829-16-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті қарау нәтижелері бойынша, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым, наразылық жөніндегі қаулыны жария ету Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті қарау нәтижелері бойынша, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым, наразылық жөніндегі сот қаулысы ол шығарылғаннан кейін дереу жария етіледі.
1-1. Қаулы жария етілгеннен кейін судья оны қабылдаудың құқықтық салдарын, қаулыға шағым жасау тәртібі мен мерзімдерін түсіндіреді және сот отырысын жабық деп жариялайды.
2. Сот қаулысы ол шығарылғаннан кейін үш тәулікке дейінгі мерзімде – өзіне қатысты іс, шағым, наразылық бойынша қаулы шығарылған тұлғаға және шағымды өзі берген немесе оның өтінуі бойынша берілген жағдайда, жәбірленушіге, наразылық келтірген прокурорға табыс етіледі немесе жолданады.
Әкiмшiлiк қамаққа алу туралы қаулы шығарылған жағдайда қаулының көшiрмесi дереу прокурорға жiберiледi.
3. Әкімшілік қамаққа алу туралы іс бойынша қаулыға шағым, наразылық бойынша сот қаулысы қаулыны орындайтын органның (лауазымды адамның), сондай-ақ өзіне қатысты қаулы шығарылған тұлғаның назарына қаулы шығарылған күні жеткізіледі.
4. Атыс қаруын, сондай-ақ оқ-дәрiлердi қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты сенiп берген немесе ұйым уақытша пайдалануға берген тұлғаға қатысты осы Кодекстiң 484 және 485-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулының көшiрмесi тиiстi ұйымға жiберiледi.
5. Сот қаулысына осы Кодекстің 45-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған сотқа шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы