11-бап. Әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелері бар орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдардың құзыреті Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі
1. Әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелері бар орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:
1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер жұмыскерлерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
3) әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелердің қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
4) әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
5) әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелердің басшыларын лауазымдарға тағайындайды және лауазымдардан босатады;
6) денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілердің құрылуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
7) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің құрылымын, олардың қызметі туралы ережелерді бекітеді;
8) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелердің үлгілік штаттары мен штаттық нормативтерін бекітеді;
9) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган мен оның аумақтық бөлімшесін бір мезгілде хабардар ете отырып, әскерлердің, бөлімшелер мен ведомстволық ұйымдардың аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді белгілейді (оның күшін жояды);
10) уәкілетті органмен келісу бойынша әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекітеді;
11) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, мемлекеттік авиацияда, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында , азаматтық қорғау органдарында қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
12) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердегі (ұйымдардағы) тиісті контингентке медициналық қарап-тексеру жүргізу тәртібі мен мерзімділігін белгілейді;
13) ведомстволық әскери-медициналық (медициналық) статистикалық есептілік нысандарын бекітеді;
14) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:
1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясында қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды бекітеді.
3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мыналарды:
1) уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені;
2) Қазақстан Республикасының , азаматтық қорғау органдарында және мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды бекітеді.
5. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы:
1) ведомстволық бағынысты ұйымдарда медициналық көмек көрсету, оның ішінде медициналық оңалту қағидаларын;
2) ведомстволық бағынысты ұйымдардың медицина мамандарын шетелде оқуға, біліктілігін арттыруға жіберу қағидаларын;
3) білім беру іс-шараларын жүргізу, шетелдік консультанттарды тарту қағидаларын;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де нормативтік құқықтық актілерді бекітеді.
2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы