Түсініктеме 673-бабы. Сот орындаушысының атқарушылық құжаттарды орындауына кедергі келтіру туралы бапқа Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің
Жеке және заңды тұлғалардың сот орындаушысының, сот приставының мүлікке өндіріп алуды қолдану жөніндегі әрекеттерді (тізімдеме жасау, бағалау, тыйым салу, сауда-саттық өткізу) жүзеге асыруына кедергі келтіруі немесе осыған байланысты оның талаптарын орындаудан бас тартуы —
жеке тұлғаларға он, лауазымды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Қарастырылып отырған бап бойынша әкімшілік жауаптылықтың туындауының құқықтық негізі 2010 жылғы 2 сәуірдегі «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 128-бабында белгіленген, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, азаматтар мен ұйымдар сот орындаушысының заңды талаптарын мүлтіксіз орындауға міндетті екендігін регламенттейтін ереже болып табылады.
Қарастырылып отырған әкімшілік құқық бұзушылықтың жалпы объектісі мемлекеттік билік институттарының қызмет ету саласында туындайтын қоғамдық қатынастар болып табылады.
Тектік объектісі сот орындаушысының атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің белгіленген тәртібін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады.
Қарастырылып отырған әрекеттің объективтік жағы сот орындаушысының, сот приставының мүлікке өндіріп алуды қолдану жөніндегі әрекеттерді (тізімдеме жасау, бағалау, тыйым салу, сауда-саттық өткізу) жүзеге асыруына кедергі келтіру түріндегі әрекеттен, сондай-ақ осындай талаптарды сот орындаушысының немесе сот приставының орындаудан бас тарту түріндегі әрекетсіздіктен көрінеді.
Борышкердің мүлкіне өндіріп алуды қолдану — атқарушылық құжатты мәжбүрлеп орындау шарасы болып табылады және мүлікті алып қоюды және (немесе) оны мәжбүрлеп өткізуді не өндіріп алушыға беруді қамтиды.
Сот орындаушысы Заңның талаптарына сәйкес атқарушылық құжатты орындау үшін барлық шараларды қабылдауға міндетті. Алайда бұл ретте ол Заңмен қорғалатын борышкердің құқықтарының бұзылуына жол бермеуге тиіс. Мәселен, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-тарауында борышкердің мүлкіне өндіріп алуды қолдану тәртібін реттейтін негізгі ережелер қамтылған.
Заңның 55-бабына сәйкес борышкердің мүлкіне өндіріп алуды қолдану мүлікті алып қоюды және (немесе) оны мәжбүрлеп өткізуді не өндіріп алушыға беруді қамтиды.
Егер атқарушылық құжатта өзгеше тәртіп белгіленбесе, атқарушылық құжаттар бойынша өндіріп алу, ең алдымен, борышкердің ақшалай қаражатына, оның ішінде банктердегі және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы қаражатына қолданылады.
Жоғарғы Соттың 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 12 «Сот актілерін қасақана орындамағаны үшін жауаптылық туралы» қаулысының 13-тармағына сәйкес сот актісінің немесе атқарушылық құжаттың орындалуына кедергі келтіру деп олардың орындалуын мүмкін емес етуге бағытталған кез келген қасақана әрекеттерді (әрекетсіздікті) түсіну қажет.
Кедергі келтіру сот орындаушысының борышкердің мүлкі болуы мүмкін тұрғын және өзге де үй-жайларды, қоймаларды қарап-тексеруіне, мүлікке тізімдеме жасауына, оны бағалауына, оған тыйым салуына, сауда-саттық өткізуіне қол жеткізуін шектеуден, жұмыс беруші ұйымның атқарушылық құжат бойынша берешекті өтеу есебіне борышкердің ақшалай қаражатын ұстап қалуды жүзеге асырмауынан, кірістерді жасыру мақсатында сот орындаушысына белгісіз шоттарды ашудан және орындауға кедергі келтіретін басқа да әрекеттерден (әрекетсіздіктен) көрінуі мүмкін.
Сондай-ақ мүлікке тыйым салынғаннан кейін оны иелену және пайдалану да кедергі келтірудің бір түрі болып табылады. Борышкердің мүлкіне тыйым салу осы мүлікке билік етуге тыйым салудан, сондай-ақ банктерде және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге де ұйымдарда орналасқан борышкердің ақшалай қаражатын пайдалануға және оған билік етуге тыйым салуды жариялаудан тұрады. Бұл туралы борышкердің мүлкіне тыйым салу жөнінде қаулы шығарылады.
Тыйым борышкердің меншік құқығындағы, шаруашылық жүргізу құқығындағы және жедел басқару құқығындағы мүлкіне, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде белгіленген шектеулер ескеріле отырып, оның қай жерде және кімнің нақты пайдалануында екеніне қарамастан салынуы мүмкін.
«Атқарушылық іс жүргізу туралы» Заңның 62-бабының 5-бөлігіне сәйкес сот орындаушысының мүлікке өндіріп алуды қолдану жөніндегі әрекеттерін жүзеге асыруына кедергі келтіру, сот орындаушысының тыйым салынған мүлікке билік етуге немесе оны пайдалануға қатысты тыйымын бұзу, сондай-ақ тыйым салынған мүлікке қатысты өзге де заңсыз әрекеттер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Айта кету керек, түсіндіріліп отырған баптың объективтік жағына сот орындаушысының ғана емес, сот приставының да қызметіне кедергі келтіру кіреді. Мәселен, 1997 жылғы 7 шілдедегі № 150-1 «Сот приставтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 1 және 5-тармақтарына сәйкес сот приставтарының негізгі міндеттерінің бірі сот орындаушылары атқарушылық әрекеттерді жүзеге асырған кезде қоғамдық тәртіпті сақтау және соттардың және басқа да органдардың атқарушылық құжаттарын мәжбүрлеп орындау кезінде сот орындаушыларына жәрдем көрсету болып табылады.
Айта кететін жайт, борышкердің мүлкіне өндіріп алуды қолдану екі кезеңді қамтиды: алдымен ақшалай қаражат өндіріп алынады, тек олар жеткіліксіз болған жағдайда ғана жылжымалы және жылжымайтын мүлікке тыйым салынып, ол алып қойылады және өткізіледі.
Түсіндіріліп отырған баптың мағынасына сәйкес құқық бұзушылықтың субъектілері жеке тұлғалар, сондай-ақ лауазымды тұлғалар болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабының 3-тармағына, Қылмыстық-процестік кодекстің 127 және 472-баптарына, Азаматтық процестік кодекстің 21-бабының 2-бөлігіне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 884-бабына сәйкес заңды күшіне енген сот актілері, сондай-ақ соттардың және судьялардың сот төрелігін жүзеге асыру кезіндегі өкімдері, талаптары, тапсырмалары, шақырулары, сұрау салулары және өзге де өтініштері, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулылары барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлғалар, лауазымды тұлғалар мен азаматтар үшін міндетті болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындалуға тиіс.
Заңды күшіне енген сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау, сол сияқты олардың орындалуына кедергі келтіру заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Қарастырылып отырған әкімшілік құқық бұзушылықтың субъективтік жағы тікелей және жанама қасақаналық түріндегі кінәмен сипатталады. Тікелей қасақаналықтың болуы құқық бұзушының өз әрекетінің құқыққа қайшы сипатын түсінетінін, өз әрекетінің зиянды салдарын болжайтынын және олардың туындауын қалайтынын білдіреді.
Жанама қасақаналық құқық бұзушының өз әрекетінің құқыққа қайшы сипатын түсінуін, зиянды салдардың туындауын тікелей қаламағанымен, олардың туындауына саналы түрде жол беруін немесе оларға немқұрайлы қарауын көздейді.
Мәселен, тұлға мүлікке өндіріп алуды қолдану (тізімдеме жасау, бағалау, тыйым салу, сауда-саттық өткізу) жөніндегі сот орындаушысы мен сот приставының заңды әрекеттеріне кедергі келтірмеуге тиіс екенін түсінеді, алайда соған қарамастан сот орындаушысының немесе приставтың қызметін жүзеге асыруына жол бермеу үшін белгілі бір әрекеттерді жасамайды, сондай-ақ олардың талаптарын тікелей орындаудан бас тартады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 684-бабының 1-бөлігі негізінде аталған құқық бұзушылық түрі туралы істерді мамандандырылған аудандық және оларға теңестірілген әкімшілік соттардың судьялары қарайды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 804-бабы 1-бөлігінің 56 және 57-тармақшаларына сәйкес аталған құқық бұзушылық бойынша хаттаманы мыналар жасайды:
- мемлекеттік сот орындаушылары;
- сот приставтары және сот төрағасы немесе сот отырысында төрағалық етуші уәкілеттік берген соттың басқа да қызметкерлері.
«Сот приставтары туралы» Заңның 7-бабы 1-бөлігінің 3-тармақшасына сәйкес сот приставы заңнамада белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тарту үшін құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқылы.
Сондай-ақ сот орындаушылары әкімшілік хаттамалар жасаған кезде әкімшілік жауаптылыққа тартылғысы келмейтін борышкерлердің көпшілігі сот шешімін дереу орындайтынын, бұл атқарушылық құжаттарды орындауға оң әсер ететінін атап өтуге болады.
Сонымен бірге заңды күшіне енген сот актілері мен атқарушылық құжаттарды орындамау, сондай-ақ олардың орындалуына кедергі келтіру туралы істерді қарау кезінде соттар сот орындаушыларының, сондай-ақ қылмыстық қудалау органдарының жұмысындағы кемшіліктер мен олқылықтарға назар аударуға және бұған негіз болған жағдайда жеке қаулылар шығаруға тиіс (17-тармақ).
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне ғылыми-практикалық түсініктеме (баптар бойынша), авторлар ұжымы:
Бачурин Сергей Николаевич, заң ғылымдарының кандидаты, доцент – 48-тарау (Е. М. Хакимовпен бірлесіп);
Габдуалиев Мереке Трекович, заң ғылымдарының кандидаты – 11, 21, 22, 23-тараулар;
Жусипбекова Айнур Маратовна, заң магистрі – 13-тарау (А. В. Карпекинмен бірлесіп); 33, 39-тараулар (О. Т. Сейтжановпен бірлесіп);
Карпекин Александр Владимирович, заң ғылымдарының кандидаты, доцент – 13-тарау (А. М. Жусипбековамен бірлесіп);
Корнейчук Сергей Васильевич – 2-тарау; 6-тарау (О. Т. Сейтжановпен, Е. М. Хакимовпен бірлесіп); 8-тарау; 25-тарау (Е. М. Хакимовпен бірлесіп); 457–470, 488, 488-1, 491–506-баптар; 28, 30, 52-тараулар;
Корякин Илья Петрович, заң ғылымдарының докторы, профессор – 49-тарау;
Кысыкова Гульнара Бауыржановна, заң ғылымдарының кандидаты – 20-тарау;
Омарова Ботагоз Акимгереевна – 17-тарау; 18-тарау (Б. А. Парманкуловамен бірлесіп); 26, 31-тараулар; 32-тарау (Б. А. Парманкуловамен бірлесіп);
Парманкулова Баян Асханбаевна – 18-тарау (Б. А. Омаровамен бірлесіп); 19-тарау; 32-тарау (Б. А. Омаровамен бірлесіп); 43-тарау (А. С. Тукиевпен бірлесіп);
Подопригора Роман Анатольевич, заң ғылымдарының докторы, профессор – 24-тарау, 489, 489-1, 490-баптар;
Порохов Евгений Викторович, заң ғылымдарының докторы – 14, 15, 16, 29-тараулар, 471–475-баптар;
Сейтжанов Олжас Темиржанович, заң ғылымдарының кандидаты, доцент – 4-тарау; 5-тарау (Е. М. Хакимовпен бірлесіп); 6-тарау (С. В. Корнейчукпен, Е. М. Хакимовпен бірлесіп); 9, 10-тараулар (Б. Е. Шаймерденовпен, В. В. Филинмен бірлесіп); 33-тарау (А. М. Жусипбековамен бірлесіп); 36-тарау (Б. Е. Шаймерденовпен бірлесіп); 39-тарау (А. М. Жусипбековамен бірлесіп);
Смышляев Александр Сергеевич, PhD докторы – 38, 40, 42, 43-1-тараулар (А. С. Тукиевпен бірлесіп); 44-тарау;
Тукиев Аслан Султанович, заң ғылымдарының кандидаты, доцент – 1, 3, 35-тараулар; 38, 40, 42-тараулар (А. С. Смышляевпен бірлесіп); 43-тарау (Б. А. Парманкуловамен бірлесіп); 43-1-тарау (А. С. Смышляевпен бірлесіп); 44-1-тарау (Д. А. Шипппен бірлесіп); 45, 46-тараулар (Д. А. Шипппен бірлесіп); 47-тарау;
Филин Владимир Владимирович, заң ғылымдарының кандидаты – 10-тарау (О. Т. Сейтжановпен, Б. Е. Шаймерденовпен бірлесіп);
Хакимов Ержан Маратович, заң магистрі – 5-тарау (О. Т. Сейтжановпен бірлесіп); 6-тарау (О. Т. Сейтжановпен, С. В. Корнейчукпен бірлесіп); 7-тарау; 25-тарау (С. В. Корнейчукпен бірлесіп); 34, 41-тараулар; 48-тарау (С. Н. Бачуринмен бірлесіп); 53-тарау;
Шаймерденов Болат Еркенович, заң магистрі – 10-тарау (О. Т. Сейтжановпен, В. В. Филинмен бірлесіп); 12-тарау; 476–487, 507–509-баптар; 36-тарау (О. Т. Сейтжановпен бірлесіп); 37, 50, 51-тараулар;
Шипп Денис Алексеевич – 44-1, 46-тараулар (А. С. Тукиевпен бірлесіп).
Актінің өзгертілген күні: 01.01.2020Актінің қабылданған күні: 01.01.2020Қабылданған жері: 100050000000Актіні қабылдаған орган: 103001000000Қолданылу өңірі: 100000000000Нормативтік құқықтық актіге нормашығармашылық орган берген тіркеу нөмірі: 5Актінің мәртебесі: жаңаҚұқықтық қатынастар саласы: 029000000000 / 028000000000 / 029002000000 / 028004000000 / 029001000000 / 026000000000 / 001000000000 / 001008000000 / 030000000000Актінің нысаны: ТҮСІНДІРМЕ / КОДЕКСЗаңдық күші: 1900Актінің тілі: орыс тілі
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексКәсіпкерлік кодексЕңбек кодексіСалықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодекс (Салық кодексі)Кедендік реттеу туралыХалық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралыЭкологиялықӘлеуметтікТүсініктемеҚылмыстық-процестік кодексҚылмыстық кодексЖоғарғы Соттың нормативтік қаулысы
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау