмкін.

  •        Соттар АК-нің 159-бабы 7-тармағының негіздері бойынша өсиеттің жарамсыздығы туралы дауды шеше отырып, сарапшының мұра қалдырушының психикалық және тәнінің жай-күйі туралы қорытындысы сот үшін міндетті болып табылмайтынын ескеруге тиіс. Сарапшының қорытындысын зерттеу кезінде сот қорытындының қарар бөлігін ғана емес, қорытындының сипаттау бөлігін де назарға алады. Сарапшының қорытындылары істің материалдарында болатын дәлелдерге негізделетін сараптаманың сипаттау бөлігіне сәйкес келуге тиіс. Соттың сарапшының қорытындысымен келіспеуі АПК-нің 92-бабының жетінші бөлігіне сәйкес дәлелді болуға тиіс.

  •        Өсиетті жазу кезінде ерлі-зайыптылардың ортақ меншігіндегі жұбайының үлесін, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалардың немесе еңбекке жарамсыз адамдардың (балалары, жұбайы, ата-анасы) міндетті үлестерін бөліп шығармау негіздері бойынша өсиетті жарамсыз деп тану туралы талап қоюы кезінде сот АПК-нің 152-бабының бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес талап арызды қайтарып жібереді және мұраның ашылу орны бойынша нотариусқа жүгінуді ұсынады.

  •        Нотариус өсиет бойынша мұра алу құқығы туралы куәлікті ерлі-зайыптылардың ортақ меншігіндегі көзі тірі жұбайының үлесін бөліп шығармай және АК-нің 1069-бабында көрсетілген адамдардың міндетті үлесін ескермей бергенде, мүдделі тұлғалар өсиет бойынша мұра алу құқығы туралы куәлікті көзі тірі жұбайына тиесілі үлес бөлігінде немесе еңбекке жарамсыз адамдардың міндетті үлесі бөлігінде жарамсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінуге құқылы.

  •        Егер сот мұра қалдырушының өз еркін білдіруін түсінуге әсер етпейді деп белгілесе, өсиетті жазу, оған қол қою немесе оны куәландыру кезінде жіберілген емле қателері және техникалық сипаттағы басқа да елеусіз қателер өсиетті жарамсыз деуге негіз бола алмайды.

  •       Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

  •        Мұрадағы міндетті үлеске құқығы бар мұрагер үшін өсиетте белгіленген кез келген шектеулер мен ауыртпалықтар оған ауысатын мұраның міндетті үлестен асатын бөлігіне ғана қатысты жарамды болады.

  •        Егер мұрадағы міндетті үлеске құқығы бар мұрагер, мұра алу құқығы туралы куәлікті алмай қайтыс болса, онда осындай мұрагердің міндетті үлесі өсиет бойынша мұрагерлерге ауысады. Міндетті үлеске құқық мұрагердің жеке басына байланысты, сондықтан осындай мұрагер қайтыс болған жағдайда, міндетті үлесті бөліп шығаруды талап ету құқығы мұрагерлік трансмиссия ретінде оның мұрагерлеріне ауыспайды.

  •        Егер міндетті үлеске құқығы бар мұрагерге тиесілі үлес бөлініп шығарылмай, өсиет бойынша мұра алу құқығы туралы куәлік мұрагерге берілсе, онда осындай мұра алу құқығы туралы куәлік мұрадағы міндетті үлеске құқығы бар мұрагердің талап қоюы бойынша мұрагердің міндетті үлесі бөлігінде жарамсыз деп танылуы мүмкін.

  •        Соттар мұрадағы міндетті үлесті бөліп шығару туралы дауды қарау кезінде, оның мөлшерін белгілеу кезінде әдеттегі үй жабдықтары заттарын (мысалы, жиһаз, тұрмыстық техника және т.б.) қоса алғанда, барлық мұрагерлік мүліктің құнын белгілеуге және мұрагерлік тәртібі өсиет бойынша өзгертілмегенде, заң бойынша мұрагерлікке шақырылатын барлық мұрагерлерді ескеруге тиіс.

  •        Әдеттегі үй жабдықтары заттарына жеке пайдаланудағы заттар (аяқ киім, киім), кәсіптік қызметпен айналысуға арналған заттар, балаларға арналған заттар жатқызылмайды.

  •        Мұрагерлік мүліктің құрамын және орналасқан орнын мұрагерлер ұсынатын мұра қалдырушыға тиесілі құқықты белгілейтін және құқықты куәландыратын құжаттардың, сондай-ақ бағалы қағаздардың, ақшалай құжаттардың және басқаның негізінде нотариус тексереді.

  •        Мұра ашылған кезде мұра қалдырушының жылжымайтын мүлікке меншік құқығы тіркелмегенде, мұра қалдырушының атына мүлікке құқықты белгілейтін құжаттар немесе сәйкестендіру құжаттары нотариусқа ұсынылса, ол мұрагерге мұра қалдырушының меншік құқығын тіркеуге құқығы туралы куәлік беруге құқылы.

  •        Мұра қалдырушыға меншік құқығы немесе жерді тұрақты пайдалану құқығы негізінде тиесілі жер учаскесінде орналасқан, бірақ пайдалануға енгізілмеген құрылыстарға нотариус осы мүлікті мұра қалдырушының атынан пайдалануға енгізуге куәлікті мұрагерлерге беруге құқылы.

  •        Өз бетімен салынған жылжымайтын мүлікке (осындай мақсатта бөлінбеген жер учаскесінде, құрылыс салуға қажет рұқсат алынбай және т.б.) мұрагерлік сот тәртібімен ғана орын алуы мүмкін. Нотариус мұра қалдырушының атына осындай мүлікке меншік құқығын тіркеуге куәлік беруге құқылы емес.

  •        Егер мұра алу құқығы туралы куәлік берілмеген мұраны бөлісу туралы талап арыз қабылдау кезінде сот АК-нің 1073-бабының 2-тармағында көзделген мерзім аяқталмағанын анықтаса, онда ол АПК-нің 152-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес арызды қайтарып, мұра алу құқығы туралы куәлікті алу тәртібін түсіндіруге міндетті.

  •       Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

  •        Сот мұра мүлкін бөлу туралы істерді қараған кезде мұрагердің мұрадағы өзіне тиесілі үлесінен бас тартуын қабылдамай, мұрагерлікке құқығы туралы куәлікте көрсетілген үлестерді ескеруге және АК-нің 218-бабының талаптарын басшылыққа алуға тиіс. Алайда, мұндай мұрагер істегі іс жүргізу жағдайына байланысты АПК-нің 48-бабында көрсетілген әрекеттерді жасауға құқылы.

  •       Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

  •        АК-нің 115-бабының 2-тармағына сәйкес мүліктік игіліктер мен құқықтарға (мүлікке): заттар, ақша, оның ішінде шетел валютасы, қаржы құралдары, жұмыстар, қызметтер, шағармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтар және басқа да мүлік жатады. Бұдан басқа, мұрагерлер мұра қалдырушыға тиесілі болған жеке мүліктік емес құқықтар мен басқа да материалдық емес игіліктерді (мұра қалдырушының қадір-қасиеті мен абыройы, игі атақ, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және т.б.) жүзеге асырып қорғай алады.

  •        Ерлі-зайыптылардың неке кезінде жинаған салымдары, олардың ортақ бірлескен меншігі болып табылады. Олардың ортақ бірлескен меншігінде мұра қалдырушының үлесін бөліп шығару кезінде көзі тірі жұбайының атына салынған салымдарды ескеру қажет.

  •        Мұрагерлер арасында мұрагерлік мүлікті өсиет бойынша бөлісу барлық мүлік немесе оның бөлігі мұрагерлерге нақты мүлік көрсетілмей мұраға үлестерде қалдырылған жағдайларда болуы мүмкін.

  •        Мұрадағы міндетті үлеске құқығы бар мұрагерге мұрагерлік мүліктен заттай үлесін бөліп шығару кезінде осындай мұрагердің үлесі алдымен заң бойынша мұраға алынатын мүлік есебінен белгіленеді, ал оның жетіспейтін бөлігі өсиетте көрсетілген мүлік есебінен қанағаттандырылуы мүмкін.

  •        Мынадай жағдайларда:

  •        егер сақтандыру шартында сақтандырылған сақтандырушы болмаса, немесе сақтандырушы болса да, пайда алушы ретінде белгіленбесе, сақтандырылған адамның өлімі осындай шартта көзделген жағдай болып табылса;

  •        егер сақтандырылған адам шарт бойынша сақтандыру төлемдерін алуға тиіс адамның (пайда алушының) қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттерінен қайтыс болса;

  •        егер сақтандырылған адам қолданылу мерзімі аяқталған жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша өзіне тиесілі төлемдерді алып үлгермей қайтыс болса;

  •        егер заң актілеріне сәйкес өмірі мен денсаулығы міндетті сақтандырылуға жататын азаматтар (әуе, теміржол, теңіз, ішкі, су және автомобиль көлігінің жолаушылары) опат болса, сақтандыру төлемдері сақтандырылған адамның мұрагерлік мүлкі құрамына қосылады.

  •        Егер заң актілерінде немесе шартта өзге көрсетілмесе сақтандырушы болып табылмайтын адам қайтыс болған жағдайда, оған қатысты жасалған мүліктік сақтандыру шарты, сақтандыру объектісі болған мүлік бойынша оның құқықтары мен міндеттері сақтандырушының келісімі бойынша оның мұрагерлеріне ауысады.

  •       Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

  •        Бірлескен қызмет туралы шарт негізінде жай серіктестік нысанында ұйымдасқан фермер қожалығының мүлкі оның мүшелеріне ортақ үлестік меншік негізінде тиесілі болады.

  •        Жеке кәсіпкерлікке негізделген фермер қожалығының мүлкі оған жеке меншік құқығы негізінде тиесілі болады.

  •        АК-нің 1082-бабына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығының мүшесі қайтыс болған жағдайда мұра жалпы ережелер бойынша ашылады. Мұра қалдырушының жеке кәсіпкерлігіне негізделген фермер қожалығының мүлкіне мұраның ашылуын қоспағанда, мұрагерлердің осы мүлікке жалпы меншіктегі оның үлесіне мөлшерлес ақшалай өтемақы алуға құқығы бар.

  •        Егер шаруа немесе фермер қожалығын құру туралы шартта осындай қожалық мүшелеріне мұрагерлерді қабылдау көзделсе, онда шаруа немесе фермер қожалығы жалпы жиналысы мүшелерінің келісімімен осындай қожалықтың қайтыс болған мүшесінің мұрагері мұрагерлік үлесінің шегінде мүшелікке қабылдануы мүмкін.

  •        Шаруа немесе фермер қожалығының мүлкі осындай қожалық қызметі тоқтатылған жағдайда ғана мұрагерлер арасында бөлінуі мүмкін.

  •        Мұрагерлер қатысушылардың санына кіруден бас тартқанда немесе көрсетілген шаруашылық жүргізуші субъектілер оларды осындай қабылдаудан бас тарқанда, мұрагерлерге активтер мен пассивтер ескеріліп қатысушының қайтыс болған күніне белгіленетін мүліктегі мұрагерлік мирасқорлық үлесі негізінде тиесілі құны төленеді.

  •        Акционерлік қоғамға қатысушы қайтыс болған жағдайда оған тиесілі акциялар мұрагерлік тәртіппен мұрагерлерге мүлік ретінде ғана емес, сонымен қатар осы акциялармен бекітілген мұра қалдырушының куәландырылған құқықтарының жиынтығы ретінде де ауысады.

  •        "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңының 31, 32, 33-баптарына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті, ерікті, ерікті кәсіптік жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.

  •       Ескерту. 31-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

  •        Антикварлық заттар, сондай-ақ көркемдік, тарихи немесе өзге де құндылығы бар заттар үй мүлкі мен үй-іші тұрмысы заттарына жатпайды. Сот заттардың көркемдік, тарихи немесе өзге де құндылығына қатысты шыққан дау мәселелерін шешу үшін сараптама тағайындай алады.

  •        Болмаған мұрагер келіп немесе табылып, бөлінген мұраға қатысты талап қойса, сот мұраны өзара бөліскен мұрагерлердің АК-нің 1077-бабының талаптарын орындағанын/орындамағанын тексеруге міндетті. Осы баптың ережелері сақталған кезде мұрагерлер мен нотариустың іс-әрекеттері заңды болып танылады. Мұндай жағдайларда болмаған мұрагер мұраны қабылдаған мұрагерлерге, мұра заттай сақталса, өзінің сондағы үлесін бөліп шығару туралы немесе мұраның оған тиесілі үлесін ақшалай түрде төлеу туралы талап қоюға құқылы.

  •        Мұраны мұрагерлік трансмиссия тәртібімен қабылдап алған мұрагер мұра қалдырушының қарыздары бойынша оған тиесілі болған осы мүліктің құны шегінде жауап береді және оған мұраны қабылдау құқығы ауысқан мұрагердің қарыздары бойынша осы мүлікпен жауап бермейді.

  •       Қазақстан Республикасы 
          Жоғарғы Сотының ТөрағасыМ. Әлімбеков
          Қазақстан Республикасы 
          Жоғарғы Сотының судьясы, 
          жалпы отырыс хатшысыЖ. Бәйішев
  • © 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

  • Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы