829-5-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағымды, наразылықты қарау мерзiмдерi Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, шағым, наразылық бойынша жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) қаулысына шағым, наразылық iстi қарауға құқылы сот әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы, шағымды, наразылықты және iстiң басқа да материалдарын алған күннен бастап он бес тәулік ішінде қаралады.
2. Өзiне қатысты іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғадан және жәбірленушіден тиісті өтінішхаттар келіп түскен жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс дереу қаралуы мүмкін. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардан өтiнiшхаттар келіп түскен жағдайда не iстiң мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған кезде сот iстi, шағымды, наразылықты қарау мерзiмiн ұзартуы, бiрақ он бес тәуліктен асырмай ұзартуы мүмкiн.
3. Жасалуы әкімшілік қамаққа алуға, Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберуге алып келетін әкiмшiлiк құқық бұзушылық, сондай-ақ төтенше жағдай режимін бұзғаны туралы iс – әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама мен iстiң басқа да материалдары алынған күнi, ал әкiмшiлiк ұстап алуға ұшыраған адамға қатысты оны ұстап алған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешiктiрiлмей қаралады.
Әкімшілік қамаққа алу туралы қаулыға шағым, наразылық, егер жауаптылыққа тартылған адам әкімшілік қамаққа алуды өтеп жатса, шағым немесе наразылық берілген кезден бастап бір тәулік ішінде қаралуға жатады.
4. Сот істі, шағымды, наразылықты қарау мерзімін азаматтық, қылмыстық, әкімшілік сот ісін жүргізуде немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде қаралып жатқан басқа іс шешілгенге дейін оны қарауға мүмкіндік болмаған кезде, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіз болған салықтық және (немесе) кедендік тексеру нәтижелеріне жоғары тұрған органға шағым жасалған немесе өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған тұлғаның шағымын қарайтын органның (лауазымды адамның) шешіміне шағым жасау мерзімі өтіп кеткен жағдайда, істі, шағымды, наразылықты қарау мерзімін тоқтата тұруға міндетті.
Істі, шағымды, наразылықты қарау мерзімі сараптаманың тағайындалуы, күштеп әкелу, сондай-ақ іс бойынша одан әрі іс жүргізуге уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі жағдайларында тоқтатыла тұруы мүмкін.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы