829-3-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым жасау, наразылық білдіру тәртібі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым, наразылық іс бойынша қаулы шығарған, нұсқама ресімдеген органға, лауазымды адамға жіберіледі, ол шағым, наразылық келіп түскен күннен бастап үш тәулік ішінде оларды істің барлық материалдарымен бірге тиісті сотқа жіберуге міндетті.
2. Осы Кодекстің 830-бабының екінші бөлігіне сәйкес сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі туралы іс бойынша қаулыға шағым жасалған, нарызылық білдірілген жағдайларда, сот қаулыға фактіні белгілеу бөлігінде сот отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені қоса береді.
3. Шағым жасау, наразылық енгізу адамның тұрғылықты жері немесе тұрған жері бойынша тікелей оларды қарауға уәкілеттік берілген сотқа жүзеге асырылады
4. Әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қолдану туралы судьяның қаулысына шағым, наразылық шағымды, наразылықты алған күні жоғары тұрған сотқа жіберілуге жатады.
5. Егер шағымды, наразылықты қарау әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым жасалған, наразылық білдірілген соттың құзыретіне жатпаса, шағым, наразылық ведомстволық бағыныстылығы бойынша жіберіледі.
6. Сотқа берілетін шағымда мәліметтер қамтылуға және ол осы Кодекстің 833-бабында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы