118-1-бап. Республикалық деректер банкін қалыптастыруға және пайдалануға қойылатын талаптар Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі
1. Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың орналасқан жері бойынша аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдары және Қазақстан Республикасының баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы республикалық деректер банкін қалыптастырады.
2. Республикалық деректер банкінде қамтылатын мәліметтер мемлекеттік электрондық цифрлық ресурстар болып табылады.
Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдары және Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы мемлекеттік электрондық цифрлық ресурстарды қорғау жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы