465-бап. Рұқсат берудің тәртiбiн және мерзiмiн бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Рұқсат беру мерзiмiн бұзу –
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгiленген тәртiптi бұза отырып рұқсат беру, сол сияқты рұқсат беруден негізсіз бас тарту, егер мұндай әрекеттер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласуға және (немесе) заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіретін әрекеттер (әрекетсіздік) жасауға алып келмесе –
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы