826-4-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағым, наразылық бойынша шешім және оны жария ету Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағымды, наразылықты қарап, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:
1)қаулыны, нұсқаманы өзгеріссіз, ал шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру туралы;
2)қаулыны өзгерту туралы;
3)қаулының, нұсқаманың күшін жою және істі тоқтату туралы;
4)қаулының, нұсқаманың күшін жою және іс бойынша жаңа қаулы шығару туралы.
2. Іс бойынша қаулыға, нұсқамаға шағым, наразылық бойынша шешім ол қабылданғаннан кейін дереу жария етіледі және осы Кодекстің 822-бабына сәйкес жазбаша не электрондық құжат нысанында ресімделген шағым, наразылық бойынша қаулы түрінде шығарылады.
3. Іс бойынша қаулыға, нұсқамаға шағым, наразылық бойынша қаулы ол шығарылғаннан кейін үш тәулікке дейінгі мерзімде өзіне қатысты іс бойынша қаулы шығарылған, нұсқама ресімделген тұлғаға немесе оның өкіліне, шағым берген жағдайда жәбірленушіге, сондай-ақ наразылық келтірген прокурорға табыс етіледі немесе жолданады.
4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағым, наразылық бойынша жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) қаулысына қаулы табыс етілген немесе алынған күннен бастап он тәулік ішінде осы Кодекстің 44-1-тарауында көзделген тәртіппен сотқа шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы