332-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скринингті, мемлекеттік экологиялық сараптаманы және (немесе) қоршаған ортаға әсеріне бағалауды мiндеттi түрде жүргізу туралы талаптарын орындамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Қазақстан Республикасы заңнамасының мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтпеген белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скринингті, мемлекеттік экологиялық сараптаманы және (немесе) қоршаған ортаға әсеріне бағалауды міндетті түрде жүргізу туралы талаптарын орындамау –
жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен жобаның талаптарын орындамау –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы