Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 134-бап. Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарт Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

134-бап. Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарт Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

134-бап. Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарт Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі 

1. Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарт баланы күтіп-бағу, тәрбиелеу және білім беру жағдайларын, патронат тәрбиешілердің құқықтары мен міндеттерін, патронат тәрбиешілерге қатысты қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның міндеттерін, сондай-ақ мұндай шарттың тоқтатылу негіздері мен салдарларын көздеуге тиіс.

      Бала патронат тәрбиешіге көрсетілген шартта көзделген мерзімге тәрбиелеуге беріледі.

      Патронаттық тәрбиелеуге берілген әрбір балаға жеке шарт жасалады.

      Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарттың мерзімі аяқталған жағдайда, оның отбасында болу мерзімін ұзарту жаңа шарттың негізінде жүргізіледі.

      2. Патронат тәрбиешілердің еңбегіне ақы және оларға ақшалай төлем төлеу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.

      3. Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарт:

      1) дәлелді себептері (науқастануы, отбасылық немесе материалдық жағдайының өзгеруі, баламен өзара түсіністіктің болмауы, балалар арасындағы жанжалдар және басқалар) болған кезде патронат тәрбиешілердің бастамасы бойынша;

      2) баланы күтіп-бағу, тәрбиелеу және білім беру үшін қолайсыз жағдайлар туындаған кезде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның бастамасы бойынша;

      3) қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органмен келісу бойынша бала ата-аналарына, өзге де заңды өкілдеріне қайтарылған немесе бала асырап алынған жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.

 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы