182-бап. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметтерін көрсетуге ақы төлеу Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі
1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметтерін көрсетуге ақы төлеу мөлшерін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
2. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметтерін көрсеткені үшін ақы төлеуден мыналар босатылады:
1) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркегені және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамаларды бергені үшін – растайтын құжаттарды көрсеткен кезде Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар);
2) туу туралы қайталама куәліктерді бергені үшін – мемлекеттік ұйымдар;
3) баланың тууын мемлекеттік тіркегені және туу туралы куәлікті бергені үшін – жеке тұлғалар;
4) қайтыс болуды мемлекеттік тіркегені және қайтыс болу туралы куәліктерді, қайталама куәліктерді, анықтамаларды және хабарламаларды бергені үшін – жеке тұлғалар;
5) азаматтық хал актілерінің күшін жойғаны үшін – жеке тұлғалар;
6) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу кезінде жіберілген қателерге байланысты азаматтық хал актілерінің жазбалары өзгертілген, толықтырылған, қалпына келтірілген және түзетілген кезде оларға куәліктерді бергені үшін – жеке тұлғалар;
7) әке болуды анықтауға, Қазақстан Республикасы азаматтарының бала асырап алуына байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбаларына өзгерістер, толықтырулар енгізгені және бала асырап алу мен әке болуды анықтауға байланысты туу туралы қайталама куәліктерді бергені үшін – жеке тұлғалар.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы