126-бап. Баланың қорғаншысының немесе қамқоршысының құқықтары мен міндеттері Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі
1. Баланың қорғаншысы немесе қамқоршысы қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы баланы тәрбиелеуге, оның денсаулығына, дене бітімі, психикалық, адамгершiлiк және рухани жағынан дамуына қамқорлық жасауға мiндеттi.
Көрсетілген міндеттер сот тәртібімен әрекет қабілеті шектелген кәмелетке толған адамдардың қамқоршыларына жүктелмейді.
Қорғаншы немесе қамқоршы баланың пiкiрi мен қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның ұсынымдарын ескере отырып, сондай-ақ осы Кодекстің 72-бабында көзделген талаптар сақталған жағдайда, қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы баланы тәрбиелеудiң тәсілдерін өз бетінше айқындауға құқылы.
Қорғаншы немесе қамқоршы баланың пiкiрiн ескере отырып, баланың бiлiм алу ұйымын және оқу нысанын таңдауға құқығы бар және баланың міндетті орта бiлiм алуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Қорғаншы немесе қамқоршы қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы баланы өздерiнде заңды негiздерсiз ұстап отырған кез келген адамдардан, оның iшiнде баланың жақын туыстарынан қайтарып алуды сот арқылы талап етуге құқылы.
3. Мұндай араласу баланың мүдделерiне сай келмейтін жағдайларды қоспағанда, қорғаншы немесе қамқоршы баланың өз ата-аналарымен және басқа да жақын туыстарымен араласуына кедергі келтіруге құқылы емес.
4. Қамқорлыққа алынушылар білім беру ұйымында немесе медициналық ұйымда тәрбиеленуде немесе емделуде болған жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмағандардың қорғаншылары немесе қамқоршылары өздерiнің қамқорлығына алғандармен бiрге тұруға мiндеттi. Бұл қамқорлыққа алынушының тәрбиесiне және оның құқықтары мен мүдделерiн қорғауға қолайсыздық туғызбайтын болса, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның рұқсатымен қамқоршының он алты жасқа толған қамқорлыққа алынушыдан бөлек тұруына жол берiледi.
Қорғаншылар немесе қамқоршылар қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға тұрғылықты жерiнiң өзгергенi туралы хабарлауға мiндеттi.
5. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары немесе шетел азаматтары болып табылатын қорғаншылар немесе қамқоршылар кемінде алты айда бір рет қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша баланың денсаулық паспортының көшірмесін және оны тәрбиелеу туралы, оны күтіп-бағуға бөлінген ақшаны жұмсау және оның мүлкін басқару туралы есептерді ұсынуға міндетті.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары немесе шетел азаматтары болып табылатын қорғаншылар немесе қамқоршылар баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындауының бүкіл кезеңі ішінде осы Кодекстің 122-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 5), 6), 7), 10) және 11) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келуге міндетті.
Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мерзімдерде Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын қорғаншыларды немесе қамқоршыларды осы Кодекстің 122-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 5), 6), 7), 10) және 11) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келуін цифрлық жүйелерден немесе цифрлық құжаттар сервисінен құжаттар мен мәліметтер алу арқылы тексереді.
Осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді цифрлық жүйелерден немесе цифрлық құжаттар сервисінен алу мүмкін болмаған кезде Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын қорғаншылар немесе қамқоршылар оларды қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға ұсынуға міндетті.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы