123-бап. Қолма-қол ақшаны уақытша орналастыратын бақылау шоттарында және ағымдағы шотта сомаларды есепке алу Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы
1. Аумақтық орган қолма-қол ақшаны уақытша орналастыратын бақылау шоттарындағы ұлттық және шетелдік валютадағы сомаларды есепке алуды Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
2. Алып тасталды - ҚР 26.06.2020 № 349-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Борышкерлерден өндіріп алынған талап етілмеген ақша және мүдделі тұлғаларға арналған, оның ішінде шығыстарды өтеу жөніндегі, аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотында, жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотында сақталатын басқа да сомалар көрсетілген шоттарға аударылған кезден бастап бес жыл өткен соң аумақтық органның не жеке сот орындаушысының ұсынуы бойынша сот актісінің негізінде бюджетке аударылады.
4. Лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған, сондай-ақ Республикалық палата мүшелігінен шығарылған жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша уәкілетті органның өкімі негізінде жүзеге асырылады.
5. Уәкілетті орган немесе оның аумақтық органдары осы баптың 4-тармағында көрсетілген өкімді екінші деңгейдегі банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште немесе атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы электрондық нысанда жібереді. Мұндай өкімді екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар міндетті түрде орындауға тиіс.
Уәкілетті органның немесе оның аумақтық органдарының жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды уақытша сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің күшін осы өкімді шығарған орган жояды.
6. Осы Заңға сәйкес атқарушылық іс жүргізу берілген жеке сот орындаушысы ақшаны лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды уақытша сақтауға арналған ағымдағы шотынан өзінің өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотына аударуды жүзеге асыру үшін банкке не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) уәкілетті органның жеке сот орындаушысының лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату не одан айыру туралы шешімі;
2) жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының атқарушылық іс жүргізулерді басқа жеке сот орындаушысына беру туралы, жеке сот орындаушысының тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және жеке сәйкестендіру нөмірін, сондай-ақ оның лицензиясының нөмірін қамтитын шешімі;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген және берілген төлем құжаты.
Банк не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым уәкілетті орган немесе оның аумақтық органы шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді (ол болған кезде) кері қайтарып алғаннан кейін лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотынан атқарушылық іс жүргізу берілген жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотына ақша аударуды жүзеге асырады және ағымдағы шотты жабады.
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Заңы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы