254-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің атқару парағын беру
1. Сот төрелік шешімді мәжбүрлеп орындауға атқару парағын беру туралы ұйғарым шығарған кезде атқару парағы осы кодекстің 241-бабының қағидалары бойынша беріледі.
2. Төрелік шешімді мәжбүрлеп орындауға атқару парағын беру туралы өтініш бойынша шығарылған соттың ұйғарымына шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.
1. Төрелік шешімді мәжбүрлеп орындауға арналған атқару парағын сот атқару парағын беру туралы ұйғарым шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазып береді. Бұл ретте атқару парағы судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылатын электрондық атқару құжаты нысанында жазылуы мүмкін.Атқару парағында АІЖК-нің 241-бабының төртінші бөлігінде көзделген барлық деректемелер болуға тиіс.Атқарушылық құжатты өндіріп алушыға береді не оның өтініші бойынша сот орындау үшін аумақтылығы бойынша тиісті әділет органына жібереді, немесе жеке сот орындаушысына.Ынтымақты жауапкерлерден ақша сомасын өндіріп алу туралы төрелік шешімнің негізінде өндіріп алушының өтініші бойынша Саны ынтымақты жауапкерлер санына сәйкес келетін бірнеше атқару парақтары берілуге тиіс. Әрбір атқару парағында өндіріп алудың жалпы сомасы, барлық жауапкерлер және олардың ортақ жауапкершілігі көрсетілуі тиіс.
2. Төрелік шешімді мәжбүрлеп орындауға атқару парағын беру туралы өтініш бойынша шығарылған соттың ұйғарымына шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ КІТАПХАНАСЫ
Астана, 2016 жыл
УДК 347 (574)
К 63
ISBN 978-601-236-042-4
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы