218-бап. Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу мақсаттары үшін есептерді немесе қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызмет туралы есептерді ұсыну тәртібін бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Уәкілетті банктің немесе клиенттердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу мақсаттары үшін есепті ұсыну мерзімін бұзуы –
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Уәкілетті банктің немесе клиенттердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу мақсаттары үшін толық емес және (немесе) анық емес есепті ұсынуы –
ескерту жасауға алып келеді.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Уәкілетті банктің немесе уәкілетті ұйымның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру жөніндегі қызмет туралы есепті ұсыну мерзімін бұзуы –
ескерту жасауға алып келеді.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7. Уәкілетті банктің немесе уәкілетті ұйымның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру жөніндегі қызмет туралы толық емес және (немесе) анық емес есепті ұсынуы –
ескерту жасауға алып келеді.
8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы