52-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының су қорын қорғау және пайдалану саласында өздеріне жүктелген функцияларды сақтауын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Су кодексі
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының су қорын қорғау және пайдалану саласында өздеріне жүктелген функцияларды сақтауын мемлекеттік бақылауды бассейндік су инспекциялары бақылау субъектісін алдын ала хабардар етпей және тексеруді тағайындау туралы актіні тіркемей тексеру нысанында, сондай-ақ осы бапта көзделген мемлекеттік бақылау нысанасына қатысты мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында қамтылған есептер мен ақпаратқа талдау жүргізу арқылы жүзеге асырады.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жүктелген:
1) бассейндік жоспарларды іске асыру үшін су қорын қорғау, су ресурстарын пайдалану, су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды дамыту жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және іске асыру;
2) жерүсті су объектілерін санациялау;
3) су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 4) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 18.07.2025 № 215-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4) жерүсті су көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін жыл сайын айқындау;
5) бассейндік кеңестердің ұсынымдарын орындау бойынша шаралар қабылдау;
6) тасқын және еріген сулардан қорғау және (немесе) оларды су қоймаларын, көл жүйелерін және жерасты суларының көздерін толықтыруға бұру және (немесе) қайта бөлу үшін елді мекендерді, өнеркәсіптік объектілерді, ауыл шаруашылығы алқаптарын, көлік инфрақұрылымы объектілерін, қауіпті өндірістік объектілерді қорғаудың инженерлік жүйелерін құруды ұйымдастыру;
7) бассейндік жоспарлардың тұжырымдарына сәйкес судың зиянды әсерінің алдын алу және жасанды түрде болатын қуаңшылықты болғызбау үшін жерүсті су объектілерінің су жайылатын учаскелеріне орман өсіруді, өздерінің функционалдық қарамағындағы аумақтарда егісті қорғау үшін ағаш өсіруді ұйымдастыру;
8) коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылысжайларын, сондай-ақ тиісті аумақтағы иесіз қалған су шаруашылығы құрылысжайларын есепке алу жөніндегі функциялардың сақталуы мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылады.
3. Мыналар мемлекеттік бақылау субъектілері болып табылады:
1) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар;
2) облыстардың жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар.
4. Мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында қамтылған есептілік пен ақпаратты нақтылау үшін оларды талдау барысында бассейндік су инспекциялары осы Кодекстің 27-бабында көзделген функцияларға қатысты ресми ақпаратты мемлекеттік бақылау субъектілерінен сұратуға құқылы. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары сұратылған ақпаратты өз құзыреті шегінде беруге міндетті.
5. Бассейндік су инспекциясы есептер мен ақпаратты талдау қорытындылары бойынша мемлекеттік бақылау субъектілерінің әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) бұзушылықтар анықталған жағдайда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар әзірлейді және оларды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органына қарау үшін жібереді. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдардың көшірмесі уәкілетті органға жіберіледі.
6. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары есептер мен ақпаратты талдау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтармен не ұсынымдарда көрсетілген жекелеген ережелермен келіспеген жағдайда, ұсыным табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өз қарсылықтарын бассейндік су инспекциясына жіберуге құқылы.
7. Тексерулер:
1) жоспарлы;
2) жоспардан тыс болып бөлінеді.
8. Жоспарлы тексерулер тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей, уәкілетті органның ведомствосы бекітетін жылдық жоспарға сәйкес жылына бір реттен жиілетпей жүргізіледі, онда мыналар:
1) бекіту күні мен нөмірі;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексерілетін субъектінің атауы;
4) тексерілетін субъектінің (объектінің) тұрған жері;
5) тексеру нысанасы;
6) тексеруді жүргізу мерзімдері;
7) жоспарға қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы қамтылады.
Тексерулердің жылдық жоспары уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Жоспарлы тексеруді жүргізу мерзімі он бес жұмыс күнін құрайды.
Бақылау субъектісі таратылған, қайта ұйымдастырылған, оның атауы өзгерген немесе мемлекеттік бақылау субъектілері арасында өкілеттіктер қайта бөлінген жағдайларда, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындаған, эпидемияның, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың таралуы, уланулар, радиациялық авариялар және соларға байланысты шектеулер туындаған немесе олардың туындау қатері төнген кезде төтенше жағдай режимі енгізілген жағдайларда, жоспарлы тексерулер жүргізудің жылдық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жүзеге асырылады.
Осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген жағдайлар басталған кезде жоспарлы тексеру табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі немесе төтенше жағдай жойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы не тоқтатыла тұруы мүмкін.
9. Жоспардан тыс тексеру:
1) жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен, Қазақстан Республикасының су қорын қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзу туралы расталған жолданымдар болған кезде;
2) тексеру нәтижелері туралы актіде көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуына бақылау жүргізу мақсатында;
3) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүддесіне зиян келтірілгені не зиян келтіру қатері туралы нақты фактілермен прокурордың талабы бойынша;
4) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша қылмыстық қудалау органының тапсырмасымен жүргізіледі.
Анонимді жолданымдар болған жағдайда, жоспардан тыс тексерулер жүргізілмейді.
Жоспардан тыс тексеруді жүргізу мерзімі бес жұмыс күніне дейін ұзартыла отырып, бес жұмыс күнінен аспайды. Бұл мерзім бір реттен асырмай ұзартылуы мүмкін.
10. Тексерулер бассейндік су инспекциясының тексеруді тағайындау туралы актісі негізінде жүргізіледі, онда:
1) күні мен нөмірі;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) тексеру жүргізуге тартылатын мамандар, консультанттар мен сарапшылар туралы мәліметтер;
5) тексерілетін субъектінің атауы;
6) тексеру түрі;
7) тағайындалған тексерудің нысанасы;
8) тексеруді жүргізу мерзімі;
9) тексеруді жүргізу негіздері;
10) тексерілетін кезең;
11) актілерге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы;
12) мемлекеттік бақылау субъектісі басшысының не оның уәкілетті адамының (уәкілетті адамдарының) актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы қамтылады.
11. Бассейндік су инспекциясының лауазымды адамы тексеру нәтижелері бойынша тексеру нәтижелері туралы акт және бұзушылықтар болған жағдайда, оларды жою туралы нұсқама жасайды.
Тексеру нәтижелері туралы актіде:
1) тексеруді жүргізу және актіні жасау орны, күні және уақыты;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеруді жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) мемлекеттік бақылау субъектісінің атауы, тексеру жүргізу кезінде қатысқан өкілдің лауазымы;
5) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәліметтер;
6) мемлекеттік бақылау субъектісі өкілдерінің, сондай-ақ тексеруді жүргізу кезінде қатысқан адамдардың тексеру нәтижелері туралы актімен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолтаңбасы немесе қол қоюдан бас тартуы;
7) тексеруді жүргізген лауазымды адамның (лауазымды адамдардың) қолтаңбасы қамтылады.
Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада:
1) тексеруді жүргізу және нұсқаманы жасау орны, күні және уақыты;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеру жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) мемлекеттік бақылау субъектісінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тексеру жүргізу кезінде қатысқан өкілінің лауазымы;
5) жою мерзімдерін көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсынымдар;
6) мемлекеттік бақылау субъектісі өкілдерінің, сондай-ақ тексеруді жүргізу кезінде қатысқан адамдардың бұзушылықтарды жою туралы нұсқамамен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолтаңбасы немесе қол қоюдан бас тартуы;
7) тексеруді жүргізген лауазымды адамның (лауазымды адамдардың) қолтаңбасы қамтылуға тиіс.
12. Тексеру нәтижелері туралы акт және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама екі данада жасалады. Бір данасы мемлекеттік бақылау субъектісіне беріледі, екіншісі бассейндік су инспекциясында қалады.
Тексеру нәтижелері туралы актінің және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысанын уәкілетті орган бекітеді.
13. Бассейндік су инспекциясының лауазымды адамдарының тексеруді жүргізу кезінде:
1) қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын көрсеткен кезде мемлекеттік бақылау объектісінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тігу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттардың (мәліметтердің) көшірмелерін алуға;
3) аудио-, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға құқығы бар.
14. Бассейндік су инспекциясының тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдарына тексеру нысанасына жатпайтын талаптар қоюға және өтінулермен жүгінуге тыйым салынады.
Бассейндік су инспекциясының лауазымды адамдары тексеруді жүргізу кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік бақылау субъектілерінің құқықтары мен заңды мүддесін сақтауға;
2) тексеруді осы Кодексте белгіленген тәртіп негізінде және соған қатаң сәйкестікте жүргізуге;
3) тексеруді жүргізу кезеңінде мемлекеттік бақылау субъектілерінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындауға;
5) мемлекеттік бақылау субъектісіне не оның уәкілетті өкіліне тексеруді жүргізу кезінде қатысуға кедергі келтірмеуге, тексеру нысанасына жататын мәселелер бойынша түсіндірме беруге;
6) мемлекеттік бақылау субъектісіне тексеру нысанасына жататын қажетті ақпаратты беруге;
7) мемлекеттік бақылау субъектісіне – тексеру нәтижелері туралы актіні, бұзушылықтар анықталған жағдайларда, тексеру аяқталған күні оның нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы табыс етуге;
8) тексеруді жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
15. Мемлекеттік бақылау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері тексеруді жүзеге асыру кезінде:
1) қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын көрсеткен бассейндік су инспекциясының лауазымды адамдарының тексерілетін объектінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының осы баптың 13-тармағында көзделген құқықтарын жүзеге асыруына кедергі келтірмеуге міндетті.
16. Мемлекеттік бақылау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері тексеруді жүзеге асыру кезінде:
1) қызметтік куәлігі не сәйкестендіру картасы жоқ адамдарды тексеруге жібермеуге;
2) өз ескертулерін және (немесе) қарсылықтарын жазбаша түрде баяндауға және оларды тексеру нәтижелері туралы актіге қоса беруге;
3) бассейндік су инспекциясының және олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған мемлекеттік органға немесе сотқа шағым жасауға құқылы.
17. Мемлекеттік бақылау субъектісінің су қорын қорғау және пайдалану саласында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзуының анықталған фактілері бойынша бассейндік су инспекциясының лауазымды адамы (лауазымды адамдары) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өкілеттіктер шегінде, анықталған бұзушылықтарды жою және бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қабылдауға міндетті.
18. Бассейндік су инспекциясы мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органды жүргізілген мемлекеттік бақылау нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тәртіппен хабардар етеді.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Кодексі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің күші жойылды деп танылсын, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Су кодексі қабыдануымен.
52-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың мiндеттерi Қазақстан Республикасының Су Кодексі
Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
1) Қазақстан Республикасының су заңдары талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыруға;
2) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыру кезiнде жеке және заңды тұлғалармен өзара iс-қимыл жасауға;
3) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылу фактiлерi туралы өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдарды хабардар етуге;
4) су ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу кезiнде жеке және заңды тұлғаларға жәрдем көрсетуге мiндеттi.
5) алып тасталды
Ескерту. 52-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
Су Кодексі Бюджет кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Экология Әлеуметтік Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы