273-бап. Қайтыс болу туралы куәлікті және хабарламаны беру Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі
Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу жасалғаннан кейін қайтыс болу туралы хабарламаны "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы алуға болады.
Қайтыс болған адамның жақын туыстарына, мұрагерлері аясына кіретін басқа адамдарға не қайтыс болған адам қамқорлығында болған азаматтарға, сондай-ақ қайтыс болған адам тұрған немесе жазасын өтеген мемлекеттік ұйымдардың өкілдеріне қайтыс болу туралы куәлік беріледі.
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде пайдалану қажет болған жағдайда осы баптың екінші бөлігінде аталған адамдарға олардың өтініші бойынша кез келген тіркеуші орган, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі қайтыс болу туралы акт жазбасының негізінде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы қағаз жеткізгіштегі куәлікті береді.
Басқа туыстарына қайтыс болу туралы куәлік мұрагерлік іс қарауында жатқан нотариустың хабархаты бойынша беріледі.
Мәйіттері танылмаған және талап етілмеген адамдардың қайтыс болу туралы куәлігі барлық қажетті мәліметтер қайтыс болу туралы акт жазбасына енгізілгеннен кейін ғана беріледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы