180-бап. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеудің қағидалары мен тәртібі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі
1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеудің қағидалары, сондай-ақ некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың денсаулық жағдайы мен отбасылық жағдайы туралы бір-бірін өзара хабардар етуі, олардың болашақ ерлі-зайыптылар және ата-аналар ретіндегі құқықтары мен міндеттерін түсіндіру тәртібі осы Кодекске сәйкес белгіленеді.
2. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, оларға өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу, азаматтық хал актілерінің күшін жою және қалпына келтіру тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі әзірлейді және бекітеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы