Түсініктеме 207-1-бабына Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру тәртібін бұзуы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің
1. Тендерлік құжаттамада (аукциондық құжаттамада) әлеуетті өнім берушілерге сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеу не тендерлік құжаттамада (аукциондық құжаттамада) немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде орналастырылатын ақпаратта сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген әлеуетті өнім берушілерге тиесілігін айқындайтын сипаттамаларды көрсету, сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде көзделген жағдайларды қоспағанда, –
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде көзделмеген жағдайларда сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту –
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Әлеуетті өнім берушіні және (немесе) ол тартатын жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларын) сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына және (немесе) тендерлік құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейді деп тану –
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде оларды біртекті түрлері және жеткізу (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлмеу, сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде көзделген жағдайларды қоспағанда, –
лауазымды адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Сатып алу жөніндегі сараптама комиссиясының немесе сатып алу жөніндегі сарапшының тендерлік комиссия (аукциондық комиссия) заңсыз шешім қабылдауына негіз болған көрінеу жалған сараптамалық қорытынды дайындауы –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде көзделмеген жағдайларда сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден сатып алуды жүзеге асыру –
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпелер.
1. Осы бапта сатып алуды жүзеге асыру тәртібі деп «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын немесе «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген сатып алуды жүзеге асыру тәртібін түсіну қажет.
2. Осы бапта лауазымды адамдар деп мыналар түсініледі:
1) бірінші бөлік бойынша – сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшылары немесе олардың міндеттерін атқаратын адамдар және (немесе) тендерлік құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) әзірлеуге тікелей қатысатын адамдар;
2) екінші, төртінші және алтыншы бөліктер бойынша – сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін жүзеге асыруға жауапты сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшылары немесе олардың міндеттерін атқаратын адамдар;
3) үшінші бөлік бойынша – сатып алуды ұйымдастырушы құрған, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі тендерлік комиссиясының (аукциондық комиссиясының) төрағасы және оның орынбасары, сондай-ақ тендерлік комиссияның (аукциондық комиссияның) мүшелері.
3. Лауазымды адам «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры немесе сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүргізген бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама бақылау объектісіне табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры немесе сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүргізген бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жойған жағдайда, осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
Түсіндіріліп отырған бап ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылықты белгілейді.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-1-бабында көзделген құқық бұзушылықтардың тектік объектісі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және мемлекет қорғауына алынған Қазақстан Республикасындағы сауда-сатып алу қызметін жүзеге асыру тәртібі болып табылады.
Түсіндіріліп отырған бапта көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтардың тікелей объектісі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және мемлекет қорғауына алынған сатып алуды жүзеге асыру тәртібі болып табылады.
Бұл ретте, түсіндіріліп отырған бапқа 1-қосымшаға сәйкес, осы баптағы сатып алуды жүзеге асыру тәртібі деп «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын немесе «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген сатып алуды жүзеге асыру тәртібін түсіну қажет.
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 166-бабының 4-тармағына сәйкес, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдинг, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар мен ұйымдар, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітетін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгілік қағидалары негізінде жүзеге асырады (бұдан әрі – «Сатып алу қағидалары»).
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың арнайы тәртібі Қордың және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде Қорға тиесілі ұйымдардың сатып алуларына қолданылмайды. Қор және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде Қорға тиесілі ұйымдар тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды Қордың директорлар кеңесі бекітетін қағидалар негізінде жүзеге асырады (бұдан әрі – «Сатып алу қағидалары»).
Тапсырыс берушілер – ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар.
Сатып алуды ұйымдастырушы – сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты өзінің құрылымдық бөлімшесі атынан әрекет ететін тапсырыс беруші не сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау мақсатында тапсырыс беруші айқындаған заңды тұлға.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына және оған кіретін ұйымдарға қатысты тапсырыс беруші деп Қордың өзін немесе Холдинг құрамына кіретін ұйымды, ал сатып алуды ұйымдастырушы деп тапсырыс беруші (тапсырыс берушілер) сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау мақсатында айқындаған заңды тұлғаны не оны құрған заңды тұлғаның атынан әрекет ететін құрылымдық бөлімшені түсіну қажет.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-1-бабында көзделген құқық бұзушылықтардың субъектілері санкцияларда және түсіндіріліп отырған баптың 2-ескертпесінде тікелей көрсетілуіне байланысты, тапсырыс берушілердің, сатып алуды ұйымдастырушылардың және олар құрған тендерлік комиссиялардың лауазымды адамдары болып табылады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-1-бабында көзделген әрекеттердің субъективтік жағы осы әрекеттерді жасаған лауазымды адамдардың қасақаналық немесе абайсыздық нысанындағы кінәсімен сипатталады.
Түсіндіріліп отырған бапта көзделген құқық бұзушылықтардың құрамы формальды болып табылады. Түсіндіріліп отырған бап бойынша құқық бұзушыларға айыппұл есептеу және салу үшін құқық бұзушылықтар нәтижесінде үшінші тұлғаларға келтірілген залал фактісін және оның мөлшерін анықтау қажет емес.
Түсіндіріліп отырған бапта көзделген құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жаза қолдануды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі немесе істі сот қараған жағдайда сот жүзеге асырады.
Түсіндіріліп отырған баптың 1-бөлігі әлеуетті өнім берушілерге сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде көзделмеген біліктілік талаптарын тендерлік құжаттамада (аукциондық құжаттамада) белгілеу не тендерлік құжаттамада (аукциондық құжаттамада) немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде орналастырылатын ақпаратта сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген әлеуетті өнім берушілерге тиесілігін айқындайтын сипаттамаларды көрсету, сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде көзделген жағдайларды қоспағанда, үшін әкімшілік жауаптылықты белгілейді.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-1-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтардың субъектілері, түсіндіріліп отырған баптың 2-ескертпесінде тікелей көрсетілуіне байланысты, сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшылары немесе олардың міндеттерін атқаратын адамдар және (немесе) тендерлік құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) әзірлеуге тікелей қатысатын адамдар болып табылады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-1-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтың объективтік жағы лауазымды адамның мынадай құқыққа қарсы әрекеттер жасауы арқылы көрініс табады:
1) тендерлік құжаттамада (аукциондық құжаттамада) әлеуетті өнім берушілерге сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеу; немесе
2) тендерлік құжаттамада (аукциондық құжаттамада) не баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде орналастырылатын ақпаратта сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген әлеуетті өнім берушілерге тиесілігін айқындайтын сипаттамаларды көрсету.
Конкурстық (аукциондық) құжаттаманың талаптарын айқындайтын лауазымды адамның Сатып алу қағидаларында белгіленген конкурстық (аукциондық) құжаттаманың талаптарын айқындау тәртібіне қатысты тыйымдарды бұзуы түсіндіріліп отырған баптың 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтың аяқталған құрамын құрайды.
Түсіндіріліп отырған баптың 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін адамға айыппұл түріндегі жаза қолданылады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-1-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін лауазымды адамға салынатын айыппұл мөлшері 50 айлық есептік көрсеткішті құрайды, ол тіркелген болып табылады және оны салатын орган өзгерте алмайды.
Түсіндіріліп отырған баптың 2-бөлігі сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде көзделмеген жағдайларда сатып алуды жүзеге асырудан бас тартқаны үшін әкімшілік жауаптылықты белгілейді.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-1-бабының 2-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтардың субъектілері, түсіндіріліп отырған баптың 2-ескертпесінде тікелей көрсетілуіне байланысты, сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін жүзеге асыруға жауапты сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшылары немесе олардың міндеттерін атқаратын адамдар болып табылады.
Түсіндіріліп отырған баптың 2-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтың объективтік жағы құқық бұзушының сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде көзделмеген жағдайларда сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту түріндегі құқыққа қарсы әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) сипатталады.
Сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне сәйкес, тапсырыс берушілер мен сатып алуды ұйымдастырушылардың лауазымды адамдары аталған тәртіпте белгіленген жағдайларды қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыруға міндетті.
Аталған талапты бұзу түсіндіріліп отырған баптың 2-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтың аяқталған құрамын құрайды.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-1-бабының 2-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін құқық бұзушыға айыппұл түріндегі жаза қолданылады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-1-бабының 2-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін тапсырыс берушінің лауазымды адамына салынатын айыппұл мөлшері 50 айлық есептік көрсеткішті құрайды, ол тіркелген болып табылады және оны салатын орган өзгерте алмайды.
Түсіндіріліп отырған баптың 3-бөлігі әлеуетті өнім берушіні және (немесе) ол тартатын жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларын) сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына және (немесе) тендерлік құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейді деп танығаны үшін әкімшілік жауаптылықты белгілейді.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-1-бабының 3-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтардың субъектілері, түсіндіріліп отырған баптың 2-ескертпесінде тікелей көрсетілуіне байланысты, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастырушы құрған тендерлік комиссиясының (аукциондық комиссиясының) төрағасы және оның орынбасары, сондай-ақ тендерлік комиссияның (аукциондық комиссияның) мүшелері болып табылады.
Түсіндіріліп отырған баптың 3-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтың объективтік жағы құқық бұзушының әлеуетті өнім берушіні және (немесе) ол тартатын жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларын) сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына және (немесе) тендерлік құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейді деп тану түріндегі құқыққа қарсы әрекеттерімен сипатталады.
Сатып алуды жүзеге асыру тәртібінің талаптарына сәйкес, әлеуетті өнім берушіні және (немесе) ол тартатын жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерін (бірлесіп орындаушысын) сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп тануға жол берілмейді.
Тиісінше, тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының кез келген өзге де негіздер бойынша әлеуетті өнім берушіні және (немесе) ол тартатын жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерін (бірлесіп орындаушысын) біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп тануы түсіндіріліп отырған баптың 3-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтың аяқталған құрамын құрайды.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-1-бабының 3-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін құқық бұзушыға айыппұл түріндегі жаза қолданылады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-1-бабының 3-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін лауазымды адамдарға салынатын айыппұл мөлшері 50 айлық есептік көрсеткішті құрайды, ол тіркелген болып табылады және оны салатын орган өзгерте алмайды.
Түсіндіріліп отырған баптың 4-бөлігі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде оларды біртекті түрлері және жеткізу (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлмегені үшін, сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік жауаптылықты белгілейді.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-1-бабының 4-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтардың субъектілері, түсіндіріліп отырған баптың 2-ескертпесінде тікелей көрсетілуіне байланысты, сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін жүзеге асыруға жауапты сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшылары немесе олардың міндеттерін атқаратын адамдар болып табылады.
Түсіндіріліп отырған баптың 4-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтың объективтік жағы құқық бұзушының тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде оларды біртекті түрлері және жеткізу (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлмеу түріндегі құқыққа қарсы әрекеттерімен сипатталады, сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде көзделген жағдайлар бұған кірмейді.
Сатып алуды жүзеге асыру тәртібінің жалпы талаптарына сәйкес, сатып алу жоспарын жасау кезінде тапсырыс беруші тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері және жеткізу (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.
Осы жалпы қағидадан ерекшеліктерді Сатып алу қағидаларында тікелей көзделген жағдайлар құрайды.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді біртекті түрлері және жеткізу (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлу туралы аталған талапты міндетті тұлғаның бұзуы түсіндіріліп отырған баптың 4-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтың аяқталған құрамын құрайды.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-1-бабының 4-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін құқық бұзушыға айыппұл түріндегі жаза қолданылады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-1-бабының 4-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін лауазымды адамдарға салынатын айыппұл мөлшері 10 айлық есептік көрсеткішті құрайды, ол тіркелген болып табылады және оны салатын орган өзгерте алмайды.
Түсіндіріліп отырған баптың 5-бөлігі сатып алу жөніндегі сараптама комиссиясының немесе сатып алу жөніндегі сарапшының тендерлік комиссияның (аукциондық комиссияның) заңсыз шешім қабылдауына негіз болған көрінеу жалған сараптамалық қорытынды дайындағаны үшін әкімшілік жауаптылықты белгілейді.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-бабының 5-бөлігі бойынша құқық бұзушылық субъектілері, түсіндіріліп отырған нормада тікелей көрсетілуіне байланысты, тендерлік комиссияға (аукциондық комиссияға) арналған сараптамалық қорытындыны дайындайтын сарапшы немесе сараптама комиссиясының мүшелері болып табылады.
Түсіндіріліп отырған баптың 5-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтың объективтік жағы құқық бұзушының тендерлік комиссияның (аукциондық комиссияның) заңсыз шешім қабылдауына негіз болған көрінеу жалған сараптамалық қорытындыны сатып алу жөніндегі сараптама комиссиясының немесе сатып алу жөніндегі сарапшының дайындауы түріндегі құқыққа қарсы әрекеттерімен сипатталады.
Тағайындалған сарапшы немесе сараптама комиссиясы өздерінен сұратылған сараптама нысанасы бойынша тапсырыс берушіге немесе сатып алуды ұйымдастырушыға шынайы сараптамалық қорытынды дайындауға және ұсынуға міндетті.
Сарапшылардың немесе сараптама комиссиясы мүшелерінің шынайы сараптамалық қорытынды дайындау және ұсыну жөніндегі өздеріне жүктелген міндетті орындамауы және оның орнына тендерлік комиссияның (аукциондық комиссияның) заңсыз шешім қабылдауына негіз болған көрінеу жалған сараптамалық қорытынды ұсынуы түсіндіріліп отырған баптың 5-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтың аяқталған құрамын құрайды.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-1-бабының 5-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін құқық бұзушыға айыппұл түріндегі жаза қолданылады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-1-бабының 5-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін салынатын айыппұл мөлшері 50 айлық есептік көрсеткішті құрайды, ол тіркелген болып табылады және оны салатын орган өзгерте алмайды.
Түсіндіріліп отырған баптың 6-бөлігі сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде көзделмеген жағдайларда сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден сатып алуды жүзеге асырғаны үшін әкімшілік жауаптылықты белгілейді.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-1-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтардың субъектілері, түсіндіріліп отырған баптың 2-ескертпесінде тікелей көрсетілуіне байланысты, сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін жүзеге асыруға жауапты сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшылары немесе олардың міндеттерін атқаратын адамдар болып табылады.
Түсіндіріліп отырған баптың 6-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтың объективтік жағы құқық бұзушының сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде көзделмеген жағдайларда сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден сатып алуды жүзеге асыру түріндегі құқыққа қарсы әрекеттерімен сипатталады.
Сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден сатып алу Сатып алу қағидаларында тікелей көзделген жағдайларда жүзеге асырылады. Өзге жағдайларда тапсырыс беруші Сатып алу қағидаларында көрсетілген басқа тәсілдермен сатып алуды жүзеге асыруға міндетті.
Міндетті тұлғаның жоғарыда көрсетілген талаптар мен тыйымдарды бұзуы түсіндіріліп отырған баптың 6-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтың аяқталған құрамын құрайды.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-1-бабының 6-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін құқық бұзушыға айыппұл түріндегі жаза қолданылады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-1-бабының 6-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін лауазымды адамдарға салынатын айыппұл мөлшері 50 айлық есептік көрсеткішті құрайды, ол тіркелген болып табылады және оны салатын орган өзгерте алмайды.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне ғылыми-практикалық түсініктеме (баптар бойынша), авторлар ұжымы:
Бачурин Сергей Николаевич, заң ғылымдарының кандидаты, доцент – 48-тарау (Е.М. Хакимовпен бірлесіп);
Габдуалиев Мереке Трекович, заң ғылымдарының кандидаты – 11, 21, 22, 23-тараулар;
Жусипбекова Айнур Маратовна, заң магистрі – 13-тарау (А.В. Карпекинмен бірлесіп); 33, 39-тараулар (О.Т. Сейтжановпен бірлесіп);
Карпекин Александр Владимирович, заң ғылымдарының кандидаты, доцент – 13-тарау (А.М. Жусипбековамен бірлесіп);
Корнейчук Сергей Васильевич – 2-тарау; 6-тарау (О.Т. Сейтжановпен және Е.М. Хакимовпен бірлесіп); 8-тарау; 25-тарау (Е.М. Хакимовпен бірлесіп); 457–470, 488, 488-1, 491–506-баптар; 28, 30, 52-тараулар;
Корякин Илья Петрович, заң ғылымдарының докторы, профессор – 49-тарау;
Кысыкова Гульнара Бауыржановна, заң ғылымдарының кандидаты – 20-тарау;
Омарова Ботагоз Акимгереевна – 17-тарау; 18-тарау (Б.А. Парманкуловамен бірлесіп); 26, 31-тараулар; 32-тарау (Б.А. Парманкуловамен бірлесіп);
Парманкулова Баян Асханбаевна – 18-тарау (Б.А. Омаровамен бірлесіп); 19-тарау; 32-тарау (Б.А. Омаровамен бірлесіп); 43-тарау (А.С. Тукиевпен бірлесіп);
Подопригора Роман Анатольевич, заң ғылымдарының докторы, профессор – 24-тарау, 489, 489-1, 490-баптар;
Порохов Евгений Викторович, заң ғылымдарының докторы – 14, 15, 16, 29-тараулар, 471–475-баптар;
Сейтжанов Олжас Темиржанович, заң ғылымдарының кандидаты, доцент – 4-тарау; 5-тарау (Е.М. Хакимовпен бірлесіп); 6-тарау (С.В. Корнейчукпен және Е.М. Хакимовпен бірлесіп); 9-тарау; 10-тарау (Б.Е. Шаймерденовпен және В.В. Филинмен бірлесіп); 33-тарау (А.М. Жусипбековамен бірлесіп); 36-тарау (Б.Е. Шаймерденовпен бірлесіп); 39-тарау (А.М. Жусипбековамен бірлесіп);
Смышляев Александр Сергеевич, PhD докторы – 38, 40, 42, 43-1-тараулар (А.С. Тукиевпен бірлесіп); 44-тарау;
Тукиев Аслан Султанович, заң ғылымдарының кандидаты, доцент – 1, 3, 35-тараулар; 38, 40, 42-тараулар (А.С. Смышляевпен бірлесіп); 43-тарау (Б.А. Парманкуловамен бірлесіп); 43-1-тарау (А.С. Смышляевпен бірлесіп); 44-1-тарау (Д.А. Шипппен бірлесіп); 45, 47-тараулар; 46-тарау (Д.А. Шипппен бірлесіп);
Филин Владимир Владимирович, заң ғылымдарының кандидаты, доцент – 10-тарау (О.Т. Сейтжановпен және Б.Е. Шаймерденовпен бірлесіп);
Хакимов Ержан Маратович, заң магистрі – 5-тарау (О.Т. Сейтжановпен бірлесіп); 6-тарау (О.Т. Сейтжановпен және С.В. Корнейчукпен бірлесіп); 7-тарау; 25-тарау (С.В. Корнейчукпен бірлесіп); 34, 41-тараулар; 48-тарау (С.Н. Бачуринмен бірлесіп); 53-тарау;
Шаймерденов Болат Еркенович, заң магистрі – 10-тарау (О.Т. Сейтжановпен және В.В. Филинмен бірлесіп); 12-тарау; 476–487, 507–509-баптар; 36-тарау (О.Т. Сейтжановпен бірлесіп); 37, 50, 51-тараулар;
Шипп Денис Алексеевич – 44-1, 46-тараулар (А.С. Тукиевпен бірлесіп).
Актінің өзгертілген күні: 01.01.2020.
Актінің қабылданған күні: 01.01.2020.
Қабылданған орны: 100050000000.
Актіні қабылдаған орган: 103001000000.
Құқықтық актінің тіркеуші орган берген тіркеу нөмірі: 5.
Актінің мәртебесі: жаңа.
Құқықтық қатынастар саласы: 029000000000 / 028000000000 / 029002000000 / 028004000000 / 029001000000 / 026000000000 / 001000000000 / 001008000000 / 030000000000.
Актінің нысаны: түсініктеме / кодекс.
Заңдық күші: 1900.
Актінің тілі: орыс тілі.
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау