829-2-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым жасау, наразылық білдіру құқығы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Осы Кодекстің 744, 745, 746, 747, 748 және 753-баптарында аталған адамдар әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым жасауы, ал прокурор наразылық білдіруі мүмкін.
2. Соттың әкімшілік жаза қолдану туралы қаулысына жоғары тұрған сотқа шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты берілуі мүмкін.
3. Сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі туралы іс бойынша судья (сот) шығарған қаулыға осы Кодекстің 829-10-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен жоғары тұрған сатыдағы сотқа шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.
4. Орган (лауазымды адам) шығарған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға органның (лауазымды адамның) орналасқан жері бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген сотқа және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты берілуі мүмкін.
5. Осы Кодекстің 744, 745, 746, 747 және 748-баптарында аталған адамдардың жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) алдын ала жүгінуі сотқа шағым беру және соттың оны қарауға және мәні бойынша шешуге қабылдауы үшін міндетті шарт болып табылмайды.
Ескерту. 829-2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы