154-бап. Тәрбиеленушілердің өздерін іс жүзінде тәрбиелеген адамдарды күтіп-бағу міндеті Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі
1. Кәмелетке толмаған балаларды іс жүзінде тәрбиелеген және күтіп-баққан еңбекке жарамсыз мұқтаж адамдардың, егер олар өздерінің кәмелетке толған еңбекке жарамды балаларынан немесе немерелерінен не жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) күтіп-бағу қаражатын ала алмаса, өздерінің кәмелетке толған еңбекке жарамды тәрбиеленушілерінен сот тәртібімен күтіп-бағу қаражатын беруді талап етуге құқығы бар.
2. Егер іс жүзінде тәрбиелеген адамдар тәрбиеленушілерді бес жылдан аз уақыт күтіп-бақса және тәрбиелесе, сондай-ақ өздерінің тәрбиеленушілерін тиісті түрде күтіп-бақпаса және тәрбиелемесе, сот тәрбиеленушілерді осы адамдарды күтіп-бағу жөніндегі міндеттен босатуға құқылы.
3. Осы баптың 1-тармағында көзделген міндеттер қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы не патронаттағы адамдарға жүктелмейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы