826-5-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының күшін жою немесе өзгерту не айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың күшін жою Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
Қаулының, нұсқаманың күшін жою және істі қысқарту туралы шешім осы Кодекстің 741 және 742-баптарында көзделген мән-жайлар болған кезде, сондай-ақ қаулы шығаруға, нұсқама ресімдеуге негіз болған мән-жайлар дәлелденбеген кезде қабылданады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының күшін жою немесе өзгерту не айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың күшін жою осы Кодекстің 841, 842, 843, 844 және 845-баптарында көрсетілген негіздер бойынша да жүзеге асырылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы