Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуда Татуластыру рәсімдері

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуда Татуластыру рәсімдері

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуда Татуластыру рәсімдері

Кодекстің 20-бабына және Нормативтік қаулының 10-тармағына сәйкес соттар ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға келісімі болмаған жағдайда ғана ерлі-зайыптыларды татуластыру шараларын қолданады және ерлі-зайыптыларға алты ай шегінде татуласу мерзімін белгілей отырып, істі талқылауды кейінге қалдырады.

Қорыту көрсеткендей, некені бұзу туралы талап қоюлардың көп бөлігі тараптардың татуласуына байланысты АПК-нің 279-бабының 8) тармақшасының негізінде талап қоюшының өтініші бойынша қараусыз қалдырылды, сондай-ақ соттар тараптар татуласқан жағдайда талап қоюдан бас тартуды қабылдады және іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты.

Алматы қаласы, Наурызбай аудандық сотының 2021 жылғы 27 қыркүйектегі ұйғарымымен ерлі-зайыптылар Ж.А. мен Ж.К.-ға отбасын сақтау мақсатында бір ай мерзім берілді. Осы мерзім өткеннен кейін тараптардың татуласуына байланысты талап қою қараусыз қайтарылды.

Тағы бір мысал: Орал қаласының № 2 соты Д.М.-нің некені бұзу туралы Д.А.-ға қойған талабына қатысты іс бойынша тараптарға татуласуға 1 ай мерзім берді, оның нәтижелері бойынша 2021 жылғы 10 наурызда талапқоюшыдан ерлі-зайыптылардың татуласуына байланысты талап қоюды қараусыз қалдыру туралы арыз келіп түсті.

Алайда, егер сот тағайындаған мерзім өткеннен кейін ерлі-зайыптылар татуласпаса және олардың кем дегенде біреуі некені тоқтатуды талап етсе, соттар Кодекстің талаптарына сәйкес некені бұзады.

Қорыту көрсеткендей, соттар татуласуға мерзім берумен қатар, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеуге шаралар қолданады.АПК-нің 174-бабының 1, 2-бөліктеріне сәйкес сот тараптардыңтатуласуына шаралар қабылдайды, оларға дауды процестің барлық сатысында реттеуде жәрдемдеседі. Тараптар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап не АПКде белгіленген тәртіппен өзге де тәсілдерді пайдалана отырып, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алады.«Медиация туралы» Заңның 1-бабына сәйкес медиация рәсімі азаматтық құқықтық қатынастардан туындайтын дауларға, сондай-ақ, еңбек және отбасылық құқықтық қатынастардан туындайтын дауларға қолданылуы мүмкін.

Мәселен, Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты Х.А.-ның Т.Т.-ға қойған талабына қатысты іс бойынша 2021 жылғы 22 сәуірде некені бұзу туралы шешім қабылдады.

Бұл ретте, сот талқылауы барысында тараптар кәмелетке толмаған екі баланың тұрғылықты жерін анықтау, оларды күтіп-бағу және тәрбиелеу мәселелері бойынша медиативтік келісімге қол жеткізді, осыған байланысты сот медиативтік келісімді осы бөлігінде бекіту туралы ұйғарым шығарды.

Алайда, тараптар іс жүзінде татуласқан кезде медиативтік келісімдерді бекіту орын алады.Бұл ретте, медиативтік келісімдерде мынадай шарттар көрсетілген:«Тараптар бір-біріне тиісті түрде көңіл бөлуге, бір-біріне құрметпен және түсіністікпен қарауға, балаларды тәрбиелеуде моральдық тұрғыдан көмектесуге, отбасында тиісті атмосфераны сақтауға міндеттенеді»,не: «Талап қоюшы талап қоюдан бас тартады, ал жауапкер теріс әрекеттерді тоқтатуға және отбасын сақтауға міндеттенеді».

Медиативтік келісімдерде және сот актілерінде көрсетілген мұндай шарттарды мәжбүрлеп орындату мүмкін емес, өйткені оларда көрсетілген әрекеттер дау тарапының жеке басымен тығыз байланысты, оларды ерікті неке одағында жасауға мәжбүрлеу мүмкін емес және мұндай келісімдер «Медиация туралы» Заңның 27-бабының талаптарына сәйкес келмейді.

Басқа судьялар талап қоюшының талап қоюдан бас тартқанын көрсететін медиациялық келісімдерді бекітеді, медиациялық келісімнің ешқандай шарттарын келтірмейді.

Мұндай жағдайда сот талап қоюдан бас тартуды қабылдап, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуы немесе талап қоюды қайтару туралы арыз беру құқығын түсіндіруі керек еді.

Талап қоюшы талап қоюдан бас тартқан жағдайларда соттар тараптарға тараптардың татуласуына орай некені бұзу туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтатудың салдарын және басқа негіздер бойынша сотқа қайта жүгіну мүмкіндігін түсіндіруі керек. 

Нормативтік қаулының 23-тармағына сәйкес некенi (ерлізайыптылықты) бұзу жөнiндегi шешiм шығарылғаннан кейiн ерлiзайыптылар татуласқан жағдайда және бұл туралы олардың жазбашаарызы болса, сот өз ұйғаруымен шешiмнiң орындалуын, ол заңды күшiне енгенге дейiн тоқтатуға құқылы.

Мұндай жағдайларда соттар шешімнің орындалуын тоқтататыны анықталды.Мысал: Көкшетау қалалық сотының 2021 жылғы 18 наурыздағы шешімімен Б.О.-ның некені бұзу туралы Б.Г.-ға қойған талабы қанағаттандырылды. 2021 жылғы 26 наурызда, яғни шешім заңды күшіне енгенге дейін, екі тараптан да татуласып, некені бұзғысы келмейтіндіктен, шешімді орындауға жібермеу туралы арыз келіп түскен. 

Көкшетау қалалық сотының 2021 жылғы 30 наурыздағы ұйғарымымен жоғарыда көрсетілген сот шешімінің орындалуы тоқтатылды. Неке қию туралы куәліктің түпнұсқасы талап қоюшыға қайтарылды, осылайша неке сақталды деп саналады.Соттар тараптарға Нормативтік қаулының 23-тармағының ережелерін және сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін татуласқан кезде сот шешімініңорындалуын тоқтату туралы арызбен жүгіну мүмкіндігін түсіндіруі керек.

Сот шешімі заңды күшіне енбегендіктен, неке бұзылған деп саналмайды, сондықтан тараптар некені бұзу туралы талаппен сотқа қайта жүгінуге құқылы.

Істерді қарау практикасыНормативтік қаулының 11-тармағына сәйкес, соттар некенi (ерлізайыптылықты) бұзу туралы iстi, әдетте, ерлі-зайыптылардың екеуiнiң қатысуымен қарауға тиiстi. Тараптардың өзара қатынастарын, некенi (ерлізайыптылықты) бұзу туралы мәселенiң себептерін, ерлі-зайыптылардың арасындағы алауыздықтың нағыз себептерiн жан-жақты анықтау қажет.

Алайда, ортақ кәмелетке толмаған балалары бар ерлi-зайыптылардың арасында некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу жөнінде өзара келiсiм болса, ерлізайыптылардың бiр-бiрiне мүліктiк және өзге де талаптары болмаған кезде, сондай-ақ, егер ерлi-зайыптылардың бiреуі некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға арыз берсе, ал екіншісі қарсылығының жоқтығына қарамастан өзiнiң әрекеттерiмен не әрекетсiздiгімен некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзудан жалтарса, сот некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудың себептерін анықтамай-ақ некенi бұзады. Көрсетiлген жағдайларда некенi бұзу екi айға дейiнгі мерзімде жүргізіледі (АПК-нің 183-бабы).

Кодекстің 22-бабының 2-тармағына сәйкес егер ерлі-зайыптылар арасында осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәселелер бойынша келісім болмаған жағдайда, сондай-ақ, осы келісім балалардың немесе ерлізайыптылардың біреуінің мүдделерін бұзатындығы анықталған жағдайда, сот:1) неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейін кәмелетке толмаған балалар ата-аналарының қайсысымен тұратындығын айқындауға;2) ата-аналардың қайсысы және қандай мөлшерде балаларды күтіпбағуға алименттер төлейтінін айқындауға;3) кәмелетке толмаған балалардың және (немесе) ерлі-зайыптылардың өздерінің мүдделерін ескере отырып, ерлі-зайыптылардың талап етуі бойынша олардың бірлескен ортақ меншігіндегі мүлікті бөлуге;4) жұбайынан ақша қаражатын алуға құқығы бар екінші жұбайдың талап етуі бойынша осы қаражат мөлшерін айқындауға;5) ата-ананың баламен қарым-қатынас жасау тәртібін анықтауға міндетті (5-тармақша 2023 жылғы 27 наурыздағы Заңға сәйкес толықтырылды және 2023 жылғы 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді).

Нормативтік қаулының 13-тармағына сәйкес, ерлi-зайыптылар арасында жоғарыдағы мәселелер бойынша келiсiм болмаған жағдайда, сондай-ақ, сотқа ұсынылған келiсiм балалардың мүддесiне қайшы келген жағдайда, сот неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейiн кәмелетке толмаған балалар ата-анасының қайсымен тұратынын, балаларды асырау үшiн атаананың қайсысынан және қандай мөлшерде алимент өндiрiлетiнiн анықтауға мiндеттi. Сондай-ақ, сот балалардан бөлек тұратын ата-ана балаларды тәрбиелеуге қатысуға мiндеттi және олармен араласуға құқықты екенiн, ал екiншi ата-анасы бұған кедергi жасауға құқығы жоқ екенiн түсiндiруi тиiс. 

Бұл туралы сот отырысының хаттамасында жазылады. Сот практикасынан шешім шығарылып, барлық аяқталған істер бойынша соттар некені бұзу туралы талап қоюларды, әдетте, қанағаттандырғаны туындайды. Соттар некені (ерлі-зайыптылықты) зайыбының жүктілігі кезеңінде және бала туғаннан кейінгі бір жыл ішінде оның келісімінсіз бұзуға болмайтынын көздейтін Кодекстің 16-бабының 2-тармағына сәйкес талап қоюдан бас тартты.

Мәселен, Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық сотының 2022 жылғы 19 шілдедегі шешімімен Кодекстің 16-бабының 2-тармағына сілтеме жасай отырып, Е.Е.-нің некені бұзу туралы Д.К.-ға қойған талабын қанағаттандырудан бас тартылды, өйткені ортақ баласының алғашқы өмірінің жылында жұбайының келісімінсіз некені бұзуға болмайды.

Азаматтық істерді зерделеу соттар неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейін кәмелетке толмаған балалардың кіммен бірге тұратыны туралы тараптардың келісімінің немесе алименттер төлеу туралы келісімнің, не сот актісінің болмауына қарамастан, бұл мәселелерді заң талаптарына сәйкес келмейтін әртүрлі себептерді көрсете отырып, әрқашан шеше бермейтінін көрсетті.Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының № 2 сотының 2021 жылғы 29 қарашадағы шешімімен Б.А.-ның некені бұзу туралы Б.М.-ға қойған талабы қанағаттандырылды. Кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жері анасы Б. А.-мен бірге екендігі анықталды.

Кәмелетке толмаған баланы күтіп-бағуға алименттерді өндіріп алу туралы мәселеге шешілмеген. Сот шешімнің уәждеу бөлігінде жауапкер алиментті өз еркімен төлейтінін көрсеткен, бұл оның алимент төлеуге келісімі бар екенін дәлелдейді.

Алайда, Кодекстің 22-бабы 2-тармағының 2) тармақшасын бұза отырып, сот кәмелетке толмаған баланы асырап-бағуға алименттер қандай мөлшерде, қандай тәртіппен және қандай мерзімде кімнен және кімнің пайдасына өндіріп алуға жататыны туралы мәселені шешпеген.

Тағы бір мысал: Жетісу облысы, Талдықорған қалалық сотының 2022 жылғы 10 қарашадағы шешімімен С.М.-нің некені бұзу туралы Ж.М.-ға қойған талабы қанағаттандырылды. Кәмелетке толмаған балалардың тұратын жері анасы С.М.-мен бірге екендігі анықталды. Бір кәмелетке толмаған балаға қатысты әке болу дауланып жатқандықтан, ал талап қоюшы алимент өндіріп алуды сұрамағандықтан, шешімде алименттер өндіріп алу мәселесі шешілмегені көрсетілген.

Соттың бұл шешімі кәмелетке толмаған баланың мүдделерін бұзады.Сот әке болуды даулау туралы арыздың өзі кәмелетке толмаған баланы күтіп-бағуға алименттерді өндіріп алуға кедергі келтірмейтінін ескермеген. Алименттер төлеу жөніндегі міндеттің жоқтығын сот адамның баланың әкесі болып табылмайтыны анықталған сот шешімі болған кезде анықтай алады.

Осы іс бойынша әке болуды даулау туралы талап қою мәлімделмеген.Нормативтік қаулының 13-тармағына сәйкес, егер балаларға алимент өндiру туралы талап қоюды талқылаған кезде, екiншi тарап туу туралы актiдегi баланың әкесi немесе анасы жөнiндегi жазбаға дауласса, онда бұл екi талап, оларды жеке іс жүргізуде қарау үшiн, некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы iстен бөлек шығарылады. 

Судьялар талап қоюдың шегіне сілтеме жасай отырып, Кодекстің 22-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мәселелерді шешпейтін жағдайлар бар.Мысал: Алматы қаласы, Медеу аудандық сотының 2022 жылғы 20 сәуірдегі шешімімен Б.К. мен С.К. арасындағы неке бұзылды. Кәмелетке толмаған баланы күтіп бағуға алимент өндірілген жоқ. Сот талап қоюда тек некені бұзу туралы мәлімделгенін және АПК-нің 225-бабының 2-бөлігіне сәйкес соттың талап қоюдың шегінен шығуға құқылы еместігін көрсеткен.

Жоғарыда айтылғандар судьяның «Сот шешімі туралы» Жоғарғы Соттың 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5 нормативтік қаулысын заңсыз қолданбағанын куәландырады, оның 16-тармағында соттың мәлімделген талаптардың шегінен заңда тікелей көзделген жағдайларда ғана шығуға құқығы бар екені түсіндірілген. Кодекстің 22-бабында сот некені бұзу кезінде кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағу және неке бұзылғаннан кейін олардың тұратын жері мәселелерін шешуге міндетті екендігі көзделген.

Басқа жағдайда, Астана қаласының «Байқоңыр» ауданының соты Э.Д. мен Э.В. арасындағы некені бұзу туралы істі қарап, 2022 жылғы 17 маусымдағы шешімінде 2005 жылғы 5 қаңтарда туған кәмелетке толмаған баланы күтіп-бағуға алимент өндіріп алу мәселесі шешілмегенін, өйткені оның жақында 18 жасқа толатынын көрсеткен.

Практикада некені бұзу туралы талап қоюды қарау барысында ерлізайыптылардың кәмелетке толмаған балалары болған кезде некені бұзу туралы дауды қарайтын сот кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарының қайсысымен бірге тұратынын анықтауға міндетті екендігі көзделген Кодекстің 22-бабының талаптарын бұза отырып, сотқа некені бұзу туралы талап қою түскен кезде судьялар баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы талаптарды бөліп, осындай дауды соттылығы бойынша ювеналды соттың шешуіне берген жағдайлар анықталды.

Баланың тұрғылықты жерін және оны күтіп-бағуды айқындауға байланысты мәселелерді шешудің міндеттілігі туралы талаптарды апелляциялық қарау кезінде де бұзуға жол берілген.Мәселен, Б.А.-ның некені бұзу туралы С.С.-ға талап қоюы бойынша Атырау қалалық сотының 2022 жылғы 25 ақпандағы шешімі апелляциялық тәртіппен қайта қаралды. Бірінші сатыдағы сот некені бұзды, кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жері анасымен бірге екендігі анықталды және жауапкер С.С.-ден талап қоюшы Б.А.-ның пайдасына кәмелетке толмаған баланы күтіп-бағуға алименттер өндірілдіАтырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 2 маусымдағы қаулысымен баланың анасымен бірге тұратын жерін айқындау және алименттер өндіріп алу туралы талап қоюды қанағаттандыру бөлігінде сот шешімінің күші жойылды. Кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жері әкесі С.С.-мен бірге екендігі анықталды.

Бұл ретте, апелляциялық сатыдағы сот кәмелетке толмаған баланы күтіп-бағуға алименттерді өндіріп алу туралы мәселені шешпей, баланың әкесі алимент өндіріп алуды сұрамайтынын көрсеткен.

Тағы бір мысал: Алматы облысы, Іле аудандық сотының 2022 жылғы 10 наурыздағы шешімімен Д.С.-ның А.М.-ға некені бұзу туралы талап қоюықанағаттандырылды. Кәмелетке толмаған балалар анасымен бірге тұруға қалдырылады. Талап қоюшы Д.С.-дан кәмелетке толмаған балаларды асырауға алименттер өндірілді. Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 2 маусымдағы қаулысымен шешім өзгертілді. Д.С.-дан алименттер өндіріп алу бөлігінде күші жойылды. Апелляциялық сатыдағы сот өз қаулысында тараптар алименттер өндіріп алу туралы талап қоюды мәлімдемегендіктен, олар балаларды күтіп-бағуы туралы мәселені ерікті түрде шешкендіктен, талап қоюшыға кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алименттерді төлеу жөніндегі міндеттерді жүктеу негізсіз болып табылатындығын уәждеп келтірген.

Басқа іс бойынша Алматы облысы, Іле аудандық сотының 2022 жылғы 28 ақпандағы шешімімен Д.М.-нің некені бұзу туралы А.Е.-ге талап қоюықанағаттандырылған. Кәмелетке толмаған бала әкесімен бірге тұруға қалдырылады. Талап қоюшы Д.М.-нан кәмелетке толмаған баланы күтіпбағуға алименттер өндірілді.

Алматы облыстық соты алқасының 2022 жылғы 04 мамырдағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгертілді. Д.М.-нан алименттер өндіріп алу бөлігінде алименттер өндіріп алу туралы талап қою мәлімделмегендіктен және баласы бірге тұруға қалдырылған жауапкер қызын күтіп-бағуға алименттен бас тартқандығына байланысты күші жойылды.

Ал «Соттардың балаларды тәрбиелеуге байланысты дауларды шешу кезiнде заңнаманы қолдануы туралы» Жоғарғы Соттың 2018 жылғы 29 қарашадағы № 15 нормативтік қаулысының 14-тармағына сәйкес талап қоюшының баланы күтіп-бағу үшін алименттер өндіріп алудан бас тартуы заңға қайшы келеді және баланың құқықтарын бұзады.Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қалалық сотының 2021 жылғы 8 шілдедегі шешімімен М.Е.-нің М.О.-ға қойған некені бұзу туралы талапқоюы қанағаттандырылды. Сот алименттер өндіріп алу және балалардың тұрғылықты жері туралы мәселелерді шешпеген.Апелляциялық шағымда жауапкер соттың Кодекстің 22-бабының талаптарын бұзғанын көрсеткен. Алайда, Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 14 қазандағы қаулысымен жауапкердің дәлелдері негізсіз деп танылған және шешім өзгеріссіз қалдырылған. 

Жергілікті соттардың талдауларында, егер ата-аналардың әрқайсысының қолында балалар қалатын жағдайда, кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алименттер өндіріп алу туралы мәселелер көрсетілген.

Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық сотының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы шешімімен К.А.-ның Ж.Б.-ға некені бұзу туралы талап қоюы қанағаттандырылды. Тараптар алименттерөндіріп алу туралы талап қоюды мәлімдемеген. Сот кәмелетке толмаған екі баланың әкесімен, ал бір баланың анасымен бірге тұратынын анықтап, Ж.Б.-дан К.А.-ның пайдасына екі баланы күтіп-бағуға оның табысының 1/3 бөлігі мөлшерінде, ал К.А.-дан Ж.Б.-ның пайдасына бір кәмелетке толмаған баланы күтіп-бағуға оның табысының 1/4 бөлігі мөлшерінде алименттер өндіріп алды.

Бұл жерде Кодекстің 141-бабының 4-тармағына сәйкес, егер атааналардың әрқайсысының қолында балалар қалатын болса, алименттің мөлшері оның біреуінен аз қамтылған екіншісінің пайдасына тұрақты ақша сомасында белгіленеді. Бұл жағдайда алиментті тұрақты ақша сомасында өндіріп алу туралы мәселені шешу қажет болғандықтан, онда, егер ата-аналардың әрқайсысының қолында балалар қалатын болса, аз қамтылған жұбайы тиісті дәлелдемелерді ұсына отырып, сотқа талап қоюмен жүгінуге құқылы екенін тараптарға түсіндіру қажет.

Егер некені бұзу туралы талап қою тараптарының ешқайсысы алимент өндіріп алу туралы талапты мәлімдемеген жағдайда, соттар алименттер өндіріп алу мерзімін бастау туралы мәселені шешуде әр түрлі көзқарасты ұстанады.

Кейбір соттар Кодекстің алимент сотқа өтініш жасалған кезден бастап тағайындалатыны туралы 164-бабының ережелерін негізге ала отырып, некені бұзу туралы талап қоюмен сотқа жүгінген күннен бастап өндіріп алады, ал басқалары сот шешімі шығарылған күннен бастап өндіріп алу мерзімінің басталуын белгілейді.Мысал: Ақтөбе қаласының № 3 сотының 2022 жылғы 15 наурыздағы шешімімен Ш.К.-ның Ш.А.-ға некені бұзу туралы талап қоюықанағаттандырылды.

Ш.А.-дан Ш.К.-ның пайдасына кәмелетке толмаған екі баланы асырап-бағуға алименттер сотқа талап қою түскен сәттен, яғни, 2022 жылғы 7 ақпаннан бастап өндірілді.Тағы бір мысал: Атырау қалалық сотының 2022 жылғы 7 маусымдағы шешімімен Т.А.-ның Т.У.-ға некені бұзу туралы талап қоюықанағаттандырылды. Сот Т.У.-дан Т.А.-ның пайдасына кәмелетке толмаған баланы күтіп-бағуға алименттерді өндіріп ала отырып, некені бұзу туралы талап қою кезінде және істі қарау барысында талап қоюшы алименттерөндіріп алу туралы талапты мәлімдемегендіктен, алименттерді өндіріп алу мерзімі 2022 жылғы 7 маусымнан, яғни, некені бұзу туралы шешім шығарылған күннен бастап есептелуі керек екенін көрсеткен.

Осылайша, соттарда алименттерді өндіріп алу туралы талаптар болмаған кезде кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алименттердіөндіріп алу мерзімінің басталуын есептеу мәселесі қиындық тудыртады, өйткені заң шығарушы талап қоюды берген сәттен бастап алименттердіөндіріп алуды көздейді, ал көрсетілген істер бойынша тараптар мұндай талаптарды мәлімдемеген.

Кодекстің 164-бабының 2-тармағына сәйкес алимент сотқа өтініш жасалған кезден бастап тағайындалады. Егер сот сотқа жүгінгенге дейін күтіп-бағуға қаражат алу шаралары қолданылғанын, бірақ алименттер оны төлеуге міндетті адамның оларды төлеуден жалтаруы салдарынан алынбағанын анықтаса, өткен кезеңдегі алименттер сотқа жүгінген кезден бастап үш жылдық мерзім шегінде өндіріп алынуы мүмкін.«Соттардың алименттерді өндіріп алу жөніндегі істерді қараған кезде заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 6 нормативтік қаулысының 33-тармағына сәйкес алименттер алу мақсатында қабылданған шаралар туралы, атап айтқанда, талап қоюшының жауапкерге алименттер төлеу туралы талап қоюмен не алименттер төлеу туралы келісім жасасу туралы ұсыныспен (мысалы, телеграмма, хабарламасы бар тапсырыс хаттар жіберу арқылы не электрондық пошта арқылы) өтініш жасауы, кәмелетке толмаған балаға алименттер өндіріп алу туралы сот бұйрығын беру туралы арызбен жүгінуі (егер кейін сот бұйрығының күші жойылған болса) куәландыра алады.

Өз кезегінде жауапкерге талап қоюшының алименттерді төлеуден жалтаруы туралы дәлелдемелерін жоққа шығаратын және олардың көрсетілген кезеңде алименттерді төлегенін растайтын дәлелдемелерді ұсыну міндеті жүктелген.Қолданыстағы заңнаманы біркелкі және дұрыс қолдану мақсатында осы мәселені Нормативтік қаулыда түсіндіру қажет.Қорыту кейбір істер бойынша соттар АПК-нің 243-бабының 1) тармақшасын бұза отырып, шешімнің қарар бөлігінде алименттерді өндіріп алу бөлігінде сот шешімінің дереу орындалуы туралы көрсетпейтінін де көрсетті.

Бұдан басқа, соттар неке бұзылғаннан кейін тегін беру туралы жұбайының (зайыбының) ұстанымдарын анықтамайды, ал шешімде Кодекстің 22-бабының 1-бөлігіне сәйкес неке бұзылғаннан кейін ерлізайыптылардың тегін көрсетпейді.

Кейіннен соттардың бұл мән-жайды анықтамауы АХАТ органдарында тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу қажеттігіне байланысты әуре-сарсаңға және қосымша шығындарға әкеп соқтырады.

Ал, Кодекстің 257-бабының 4) тармағына сәйкес тегінің ауыстырылуын мемлекеттік тіркеуді он алты жасқа толған және егер неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған кезде бұл туралы мәлімделмесе, некеге дейiнгi тегiн алуға тілек білдірген адамның жеке арызы бойынша тіркеуші органдар жүргізеді.Практикада сот актілерінің осы бөлікте түзетілген жағдайлар болды.Мәселен, Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 1 сәуірдегі қаулысымен Х.Н.-ның Х.Р.-ға некені бұзу туралы талап қоюы бойынша Қарағанды облысы, Балқаш қалалық сотының шешімі талап қоюшы Х.Н.-ге қыз кезіндегі тегі – Г. беру бөлігінде күші жойылды.

Шешімді өзгерте отырып, апелляциялық сатыдағы сот талап қоюшы соттан оған некеге дейінгі тегін беруді сұрамағанын көрсеткен. Кодекстің 31-бабының 3-тармағына сәйкес неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған жағдайда ерлi-зайыптылар неке қию (ерлі-зайыпты болу) кезінде таңдаған тектерін сақтауға немесе өздерiнiң некеге дейiнгi тектерін қалпына келтiруге құқылы.

Назар аударыңыз!

       «Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық кеңесті, құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

         Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

Құжатты жүктеп алу

13-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты өзгерту және бұзу Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңы

13-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты өзгерту және бұзуТұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңы 1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа...

Толық оқу »

Некені бұзуға байланысты даулар

Некені бұзуға байланысты дауларП.сотқа Л. – ға некені бұзу және мүліктегі үлесті анықтау туралы талап арызбен жүгінді, бұл Л. - мен неке кезінде Қарағанды қаласы, Қазыбек би а...

Толық оқу »

Кредит беру туралы шартты бұзу және ортақ түрде несие берешекті өндіру туралы

Кредит беру туралы шартты бұзу және ортақ түрде несие берешекті өндіру туралыТалап қоюшы «Е» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы (бұдан әрі – Корпорация) жауапкерлер «Н-2020»...

Толық оқу »

56-бап. Еңбек шартын жұмыскердің бастамасы бойынша бұзу тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

56-бап. Еңбек шартын жұмыскердің бастамасы бойынша бұзу тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыс...

Толық оқу »

38-бап. Көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын бұзу негіздері және тәртібі Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Заңы

38-бап. Көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын бұзу негіздері және тәртібіМіндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Заңы      1. Денсаулық сақтау субъектілерінің кө...

Толық оқу »

Шарт жасау, өзгерту, бұзу және шарттарының міндеттемелерін орындауға байланысты даулар

Шарт жасау, өзгерту, бұзу және шарттарының міндеттемелерін орындауға байланысты даулар Азаматтардың, мемлекеттің және ұйымдардың бұзылған немесе дауланып отырған құқықтарын, б...

Толық оқу »

33-5-бап. Ғылыми құқықтық сарапшымен шартты бұзу негіздері Құқықтық актілер туралы Заңы

33-5-бап. Ғылыми құқықтық сарапшымен шартты бұзу негіздеріҚұқықтық актілер туралы Заңы      1. Ғылыми құқықтық сарапшымен шартты бұзуға мыналар негіз болып табылады:      1) ғ...

Толық оқу »

Некені бұзу туралы даулар бойынша істерді қарау кезінде қолдануға жататын негізгі нормативтік құқықтық актілер

Некені бұзу туралы даулар бойынша істерді қарау кезінде қолдануға жататын негізгі нормативтік құқықтық актілер1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;2) Қазақстан Республик...

Толық оқу »

403-бап. Шартты бұзу және өзгерту салдары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

403-бап. Шартты бұзу және өзгерту салдары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Шартты бұзу кезiнде тараптардың мiндеттемелерi тоқтатылады. 2. Шарт өзгертiлген кезде...

Толық оқу »

Сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелерімен еңбек шартын бұзу туралы дауларды жоғары тұрған кәсіподақ органының дәлелді пікірінсіз қарау

Сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелерімен еңбек шартын бұзу туралы дауларды жоғары тұрған кәсіподақ органының дәлелді пікірінсіз қарау"Кәсіптік одақтар туралы" ҚР Заңының...

Толық оқу »

Еңбек шартын бұзу туралы дауларды қарау яғни жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуі

Еңбек шартын бұзу туралы дауларды қарау яғни жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің...

Толық оқу »

Келісімді (мәмілені) жасау, өзгерту, бұзу және сақтандыру келісімі бойынша келісім міндеттемелерін орындаумен, соның ішінде сақтандыру төлемақысын өндірумен байланысты даулар

Келісімді (мәмілені) жасау, өзгерту, бұзу және сақтандыру келісімі бойынша келісім міндеттемелерін орындаумен, соның ішінде сақтандыру төлемақысын өндірумен байланысты даулар...

Толық оқу »

Еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты, бұрынғы лауазымын қалпына келтірудіе, жалақысын өндіріп алуды және моральдық зиянды өтеуді даулауға байланысты еңбек даулары бойынша Соттылық

Еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты, бұрынғы лауазымын қалпына келтірудіе, жалақысын өндіріп алуды және моральдық зиянды өтеуді даулауға байланысты еңбек даулары бойынша Соттылы...

Толық оқу »

Еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша және жұмыскердің бастамасы бойынша бұзу тәртібі

Еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша және жұмыскердің бастамасы бойынша бұзу тәртібіЕңбек шартын тараптардың келісімі бойынша (Еңбек кодексінің 50-бабы) және жұмыскердің...

Толық оқу »

Егер шартты бұзу немесе өзгерту үшін оны Тараптардың бірінің елеулі түрде бұзуы негіз болса, екінші тарап шартты бұзу немесе өзгерту салдарынан келтірілген залалдардың орнын толтыруды талап етуге құқылы.

Егер шартты бұзу немесе өзгерту үшін оны Тараптардың бірінің елеулі түрде бұзуы негіз болса, екінші тарап шартты бұзу немесе өзгерту салдарынан келтірілген залалдардың орнын т...

Толық оқу »

Сынақ мерзімінен өтпеген қызметкермен еңбек шартын бұзу туралы еңбек дауларын қарау

Сынақ мерзімінен өтпеген қызметкермен еңбек шартын бұзу туралы еңбек дауларын қарауЕңбек шартын жасасу кезінде қызметкердің тапсырылатын жұмысқа біліктілігінің сәйкестігін тек...

Толық оқу »

Құрылысқа үлестік қатысу шарттарын жасау, оны орындау, өзгерту және бұзуға байланысты даулар

Құрылысқа үлестік қатысу шарттарын жасау, оны орындау, өзгерту және бұзуға байланысты даулар Тұрғын үй салуға үлестік қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есе...

Толық оқу »

500-бап. Кәсiпорынды сату шартына мәмiлелердiң жарамсыздық салдары туралы және шартты бұзу мен өзгерту туралы ережелердi қолдану Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

500-бап. Кәсiпорынды сату шартына мәмiлелердiң жарамсыздық салдары туралы және шартты бұзу мен өзгерту туралы ережелердi қолдану Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Ос...

Толық оқу »

402-бап. Шартты өзгерту және бұзу тәртiбi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

402-бап. Шартты өзгерту және бұзу тәртiбi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Шартты өзгерту және бұзу тәртiбi туралы келiсiм, егер заңдардан, шарттан немесе iскерл...

Толық оқу »

Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу негіздері (Еңбек кодексінің 52-бабы).

Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу негіздеріЖұмыскерлер санын немесе штатын қысқарту негізінде еңбек шартын бұзу (Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 2) тар...

Толық оқу »

23-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзған жағдайда оның тоқтатылу кезі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

23-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзған жағдайда оның тоқтатылу кезі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі      1. Тіркеуші органдарда...

Толық оқу »

Қызметкерлердің жекелеген санаттарымен еңбек шартын бұзу немесе тоқтату ерекшеліктері

Қызметкерлердің жекелеген санаттарымен еңбек шартын бұзу немесе тоқтату ерекшеліктеріЕңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 23) тармақшасында көзделген негіз бойынша еңбек шарт...

Толық оқу »

52-бап. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу негіздері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

52-бап. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу негіздері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Жұмыскермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша...

Толық оқу »

59-бап. Еңбек шартын жұмыскердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуына немесе оның лауазымға тағайындалуына байланысты бұзу тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

59-бап. Еңбек шартын жұмыскердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуына немесе оның лауазымға тағайындалуына байланысты бұзу тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі  ...

Толық оқу »

Еңбек тәртібін бұзғаны үшін, бірақ еңбек заңнамасында белгіленген тәртіпті сақтамай еңбек шартын бұзу туралы еңбек дауларын қарау

Еңбек тәртібін бұзғаны үшін, бірақ еңбек заңнамасында белгіленген тәртіпті сақтамай еңбек шартын бұзу туралы еңбек дауларын қарауТәртіптік жазаларды қолдану тәртібі ТК-нің 65-...

Толық оқу »

20-бап. Ерлі-зайыптылардың біреуінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға келісімі болмаған кезде некені (ерлі-зайыптылықты) сот тәртібімен бұзу Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

20-бап. Ерлі-зайыптылардың біреуінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға келісімі болмаған кезде некені (ерлі-зайыптылықты) сот тәртібімен бұзу Неке (ерлі-зайыптылық) және отбас...

Толық оқу »

112-бап. Сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану және бұзу Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

112-бап. Сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану және бұзуМемлекеттік мүлік туралы Заңы      1. Жекешелендiру объектiсiн сатып алу-сату шартын соттың жарамсыз деп тануына:    ...

Толық оқу »

612-бап. Шартты мерзiмiнен бұрын бұзу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

612-бап. Шартты мерзiмiнен бұрын бұзу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Несие берушi тегiн пайдалану шартын мерзiмiнен бұрын бұзуды несие алушы: 1) мүлiктi шартқа...

Толық оқу »

53-бап. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

53-бап. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Егер еңбек, ұжымдық шарттарда хабардар етудің неғұрлым ұзақ...

Толық оқу »

18-бап. Шарттың жобасына, жасалған шартқа өзгерістер енгізу, сондай-ақ шартты бұзу жөніндегі негіздер Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы

18-бап. Шарттың жобасына, жасалған шартқа өзгерістер енгізу, сондай-ақ шартты бұзу жөніндегі негіздер Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы 1. Өнiм берушiнi таңдауға негiз болған...

Толық оқу »

Келісімшарт әскери қызметшінің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, әскери қызметті өткеру туралы келісімшартта көзделген біржолғы ақшалай сыйақыны өндіріп алу туралы

Келісімшарт әскери қызметшінің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, әскери қызметті өткеру туралы келісімшартта көзделген біржолғы ақшалай сыйақыны өндіріп ал...

Толық оқу »

401-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің шартын өзгерту және бұзу негіздері

401-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің шартын өзгерту және бұзу негіздері Шарттың өзгеруі деп Шарттың мазмұнын құрайтын оның бір немесе бірнеше шар...

Толық оқу »

Жұмыскермен, жұмыс берушінің бастамасы бойынша оның жұмыста алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық болған жағдайда еңбек шартын бұзу негіздері

Жұмыскермен, жұмыс берушінің бастамасы бойынша оның жұмыста алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық болған жағдайда еңбек шартын бұзу негіздеріЖұмыскермен...

Толық оқу »

295-1-бап. Арнайы инвестициялық келiсiмшартты жасасу және бұзу Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

295-1-бап. Арнайы инвестициялық келiсiмшартты жасасу және бұзу Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі - Алынып тасталд Қазақстан Республикасының Заңымен 2025жылғы18шiлд...

Толық оқу »

112-8-бап. Бітімгершілік келісімді бекіту туралы сот ұйғарымының күші жойылғаннан немесе бітімгершілік келісім бұзылғаннан кейін банкроттық рәсімін қолдану Оңалту және банкроттық туралы Заңы

112-8-бап. Бітімгершілік келісімді бекіту туралы сот ұйғарымының күші жойылғаннан немесе бітімгершілік келісім бұзылғаннан кейін банкроттық рәсімін қолдануОңалту және банкротт...

Толық оқу »

112-9-бап. Бітімгершілік келісімді бекіту туралы сот ұйғарымының күшін жоюдың немесе бітімгершілік келісімді бұзудың салдарлары Оңалту және банкроттық туралы Заңы

112-9-бап. Бітімгершілік келісімді бекіту туралы сот ұйғарымының күшін жоюдың немесе бітімгершілік келісімді бұзудың салдарларыОңалту және банкроттық туралы Заңы      1. Бітім...

Толық оқу »

159-бап. Алимент төлеу туралы келісімді жасау, орындау, өзгерту, бұзу және жарамсыз деп тану тәртібі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

159-бап. Алимент төлеу туралы келісімді жасау, орындау, өзгерту, бұзу және жарамсыз деп тану тәртібі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодекс...

Толық оқу »

22-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы шешім шығару кезінде сот шешетін мәселелер Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

22-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы шешім шығару кезінде сот шешетін мәселелер Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі    1. Нек...

Толық оқу »

401-бап. Шартты өзгерту және бұзу негiздерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

401-бап. Шартты өзгерту және бұзу негiздерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Егер осы Кодексте, басқа да заң құжаттары мен шартта өзгеше көзделмесе, шарт тарапта...

Толық оқу »

477-бап. Шарт бұзылған жағдайда залалды есептеу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

477-бап. Шарт бұзылған жағдайда залалды есептеу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Егер сатушының мiндеттеменi бұзуы салдарынан шарт бұзылғаннан кейiн сатып алушы...

Толық оқу »

50-бап. Еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша бұзу тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

50-бап. Еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша бұзу тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Еңбек шарты тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.      2....

Толық оқу »

Бөлшек сатып алу-сату шартын бұзу және төленген соманы қайтару туралы

Бөлшек сатып алу-сату шартын бұзу және төленген соманы қайтару туралыСоттылық.Бөлшек сатып алу-сату шартын бұзу және төленген соманы қайтару туралы талап сатушы-ұйымның орнала...

Толық оқу »

49-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын өзгерту, бұзу, тоқтату  Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы Заңы

 49-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын өзгерту, бұзу, тоқтату Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы Заңы      1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты мемлекеттік...

Толық оқу »

295-бап. Инвестициялық келiсiмшартты бұзу жағдайлары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

295-бап. Инвестициялық келiсiмшартты бұзу жағдайлары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      1. Инвестициялық преференциялардың қолданылуы инвестициялық келiсiмшарт...

Толық оқу »

Кепіл шартын бұзу және кепіл сомасын екі есе мөлшерде өндіріп алу туралы шешімге апелляциялық шағымға кері қайтарып алу

Кепіл шартын бұзу және кепіл сомасын екі есе мөлшерде өндіріп алу туралы шешімге апелляциялық шағымға кері қайтарып алуАлматы қаласы бойынша апелляциялық сот алқасынаАлматы қ....

Толық оқу »

Некені бұзу туралы талап арыз

Некені бұзу туралы талап арызНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екендігіне және әрдайым нақты жағдайдың талаптарына сәйкес...

Толық оқу »

245-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасының мазмұны Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

245-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасының мазмұны Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі      Некені (ерлі-зайыптылық...

Толық оқу »

Еңбек Кодексінің 52-б. 3) т. негізінде еңбек шартын бұзу туралы дауларды қарау (жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеген).

Еңбек Кодексінің 52-б. 3) т. негізінде еңбек шартын бұзу туралы дауларды қарау (жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар...

Толық оқу »

27-бап. Өнімді тасымалдау жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған шарттың орындалуын біржақты тәртіппен тоқтата тұру және оны біржақты тәртіппен бұзу негіздері Магистральдық құбыр туралы Заңы

27-бап. Өнімді тасымалдау жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған шарттың орындалуын біржақты тәртіппен тоқтата тұру және оны біржақты тәртіппен бұзу негіздеріМагистральдық құб...

Толық оқу »

Еңбек даулары - еңбек шартын жарамсыз деп бұзу, директордың орынбасары лауазымына қайта қабылдау туралы

Еңбек даулары - еңбек шартын жарамсыз деп бұзу, директордың орынбасары лауазымына қайта қабылдау туралыБ. "В" АҚ-ға 2019 жылғы 25 қыркүйектегі еңбек шартын бұзу туралы бұйрықт...

Толық оқу »

Еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша немесе жұмыскердің бастамасы бойынша бұзу тәртібі

Еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша немесе жұмыскердің бастамасы бойынша бұзу тәртібіЕңбек шартын тараптардың келісімі бойынша (Еңбек кодексінің 50-бабы) және жұмыскерді...

Толық оқу »

238-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін негіздер Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

238-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін негіздер Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі      1. Некені (ерлі-за...

Толық оқу »

35-бап. Шартты бұзу немесе өзгерту не мәмілені жарамсыз деп тану кезінде мүлікті қайтарған жағдайларда мемлекеттік мүлікке құқықтың туындауы Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

  35-бап. Шартты бұзу немесе өзгерту не мәмілені жарамсыз деп тану кезінде мүлікті қайтарған жағдайларда мемлекеттік мүлікке құқықтың туындауыМемлекеттік мүлік туралы Заңы    ...

Толық оқу »

403-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің шартын бұзу және өзгерту салдары

403-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің шартын бұзу және өзгерту салдары Шартты бұзу мен өзгертудің салдары әртүрлі: егер шартты бұзу кезінде Тарапт...

Толық оқу »

Шартты (мәмілені) жасасуға, өзгертуге, бұзуға және қарыз шарты бойынша шарттық міндеттемелерді орындауға байланысты талап-арыздар

Шартты (мәмілені) жасасуға, өзгертуге, бұзуға және қарыз шарты бойынша шарттық міндеттемелерді орындауға байланысты талап-арыздарСоттылықЕгер банктік қарыз шартында төрелік Ес...

Толық оқу »

Соттардың некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы iстердi қараған кезде заңнаманы қолдануы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2000 жылғы 28 сәуір N 5 нормативтік қаулысы.

Соттардың некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы iстердi қараған кезде заңнаманы қолдануы туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2000 жылғы 28 сәуір N 5 нормативтік қаул...

Толық оқу »

Телнұсқаны беру туралы Адвокаттық сұрау салудың үлгісі некені бұзу туралы куәлік

Телнұсқаны беру туралы Адвокаттық сұрау салудың үлгісі некені бұзу туралы куәлікНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екендігі...

Толық оқу »

191-бап. Әкесі қайтыс болғаннан кейін немесе неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейін не неке жарамсыз деп танылғаннан кейін туған баланың тууын мемлекеттік тіркеу Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

191-бап. Әкесі қайтыс болғаннан кейін немесе неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейін не неке жарамсыз деп танылғаннан кейін туған баланың тууын мемлекеттік тіркеу Неке (ерлі-...

Толық оқу »

240-бап. Ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу  туралы бірлескен өтініші бойынша некені  (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу мерзімдері Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

240-бап. Ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы бірлескен өтініші бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу мерзімдері Неке (ерлі-зайыпты...

Толық оқу »

243-бап. Ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзғаннан кейін тектерін сақтауы немесе өзгертуі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

243-бап. Ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзғаннан кейін тектерін сақтауы немесе өзгертуі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының код...

Толық оқу »

148-бап. Бұрынғы жұбайдың неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейін алимент алуға құқығы Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

148-бап. Бұрынғы жұбайдың неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейін алимент алуға құқығы Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі      1. Али...

Толық оқу »

Кепіл шартын бұзу және соманы өндіріп алу туралы талап қою бойынша қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы өтініш

Кепіл шартын бұзу және соманы өндіріп алу туралы талап қою бойынша қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы өтінішАлматы қаласы Түрксіб аудандық сотынаАлматы қ., 050000, Спарт...

Толық оқу »

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сотта Істі қарау мерзімдерінің сақталуы

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сотта Істі қарау мерзімдерінің сақталуыКодекстің 19-бабының 3, 4-тармақтарына сәйкес ерлі-зайыптылар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу тур...

Толық оқу »

244-бап. Шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некені (ерлі-зайыптылықты)бұзуды мемлекеттік тіркеу Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

244-бап. Шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некені (ерлі-зайыптылықты)бұзуды мемлекеттік тіркеу Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасыны...

Толық оқу »

45-бап. Неке шартын жасасу, өзгерту және бұзу кезіндегі кредит берушілердің құқықтарына кепілдік Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

45-бап. Неке шартын жасасу, өзгерту және бұзу кезіндегі кредит берушілердің құқықтарына кепілдік Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі   ...

Толық оқу »

Шартты өзгерту және бұзу тараптардың келісімі бойынша мүмкін болады және шарт оны орындаудан біржақты бас тартқан жағдайда өзгертілген немесе бұзылған болып есептеледі

Шартты өзгерту және бұзу тараптардың келісімі бойынша мүмкін болады және шарт оны орындаудан біржақты бас тартқан жағдайда өзгертілген немесе бұзылған болып есептеледіС.2011 ж...

Толық оқу »