68-бап. Борышкердің мүлкін бағалау 3-параграф. Мүлікті бағалау және сақтау Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы
1. Сот орындаушысы мүлікке тыйым салынған және борышкерге мүліктің тиесілі екені анықталған кезден бастап он жұмыс күні ішінде:
бағалаушыны өз бетінше тағайындау;
атқарушылық іс жүргізу тараптарының бірінің ұсынысы бойынша бағалаушыны тағайындау;
атқарушылық іс жүргізу тараптарының біріне борышкердің мүлкін бағалауды жүргізу туралы тапсырма беруі арқылы бағалаушыны тағайындау туралы қаулы шығарады.
Борышкердің тыйым салынған мүлкін бағалау жөніндегі көрсетілетін қызметтің ақысын төлеу атқарушылық іс жүргізу тараптарына жүктеледі және кейіннен борышкердің есебінен өтеледі.
2. Бағалаушыны тағайындау туралы сот орындаушысы қаулысының көшірмелері атқарушылық іс жүргізу тараптарына оны шығарған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей жіберіледі.
3. Бағалаумен келіспейтін атқарушылық іс жүргізу тарапы "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізілген бағалау бойынша қорытынды алу үшін сараптама кеңесіне өтініш жасай алады не оған Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасай алады. Сараптама кеңесінің теріс қорытындысы не соттың бағалау туралы есепті жарамсыз деп тануы сот орындаушысының жаңа бағалауды тағайындауына негіз болып табылады. Сараптама кеңесі теріс қорытынды берген жағдайда, тапсырыс беруші бағалау туралы есептің сараптамасы үшін жүргізген төлемді бағалау туралы есепті жасаған бағалаушы немесе бағалаушы еңбек шартын жасасқан заңды тұлға өтейді.
4. Жаңа бағалау жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеу шағым жасаушы тарапқа жүктеледі.
5. Атқарушылық іс жүргізу тараптары мүліктің құны туралы жазбаша келісім жасасқан жағдайда, бағалаушы тыйым салынған мүлікті бағалауды жүргізбейді және бағалаушыны тағайындау туралы қаулы шығарылмайды.
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Заңы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы