57-бап. Суррогат ана болу шарты тараптарының құқықтары мен міндеттері Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі
1. Суррогат ана болу шартын жасасу кезінде некеде тұратын (ерлі-зайыпты) Қазақстан Республикасының азаматтары, ерлі-зайыптылар (тапсырыс берушілер):
1) суррогат ананың медициналық зерттеп-қараудан өтуімен байланысты материалдық шығыстарды көтеруге;
2) қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологиялар қолданылуына байланысты материалдық шығыстарды көтеруге;
3) қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолданатын медициналық ұйымға тән саулығы, психикалық денсаулығы туралы медициналық қорытындыны, сондай-ақ медициналық-генетикалық зерттеп-қараудың нәтижелерін ұсынуға;
4) суррогат ананың жүктілігі, босануы кезеңінде және босанғаннан кейін елу алты күн ішінде медициналық қызмет көрсету бойынша шығыстарды төлеуге, ал жүктілікпен және босанумен байланысты асқыну болған жағдайда, жетпіс күн ішінде шығыстарды төлеуге міндетті.
2. Суррогат ана болу шартын жасасу кезінде суррогат ана 56-баптың талаптарына сәйкес:
1) тапсырыс берушілерге өзінің тән саулығы, психикалық және репродуктивтік денсаулығы туралы медициналық қорытындыны ұсынуға;
2) дәрігердің үнемі бақылауында болуға және оның ұсынымдары мен тағайындаған емдерін қатаң сақтауға;
3) өзімен шарт жасасқан адамдарды суррогат ана болу шартында ескерілген кезеңділігімен жүктіліктің барысы туралы хабардар етуге;
4) туған баланы өзімен суррогат ана болу шартын жасасқан адамдарға беруге міндетті.
3. Суррогат ана баланы өзге адамдарға беруге құқылы емес.
4. Суррогат ананың тұрақты жұмысы болған кезде еңбек қызметін жалғастыру мәселесі суррогат ана болу шарты тараптарының өзара келісімі бойынша шешіледі.
5. Суррогат ана репродуктивтік әдістер мен технологиялар қолданылғаннан кейін суррогат ана болу шартында көзделген жүктілік үшін жауаптылықта болады және табиғи жүкті болу мүмкіндігін болғызбауға міндетті.
6. Көп құрсақ көтеріп жүкті болу туралы мәселе суррогат ана болу шарты тараптарының өзара келісімі бойынша шешіледі.
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 14 шiлдедегi № 350-VIII ҚРЗ
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау