829-6-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағымды, наразылықты қарауға дайындау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Сот әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi, шағымды, наразылықты қарауға дайындау кезiнде мынадай мәселелердi анықтайды:
1) осы iстi, шағымды, наразылықты қарау өзiнiң құзыретiне жата ма;
2) осы iстi, шағымды, наразылықты соттың қарау мүмкiндiгiн болғызбайтын мән-жайлар бар ма;
3) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама және осы Кодексте көзделген басқа да хаттамалар дұрыс жасалған ба, сондай-ақ iстiң өзге де материалдары дұрыс ресiмделген бе;
4) іс бойынша iс жүргiзудi болғызбайтын мән-жайлар, сондай-ақ адамды әкiмшiлiк жауаптылыққа тартпауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлар бар ма;
5) өтiнiшхаттар, оның ішінде кәмелетке толмаған адамның қатысуымен болған істер бойынша істі кәмелетке толмаған адамның тұрғылықты жеріндегі сотта қарау туралы өтiнiшхаттар және қарсылық білдіру бар ма;
6) өтінішхаттарды шешеді, қосымша материалдарды талап етіп алдырады, қатысуы істі, шағымды, наразылықты қарау үшін қажет деп танылған адамдарды шақыртады; қажет болған кезде сараптама тағайындайды;
7) осы Кодекстiң 744, 745, 746, 747 және 748-баптарында аталған тұлғаларға iсті, шағымды, наразылықты қарау орны мен уақыты туралы хабарланды ма.
2. Осы баптың бірінші бөлігі 1), 3) және 6) тармақшаларының талаптары осы Кодекстің 684-бабының үшінші бөлігіне сәйкес қаралған, сотқа құрметтемеушілік білдіру фактілері туралы істерге қолданылмайды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы