883-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулының, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың заңды күшiне енуi Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама:
1) егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағым берiлмесе немесе наразылық білдірілмесе, оларға шағым беру үшiн белгiленген мерзiм өткеннен кейiн;
2) шағым, наразылық бойынша қаулы, сондай-ақ осы Кодекстің 839-бабында көзделген жағдайда қаулы шығарылғаннан кейiн дереу;
3) осы Кодекстің 811-бабы екінші бөлігінің бірінші абзацында көзделген жағдайда дереу;
3-1) осы Кодекстің 744 және 745-баптарында көзделген, өзiне қатысты iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның және жәбірленушінің жазбаша өтінішхаты бойынша дереу;
4) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы қаулы жария етілгеннен кейін заңды күшiне енедi.
Ескерту. 883-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы