124-бап. Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және білім беру, медициналық ұйымдардағы және басқа да ұйымдардағы балалардың құқықтары Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі
1. Осы Кодекстің 60-62 және 67-баптарында көзделген құқықтармен қатар, жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және білім беру, медициналық ұйымдардағы және басқа да ұйымдардағы балалардың сондай-ақ:
1) күтіп-бағуға, тәрбиеленуге, білім алуға, жан-жақты дамуға, өздерінің адамгершілік қадыр-қасиеттерінің құрметтелуіне, өз мүдделерінің қамтамасыз етілуіне;
2) өздеріне тиесілі алиментке, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге;
3) тұрғынжайға және өзге де мүлікке меншік құқығын және (немесе) тұрғынжайды және өзге де мүлікті пайдалану құқығын сақтауға;
3-1) тұрғынжайы болмаған жағдайда оны Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес алуға;
4) жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын жұмысқа орналасуда жәрдем көрсетілуіне құқықтары бар.
2. Осы ұйымдар түлектерінің құқықтарын қорғау қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға жүктеледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы