Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 238-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін негіздер Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

238-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін негіздер Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

238-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін негіздер Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі 

      1. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші, белгіленген тәртіппен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға құқығы бар ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуге негіздер болып табылады. 

      2. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеуші органдарда, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерінде мемлекеттік тіркеу кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға өзара келісімі кезінде жүргізіледі. 

      3. Алып тасталды - ҚР 07.07.2020 № 361-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).  

      4. Ерлі-зайыптылардың ортақ кәмелетке толмаған балаларының болуына қарамастан, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша: 

      1) жұбайын хабар-ошарсыз кеткен деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің; 

      2) жұбайын әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің; 

      3) жұбайының қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандығы туралы сот үкімінің;

   4) сот санкциялаған күнінен бастап үш жыл өткен соң қылмыстық қудалау органының халықаралық іздестіру жариялау туралы қаулысының негізінде тіркеуші органдарда, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерінде бұзылады. 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы