Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 111-бап. Жалпы ережелер Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

111-бап. Жалпы ережелер Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

111-бап. Жалпы ережелер Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі 

      1. Құрылтайшылары агенттік орналасқан мемлекеттің азаматтары болып табылатын, аккредиттеу туралы өтініш берген кезде өз мемлекетінің аумағында аталған салада филиалдар немесе өкілдіктер құру жолымен өз қызметін кемінде он жыл жүзеге асыратын бала асырап алу жөніндегі агенттіктер (бұдан әрі – агенттіктер), сондай-ақ құрылтайшылары Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, аккредиттеу туралы өтініш берген кезде жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті кемінде бес жыл жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдар аккредиттеуге жатады. 

      2. Аккредиттеу агенттіктің филиалы және (немесе) өкілдігі есептік тіркелгенге дейін жүргізіледі. 

      3. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының, жергілікті атқарушы органдардың, жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың жұмыскерлері, олардың жұбайларын (зайыптарын) және жақын туыстарын қоса алғанда, сондай-ақ адам өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, халық денсаулығына және имандылыққа, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстары, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдар (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтары негізінде тоқтатылған агенттіктің,) агенттік филиалының және (немесе) өкілдігінің қызметкерлері, сондай-ақ жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымның қызметкерлері бола алмайды. 

      4. Агенттіктерді және жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы бекітеді. 

      5. Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелген агенттіктердің жалпы саны жиырмадан аспауға тиіс. 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы