30-бап. Ғылыми сараптама жүргізу Құқықтық актілер туралы Заңы
1. Нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша осы актілерде реттелетін құқықтық қатынастарға қарай ғылыми (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық және басқа да) сараптама жүргізілуі мүмкін.
Заңнамалық актілердің жобалары Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізіліп, ғылыми сараптама жүргізілмеуге болатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша олар реттейтін қоғамдық қатынастарға қарай ғылыми сараптама жүргізілуі міндетті.
2. Ғылыми сараптама:
1) жобаның сапасын, негізділігін, уақтылығын, құқыққа сыйымдылығын, жобада Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген адам және азамат құқықтарының сақталуын бағалау;
2) нормативтік құқықтық актінің ықтимал тиімділігін айқындау;
3) жобаның нормативтік құқықтық акт ретінде қабылдануының ықтимал теріс салдарларын анықтау үшін жүргізіледі.
3. Ғылыми құқықтық, ғылыми экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамалар республикалық бюджет туралы, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы, республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заңдардың жобалары бойынша және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдардың жобалары бойынша, сондай-ақ осы тарауда белгіленген өзге де актілер бойынша жүргізілмейді.
4. Ғылыми сараптаманы жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
5. Заң жобасы ғылыми құқықтық сараптаманың объектісі болып табылады, оған осы Заңда көзделген жағдайларда консультативтік құжат және оны іске асыру үшін қажетті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары қоса берілуге тиіс.
6. Қазақстан Республикасы Парламентінің және оның Палаталарының нормативтік қаулыларын, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарын, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік құқықтық қаулыларын қоспағанда, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама сыбайлас жемқорлық нормаларын анықтау, сондай-ақ оларды жоюға бағытталған ұсынымдарды әзірлеу мақсатында жүргізіледі.
7. Ғылыми лингвистикалық сараптама заңнамалық актілердің жобалары бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің теңтүпнұсқалығы бөлігінде жүргізіледі.
8. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми сараптаманы қаралатын жобаның мазмұнына қарай ғылыми мекемелер, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті ұйым, сарапшылар жүргізеді. Сараптаманы жүргізу бір немесе бірнеше сарапшыға (сараптама комиссиясына) тапсырылуы мүмкін.
9. Жоба бойынша мамандықтары әртүрлі сарапшылардың кешенді сараптамасы немесе алуан түрлі дербес сараптамалар, ал қажет болғанда қайталама сараптама жүргізілуі мүмкін.
10. Сарапшылар ретінде жобаны дайындауға тікелей қатыспаған ғалымдар мен мамандар тартылады, сондай-ақ басқа мемлекеттерден және халықаралық ұйымдардан мамандар тартылуы мүмкін.
Ғылыми сараптама жүргізу үшін жоба шетелдік және халықаралық ұйымдарға жіберілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, қабылдау, тіркеу, қолданысқа енгізу, өзгерту, толықтыру, олардың қолданысын тоқтату, тоқтата тұру және оларды жариялау тәртібіне байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы