857-бап. Қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қайтару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Тиісті соттың судьясы, уәкілетті органның лауазымды адамы, егер арызды іс жүргізуге қабылдау туралы мәселені шешу кезінде:
1) арыз осы Кодекстің 855-бабында белгіленген қағидаларды бұза отырып берілгенін;
2) арыз белгіленген мерзім өткеннен кейін берілгенін және мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхаттың болмауын немесе арыз берудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіруден бас тартылғанын;
3) арыздың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптардың сақталмағанын анықтаса, арыз берушіге іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді, қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы берген арызын қайтарып береді.
2. Арызды қайтару туралы ұйғарым шығарылады.
Ұйғарымның көшірмесі арызбен және оған қоса берілетін құжаттармен бірге оның шығарылған күнінен кейінгі келесі күннен кешіктірілмей арыз берушіге жіберіледі.
3. Арызды қайтару туралы ұйғарымға шағым жасалуы, прокурордың өтінішхаты немесе наразылығы бойынша қайта қаралуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы