486-бап. Азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін:
1) жеке тұлғаның қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсатты тіркеу және (немесе) алу;
2) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) қару иесiнiң өзіне тиесiлi қарудың жоғалғаны немесе ұрланғаны туралы iшкi iстер органын хабардар ету;
4) жеке тұлғаның тұрғылықты жерді өзгерткен кезде қаруды есепке қою үшiн iшкi iстер органдарына өтiнiш жасау;
5) заңды тұлғаның қызметтiк, азаматтық, коллекциялық қаруды иеленгеннен кейiн оны iшкi iстер органдарында тiркеу;
6) азаматтық қарудың иесі қайтыс болған жағдайда оны қайта тіркеу немесе комиссиялық өткізуге тапсыру;
7) заңды тұлғаның қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталған, сол сияқты оны ішкі істер органдарымен келіспестен филиалдарға (өкілдіктерге) беру кезінде қаруды тіркеу (қайта тіркеу) үшін ішкі істер органдарына өтініш жасау мерзімдерінің бұзылуынан болған бұзушылық –
жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы