156-бап. Отбасының басқа мүшелерінен сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшері Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі
1. Осы Кодекстің 151-155-баптарында аталған адамдарға алименттің мөлшері мен оны төлеу тәртібі тараптардың келісімімен айқындалуы мүмкін.
2. Тараптардың келісімі болмаған кезде сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшерін сот әрбір жеке жағдайда алимент төлеуші мен алушының материалдық және отбасылық жағдайлары мен тараптардың басқа да назар аударарлық мүдделерін негізге ала отырып, алимент төлеген кезде қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткіштің еселенген қатынасында белгілейді.
3. Егер отбасының алимент талап етуші мүшесін бір мезгілде бірнеше адам күтіп-бағуға міндетті болса, сот олардың материалдық және отбасылық жағдайларына қарай олардың әрқайсысының алимент төлеу жөніндегі міндетін орындауға қатысу мөлшерін айқындайды. Алимент мөлшерін айқындау кезінде сот алимент төлеуге міндетті адамдардың бәріне, олардың біреуіне немесе бірнешеуіне талап-арыз берілгеніне қарамастан, сол адамдардың бәрін ескеруге құқылы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы